
- •Бірінші сабақ Қазақстан экономикасы
- •Қазақстан Республикасының елтаңбасы
- •Қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері
- •Екінші сабақ Қазақстан Республикасының Әнұраны
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
- •Қазақ тіліндегі жалғаулар жүйесі
- •Үшінші сабақ Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
- •Экономика кафедрасы
- •Төртінші сабақ Экономика деген не?
- •«Экономика байлыққа баратын жолды көрсетеді»!
- •Ең үлкен байлық
- •Экономиканың негізгі сұрақтары
- •Ғылым таппай мақтанба
- •Жетінші сабақ Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы
- •7.2. Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
- •Сегізінші сабақ Есептік жүйенің даму тарихы
- •Есептік жүйенің қалыптасу кезеңдері
- •8.4. Төмендегі шағын мәтіннен Лука Пачолидің еңбегінің маңызы туралы айтылған сөйлемді тауып, диаграммаға орналастырыңыздар.
- •Тоғызыншы сабақ Ақшаның пайда болуы
- •Оныншы сабақ Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері
- •Он бірінші сабақ Қажеттілік
- •Шалдың мұрагері кім?
- •Он екінші сабақ Менеджмент
- •Ақыл мен ырыс
- •Он үшінші сабақ Сұраным мен ұсыныс
- •Он төртінші сабақ Баға және баға белгілеу
- •Он бесінші сабақ Нобель сыйлығы
- •4 Тапсырма.
- •Компьютердің атасы кім?
- •Өтіріктің залалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
рмк «қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті»
«ЖалПы білім беретін пәндер» кафедрасы
«қазақ, орыс және шетел тілдері» секцияСЫ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
оқу-әдістемелік құралы
теміртау, 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
рмк «қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті»
«ЖалПы білім беретін пәндер» кафедрасы
«қазақ, орыс және шетел тілдері» секцияСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Оқу ісі жөніндегі проректор
Лежнев С.Н._______________
«___» ______________2013 ж.
Қазақ тілі пәнінің
кредиттік оқу жүйесі бойынша күндізгі бөлімде
экономика мамандықтарында оқитын
студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы
теміртау-2012
КЕЛІСІЛГЕН
ЭФ деканы
___________________Жабалова Г.Г.
«____»_____________ 2013 ж.
Дайындаған: ҚОжШТ Кафедра мәжілісінде қаралды
секциясының аға оқытушысы Хаттама №_________
Абдикарим Н. ___________
«____» ____________ 2013 ж.
«ЖбП» кафедрасының меңгерушісі
Гуменчук О.Н. _______________
Кредиттік оқу жүйесі бойынша жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде экономика мамандықтарында оқитын студенттерге арналған қазақ тілі пәнінің оқу-әдістемелік құралы.
Абдикарим Н. – Теміртау, 95 бет
Аңдатпа
Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал кредиттік оқу стандарттарына сәйкес әзірленген. Студенттердің сөздік қорын кәсіби терминдермен, түсініктемелермен толықтыру, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіру мақсатында экономика саласына байланысты мәтіндермен жұмыс жасау көзделген. Грамматикалық тақырыптар бойынша сөйлемді ұйымдастыруда ерекше қызмет атқаратын етістіктер жүйесіне баса назар аударылып, тілге лингвистикалық, дискурсивтік тұрғыдан машықтандыратын түрлі жаттығулар мен тапсырмалар топтастырылған. Бұл тіл үйренушілердің ойын жүйелі түрде жеткізіп, қазақша кәсіби тілінің дамуына көмектеседі. Сондай-ақ, студенттердің танымдық көкжиегін кеңейтіп, коммуникативтік және лингвомәдени құзыретін қалыптастыруға бағытталған әдеби мәтіндер мен өлеңдер де енгізілді. Оқу-әдістемелік құралының соңында меңгерген білімдерін тексеруге арналған тапсырмалар берілген.
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің Ғылыми кеңесі басылымға кепілдеме береді.
© Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
© Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті
© Абдикарим Н.
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе |
5 |
1 сабақ |
Қазақстан экономикасы. Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Қазақ тілінің негізгі ерекшеліктері. |
7 |
2 сабақ |
Қазақстан Республикасының әнұраны. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Қазақ тіліндегі жалғаулар жүйесі. |
12 |
3 сабақ |
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті. Экономика кафедрасы. Етістік. Салт және сабақты етістік. |
18 |
4 сабақ |
Экономика деген не? Күрделі етістіктер. Құранды етістіктер. |
23 |
5 сабақ |
Экономиканың негізгі сұрақтары Етістіктің болымсыз формасы. |
27 |
6 сабақ |
Уақыт. Етіс формалары. |
31 |
7 сабақ |
Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстан экономикасы. Етістіктің шақтары. Осы шақ. |
37 |
8 сабақ |
Есептік жүйенің даму тарихы. Келер шақ. |
42 |
9 сабақ |
Ақшаның пайда болуы. Өткен шақ |
46 |
10 сабақ |
Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері. Етістіктің райлары. Бұйрық рай. Шартты рай. |
52 |
11 сабақ |
Қажеттілік. Қалау рай. |
58 |
12 сабақ |
Менеджмент. Тұйық етістік. |
64 |
13 сабақ |
Сұраным мен ұсыныс Есімше. |
68 |
14 сабақ |
Баға және баға белгілеу қызметі. Көсемше. |
75 |
15 сабақ |
Нобель сыйлығы. -дағы, -дегі, -тағы, -тегі жұрнақтары. |
81 |
|
Қорытынды сабақ тапсырмалары |
85 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер |
95 |
КІРІСПЕ
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. 1989 жылы қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берген Тілдер туралы заң қабылданды. 1990 жылдан бастап қазақ тілі заңды түрде мемлекеттік тіл деп есептеледі. Бұл мәселе 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған ҚР жаңа Конституциясымен бекітілді. ҚР тіл саясатында: «мемлекеттік тілдің беделін, оны білу әрбір азаматтың өмірлік қажетіне айналатындай, қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі болатындай деңгейге көтеру керек» екендігі көрсетілген.
Қазір дүние жүзінде 6000-нан астам тіл бар. Дегенмен тілдердің саны жөнінде тілтанушылар арасында бірізділік жоқ екендігін (2500-6000) айтқан жөн; мұндай қайшылықтардың болуы көп жағдайда тілдердің толық зерттелмеуінен, олрадың жеке тіл немесе диалект екендігі анықталмауына байланысты болып отыр. Тіл білімінде мұндай даулы мәселелер бола тұра, тілдерді топтастыру мәселесі біршама шешілген деуге болады. Олардың ең негізгілері: ареалдық (жағрафиялық), генетикалық, типологиялық және функционалдық.
Қазақ тілі ноғай және қарақалпақ тілдерімен бірге түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Түркі тілдері таралу аймағы және аталмыш тілдерде сөйлейтін халықтарының саны жағынан Еуразияда славян тілдерінен кейін екінші орынды иеленеді. Түркі тілдері Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия және Түркіменстан атты 6 егеменді елдің; Башқұртстан, Татарстан, Чувашия, Қарақалпақстан, Нахичеван АА, Дагестан, Тува, Саха тәрізді 8 автономиялық республиканың; Гагауз, Адыгей, Қарашай-Черкес, Хакасия және Таулы Алтай – 5 автономиялық облыстың 18 әдеби тілі болып табылады. Сөздік қорындағы көптеген сәйкестіктер мен фонетикалық және грамматикалық құрылымының ұқсастықтары Шығыс Еуропа мен Кавказдан Таяу шығыс пен Орта Азия және Сібірге дейін тараған түркі тілдерінде сөйлеушілердің өзара еш қиындықсыз бірін-бірі түсінісе беруіне қолайлы жағдай туғызады. Осыған байланысты қазақ тілін білу тек қана тіл үйренушілердің билингвалдық мәдениетін жоғарылатып қоймайды, бүкіл түркі дүниесімен танысуға мүкіндік беретіндігін айтқан жөн.
Казахский язык является государственным языком Республики Казахстан. В 1989 году был принят Закон о языках, где казахский язык приобрел статус государственного языка РК. С 1990 года казахский язык законно считается государственным языком Республики Казахстан. Это положение подтверждено новой Конституцией РК, принятой 28 января 1993 года. Языковая политика в Республике Казахстан определяет задачи языкового строительство следующим образом: престиж государственного языка нужно поднять на такой уровень, чтобы овладение им стало жизненной потербностью каждого гражданина, составной частью казахстанского патриотизма.
На земле сейчас насчитывается около 6000 языков. Следует заметить, что самое количество языков и народов языковедами называется разное (с 2500 до 6000); трудность определения количество языков связана с тем, что во многих случаях из-за недостаточной изученности неясно, что это – самостоятельный язык или же диалект какого-либо языка. Несмотря на такие трудности в языкознании существеут ряд классификаций языков, основными из них являются четыре: ареальная (географическая), генеалогическая, типологическая и функциональная.
Казахский язык вместе с ногайским и каракалпакским относится к кыпчакской группе тюркских языков. Тюркские языки по территории распространения и чиселнности населения, говорящего на них, занимают в Евразии второе место после славянских языков. Это 18 литературных языков, обслуживающих 6 суверенных государств – Казахстан, Кыргызстан, Азербайджан, Узбекистан, Турцию и Туркмению; 8 автономных республик – Башкортостан, Татарстан, Чувашию, Каракалпакию, Нахичеванскую АО, Дагестан, Туву, Якутию; а также 5 автономных областей – Гагаузскую, Адыгейскую, Карачаево-Черкесскую, Хакасскую, Горно-Алтайскую. Слабо различающийся по языкам словарный состав, близкие по своему характеру фонетические соответствия по языкам и общий грамматический строй позволяют почти всем носителям тюркских языков понимать друг друга на всей территории их распространения от Восточной Европы и Кавказа до Средней и Центральной Азии и Сибири. В этой связи важно подчеркнуть, что знание казахского языка не только расширит общую билингвальную культуру, но и позволит приобщиться ко всему тюркскому миру.
Бірінші сабақ Қазақстан экономикасы
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық, металлургия, химия, машина жасау, құрылыс өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш, титан, магний, химиялық талшықтар, минералдық тыңайтқыштар, металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш машиналар, тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi.
Қазақстан әлемдiк экономика нарығына мұнай, газ, қара және түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарады. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан экономикасының жетекшi секторы болып табылады. Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың мол қоры бар. Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-ші орында.
Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң 11%-ын (пайыз) түстi металлургия; 2,3%-ын мыс өндiру; 7%-ға жуығын қара металлургия құрайды. Қазақстан темiр кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында. Елде өндiрiлетiн темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа шығарылады.
Қаламыздағы «Миттал Стил Теміртау» АҚ еліміздің шойыны мен қара металдарының 100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi.
Жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.
өнеркәсіп – промышленность құрылыс – строительство кәсіпорын – предприятие шойын – чугун болат – сталь қорғасын – свинец мыс – медь мырыш – цинк талшық – волокно тыңайтқыш – удобрение жону – стругать, переработать ұсталық – кузнечный сығымдағыш – прессовая |
нарық – рынок сирек – редко кездесу – встретиться өнім – продукция кен қазу – горная выработка жетекші – ведущий болып табылады – является көмір-сутегі – угеловодороды шикізат – сырье қор – фонд, запас, резерв барлау – разведка, разведывать құрау – составлять |
Мәтінді оқып, аударыңыздар және әңгімелеп беріңіздер.
Асты сызылған сөздерді сұрақпен алмастырыңыздар, көшіріп жазыңыздар.
Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары жұмыс істейді.
Республика кәсiпорындары шойын, кокс, болат өндіреді.
Қазақстан жерінде пайдалы қазбалар бар.
Қазақстан әлемдiк экономика нарығына мұнай, газ, қара және түстi, сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн шығарады.
Кен қазу өнеркәсiбi жетекшi сектор болып табылады.
Қазақстан бай болғандықтан дүние жүзілік нарық үшін пайдалы.
Қазақстанда көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар.
Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-ші орында.
Қара металлургия жалпы өнімнің 7 пайызын құрайды.
«Миттал Стил Теміртау» АҚ шойын мен дайын қара металдар қақтамасының 100%-ын өндiредi.