Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

99.«Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері»

Мемлекеттік несие көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталады. Сол себептен оның өндірістік сипаты бар. Экономикада айрықша орын алатын Халықаралық мемлекеттік несие – Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бүгінде халықаралық несие сферасында қаржылық қызмет етіп келе жатқан валюта-кредит ұйымдары бар. Олар елдердің экономикалық дамуына, оларға техникалық көмек көрсетуі мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының шетелдерден алған валюта қаражаттарын тиімді және ұтымды пайдалана білуі үшін керекті алғышарттарды айтуға болады.

Халықаралық несиенің шарттарына мыналар ықпал етеді: несиелік ресурстарды пайдалану бағыттары; несиелік қатынастар субьектілерінің сипаты, яғни несие берушілер мен қарыз алушылар; несиелік нарықтардың интернационалдану дәрежесі және олардың ұлттық несиелік бақылауға ұшырағыштығы. Дегенмен негізгі көрсеткішке: “баға”, есеп айырысу мерзімі және валютасы жатады. Несиенің “бағасына” несиеге сатылатын тауарлар бағасында жасырын түрде болатын пайыз мөлшерлемесі, комиссиондық және басқа да бір мезгілдік ақылар, сыйақылар кі-реді. “Бағаның” негізгі компоненті бұл пайыз мөлшерле-месі. Пайыз мөлшерлемесінің құрылысы мен қозғалысы халықаралық қарыздық капиталдар нарығының дамуының негізгі зандылықтарын көрсетеді. Дүниежүзілік шаруашы-лық коньюнктураларының өзгерісін піұғыл түрде ескере отырып, несие үшін пайыз ішкі және сыртқы нарық ағымындағы жағдайларды тез арада бағалауға және оның алдағы уақыттарда дамуына қорытынды жасауға мүмкіндік жасайды. Орташа пайда нормасына қарағанда дүниежүзілік несие-лік нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы үнемі өзгеріп отырады. Халықаралық несие нарығының жекелеген сфераларын-дағы қарыздық капитал қозғалысының заңдылықтары пайызға ықпал етеді. Несиенің мерзімі мен сипатына қарай, пайызға “өзгермелі” бағам режимі жағдайындағы валюта-лық ресурстардың өзгерісі де әсер етеді. Осының барлығы халықаралық несиенің әр түрлі формалары мен түрлеріне байланысты пайыз мөлшерлемесіңің күрделі және ауқымды жүйесін жасайды. Пайыз мөлшерлемесінің бірнеше процестермен анықталатын икемділігі күшейеді. Қарыз-дық пайыздың өзінше қозғалысы халықаралық несие нарықтарында анық байқалады. Қысқа мерзімді займдар бойынша пайыз мөлшерлемесі өзінің икемділігіне қарай ажыратылады. Олардың икемділігі ұзақ мерзімді және орта мерзімді мөлшерлемелерге қарағанда біршама есепті бейнеленген. Өрлеу барысында пайыз мөлшерлемелерінің жалпы артуы байқалса, ал қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мөлшерлемелер арасындағы алшақтық азаяды. Дағдарыс жағдайында қысқа мерзімді мөлшер-лемелер ұзақ мерзімдіден асып түседі, ол әрине, өтімді ресурстарға деген сұраныстың бірден өсуімен байланысты больш келеді. Қысқа мерзімді пайыз мөлшерлемелерінің біршама икем-ділігі, қысқа мерзімді капиталдар ағымының қозғалысының ерекше сипатымен, түсіндіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]