Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
642.05 Кб
Скачать

98.«Қр сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бағыттары»

 Мемлекеттер арасында сауда пайда болған сәттен бастап мемлекеттің сыртқы экономикасын реттеу мәселесі де алға қойылды. Сыртқы экономикалық қатынастар мәселесі дүниежүзілік саясаткерлер мен экономистердің, халықаралық ұйымдардың, жалпы азаматтық қоғам арасында тек зерттеу объектісі ғана емес, елдің экономикасын басқарудың тәжірибелік әдістерінің негізгі меселелерінің бірі ретінде қарастырылып келді.

Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметі (СЭҚ) сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық, сон-дай-ақ шетелдермен валюта-кредит және қаржылық қатынастар бағыттарының нысандары мен әдістерінің жиынтығымен сипатталады. СЭҚ субъектілеріне арнайы мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдар, кәсіпорындар, өндіріс пен қызмет көрсету салалары, биржалар, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қызмет көрсететін және оның дамуына жәрдем көрсететін ұйымдар (банктер, сауда-өнеркәсіптік палаталар және т.б.) жатады.

Республикадағы сыртқы қызметті реттеуде тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуде және сыртқы істер мемлекеттік органдары мен мекемелердің тәжірибелік қызметінде қолданылуы мүмкін. Орындалған зерттеуде ұсынылған сыртқы экономикалық қызметті реттеудің деңгейін бағалау әдістемесі осы мәселе бойынша қолданыста бар ғылыми – әдістемелік әзірлемелерді кеңейтеді және толықтырады, белгілі болған сыртқы экономикалық қызметтің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін басым бағыттар аймақ деңгейінде жасалатын сыртқы экономиканы реттеу мен инвестицияларды тарту жөніндегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға негіз болады.

Сыртқы экономикалық қызметтің мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, экспорттық және импорттық тауарлар мен шет елдік инвестициялар ағымы болып табылады.Квоталау, лщензиялау, валюталъщ реттеу, сондай-ақ салықтар, баждар және т.б. СЭҚ-ті реттеу құралдары болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі – мемлекеттің сыртқы саясатының айырылмас бөлігі.

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  1. сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

  2. салық салу;

  3. инвестициялау;

  4. сыртқы қарыз алу;

  5. сырткы берешек;

  6. экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кірістіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортгы лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі нарықты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ сыртқы экономикалық қызметке (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға және басқаларға) мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]