Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

97. «Қр қаржы нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары»

Қаржы нарығы — өте күрделі жүйе, онда ақша және басқа қаржы активтері нақты тауарлар айналымнан тәуелсіз жеке дербес айналымда.Бұл нарық әр түрлі қаржы құралдарын пайдаланады, онда арнайы қаржы институттар қызмет көрсетеді, инфрақұрылымы әр түрлі және тармақталған. Қазақстандық экономикалық әдебиетте қаржы нарығы әр нысандағы ақша капиталы мен құнды қағаздардың қозғалысымен байланысты экономикалық қатынастар ретінде көрінеді. Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі.Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді.Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.Қаржы секторын реттеу мен қадағалаудың 2007-2011 жылдарға арналған негiзгi мiндеттерi қаржы секторын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру мынадай мемлекеттiк органдарға бекiтiлген: оларға заңнамалық бекiтiп берiлген функциялар мен өкiлеттiктер шеңберiнде Yкiмет, ҚҚА, Ұлттық Банк және Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi агенттiк.       Осы мемлекеттiк органдардың жұмысы мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: -қызметкерлердiң кәсiбилiгiн арттыруға және қаржы секторы институттарының мониторинг сапасын арттыру үшiн мүмкiндiктер құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiн институционалдық нығайту; -тәуекелдердi бағалау негiзiнде (risk based supervision) қадағалау әдiстерiн енгiзу жолымен қаржы ұйымдарын пруденциалдық реттеу және қадағалау жүйесiн жетiлдiру; -мүмкiн реттеушi тәуекелдердi талдау және олардың қаржы жүйесiне әсер етуiн азайту;

- шоғырландырылған қадағалауды жетiлдiру; -қаржы ұйымдарының тәуекелдердi басқарудың iшкi жүйелерiн дербес және тәуелсiз сыртқы бағалауын жүргiзу үшiн жағдайлар қалыптастыру; - акционерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]