Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

92.Эссе:Мемлекеттік несиелеудің қр несие нарығының дамуындағы ролі

Мемлекеттік бюджет тапшылығы –оны жабуға бос қаржы ресурстарын тарту қажеттілігін туғызады. Бұл ресурстарын мемлекет ішінде және халықаралық қаржы институттарында шоғырланады. Қаржы тартудың басты тәсілі –мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие –бос ақша қаражаттарын мемлкеттің билік органдардың қарамағына жұмылдыру және оны мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында мемлекет пен заңды және жеке тұлға арасындағы қатынас болып табылады.

Мемлекет мынадай рөлдер атқара алады:

  1. Несие беруші

  2. Қарыз алушы

  3. Кепіл болушы

Мемлекеттік несиенің несиелерден айырмашылығы:

  1. Өндірістік және өндірістік емес қажеттіліктер үшін шоғырландырылады.

  2. Төлем және сатып алу қаражаттары шоғырландырылады

  3. Бюджет кірістері есебінен қайтарылады-салық түсімдері есебінен

  4. Капитал қолдану саласын тарылтады

Мемлекеттік несие ресурстарын мыналар үшін пайдаланылады:

  1. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

  2. Ұлттық және аралас кәсіпорындарға күрделі қаржы салымдарын қаржыландыру

  3. Жергілікті билік органдарының шаруашылық қаржыландыру

  4. Елдің ақша айналымын реттеу

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді. Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады. Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек.

93.Эссе: «Мемлекеттік несиелеудің әлемдік тәжірибесі: артықшылықтары және кемшіліктері»

Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады: 1.Осы ұйым мүшелерін несиелеу;

2.Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;

3.Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда ғана беріледі;

4.Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;

5.Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып, жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.

Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі. Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]