Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

83. Эссе: «қр Ұлттық қоры: қалыптастыру және пайдалану ерекшелігі».

Ұлттық қор- Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері. Қазақстанда Ұлттық қор институты өз тұрғысында тұрақтандырушы макроэконо­ми­калық құрал, сондай-ақ өткен және ықти­мал фискалдық қатерлерге жауап ретіндегі дағдарысқа қарсы шараларды қаржылан­дыру көзі болып табыла отырып, фискал­дық саясатта, бюджетті қалыптастыруда және оны бірқалыпты деңгейде ұстауда не­гізгі рөл ойнайды. Ұлттық қор 2000 жылы бюджет пен экономиканы мұнай бағасының тұрақсыздығынан және елдің мұнай игілігі­нің бір бөлігін қаржылық игіліктің әртарап­тандыру қоржыны етіп қайта құру құралын жасау мақсатында құрылған болатын. Егемен әл-ауқат қорын құруда әр елде өзіне тән әртүрлі себептер бар.  Жалпы, егемен әл-ауқат қоры – бұл бюджет профициті, шикізатты экспорттаудан, жекешелендіру­ден түсетін кірістер есебінен қалыптасты­ры­латын қаржы активтерін сақтау және бас­қару үшін құрылатын инвестициялық қорлар. Тұрақтандыру қорларының кірістері негізінен табиғи ресурстардың ағымдағы бағасына тәуелді болады және мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының өзгермелілігін білдіртпеу, пайдалы қазба­ларды өндіру жүріп жатқан аумақтардағы мемлекеттік шығыстарды қосымша қар­жыландыру үшін құрылады. Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік егемен қорларды озық басқару негізін құ­райтын құқықтық негіз, бюджеттік үдеріске бірігу, ақпаратты ашу қағидаттарын қоса алғанда, иелік ету және басқару, сондай-ақ есеп беру сияқты төрт элементті бөліп қарауға болады. Ұлттық қор пайдалы қазбалардан түскен кірістерді тиімді пайдалану мақсатында  посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып құрылды. Мұнай қорын құру идеясы шикізат бағасының құбылмалылығын ескере отырып, келешекке резервтер жасау қажеттілігінен туындаған болатын.  Ұлттық қорға 2011 жылы 3 488 млрд. теңгеге жуық қаржы түсті. Бюджет шығыстарының көлемін ішкі жалпы өнімнің шамамен  20% деңгейінде ұстап тұрудың сәті түсті және осы деңгей мұнайдың бағасы өзгерген және мұнай кірістері артқан кезде де сақталып қалды.Ұлттық қор «қауіпсіздік кепілі» функ­ция­сын қаржы дағдарысы тереңдеген және 2008 жылдың аяғында экономика құлды­рауы басталған кезде айқын көрсетті. Дағда­рысқа қарсы шаралар пакетін қаржы­ландыру үшін Ұлттық қордың 1 480 млрд. теңге мөлшерінде қосымша қаражаты тар­тылған болатын. Осы шаралардың іске асырылуы банктік, құрылыс, агроөнеркәсіптік секторларда ахуалды тұрақтандырып, ре­цессияға жол бермеуге мүмкіндік жасады. Ұлттық қор қаража­тын қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қор активтерін жинақтау жөніндегі нақты мақсатқа қол жеткізуге және 2020 жылы оларды 90 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізуге бағытталған, бұл ішкі жалпы өнімнің кемінде 30%-ын құрауы тиіс.

  1. «Қр Ұлттық қоры: қалыптасуы және бюджет жүйесін дамытудағы ролі»

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюнктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Жалпы мемлекеттік бюджеттегі қорды дамыту, салық несие жүйесін дамыту болып табылмақ. Мемлекеттегі салық жүйесін реттеу, бұл бюджеттік қорының дұрыс қалыптасуын реттейді. Елдегі бюджеттің 95% салықтан, ал қалған бөлігі түсімдер, алымдар мен баждан құралады. Бюджет жүйесін дамыту, елдің халықтың әл ауқаттылығын дамытумен қатар экономиканың дұрыс жұмыс жасауында болмақ. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туын тіккеннен бергі уақытта өткен күрделі әлеуметтік – экономикалық реформалар елдің экономикалық дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие -ақша және қаржы шаруашылығы; ақша-несие жүйесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында бізде бұрын-сонды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түйінді түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүенің қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополиаланған мемлекет тік банктердің құрылым дардың әкімшілік-әміршілік басқа ру жүйесінен пайда табуға, коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негіз делген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда. 

  1. Эссе: «ҚР қаржы жүйесі қызмет етуінің құқықтық қамтамасыз етілуі: мәселелері және жетілдіру бағыттары»

ҚР қаржы жүйесі әлуметтік экономикалық әл ауқаттылықты жақсарту барысында жүргізілетін органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесі өз жұмысын дұрыс жобалы жүргізу үшін ұзақ мерзімге стратегия мен қысқа мерзімді тактикасын қолданады. Қаржы жүйесін жетілдіру, ол стратегияны жүзеге асырумен белгілі бір экономикалық дамуды жүргізу болып табылады. Ал сол стратегияны жүзеге асыру мақсатында қаржы жүйесінде қысқа мержімді жоспар яғни тактика орын алады. Яғни стратегияны жүзеге асырудағы тактика болмақ. Бұл стратегия мен тактика арқылы қаржы жүйесінің жоғарғы буындағы белгілі бір мақсатымызға жетуімізге негізгі себептердің бір бөлігі болып табылмақ. Қаржы жүйесінде банктік жүйе де орын алады. Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс пен айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты, осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқара отырып, өндірістің жалпы тиімділігін мәнді жоғарлатады, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол береді. Бүгін, тауарлық және қаржылық нарықтардың дамуы жағдайында банктік жүйенің құрылымы бірден қиындай түседі. Қазіргі кезде жаңа қаржылық бөлімшелердің түрлері, жаңа несиелік құралдар мен клиенттерге қызмет ету әдістері пайда болды. 

Жаңа нарықты құру – біздің қоғамымыздың дамуындағы толық қанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабыдданған несиелік бөлімшелердің қызмет етуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырды нарықтық қаржылық құрылымдарға сүйене отырып мүмкін болады. Сондықтанда шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, ақша, ресурстар, несиелеу мен есеп айырысулардың тәсілдері мен формаларын қолдану мәні өте маңызды болып табылады. 

Соңғы он жылдағы біздің мемлекетіміздің дамуы тәуелсіздік алу, елдің экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі, жаңа мемлекеттік құрылымның біртіндеп дамуы мен нығаюы, экономиканың әлеуметтік және экономикалық сфераларындағы жүргізіліп жатқан реформалаы сияқты негізгі оқиғалармен мінезделеді. Осы кезде қаржылық сферадағы радикалды қайта құруды ерекше атап көрсетуге болады. Әсіресе экономиканың банктік секторындағы. Бантік жүйе неғұрлым икемді және экономиканың индикаторлық ролін атқаратын сектор болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]