
- •Қаржы ұғымы, оның табиғаты және қажеттілігі
- •Қаржының қызметтері
- •Ұдайы өндіріс жүйесіндегі қаржының рөлі
- •Қаржы жүйесі, оның буындары және олардың өзара байланысы
- •5.Қаржы ресурстары мен ақша қорлары
- •Қаржы саясатының мазмұны, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары.
- •Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
- •8.Қаржылық жоспарлаудың объектісі, мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
- •10.Қаржылық көрсеткіштер
- •11.Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен элементтері
- •12.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, қызметтері
- •13.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негізгі белгілері
- •14.Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •15.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорлары
- •16.Мемлекет қаржысының мәні
- •19.Мемлекет кірістерінің мәні мен сыныптамасы
- •21.Мемлекет шығыстарын ұйымдастырудың қағидаттары.
- •23.Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы
- •25.Тікелей салықтар, олардың сипаттамасы
- •26.Жанама салықтар және олардың сипаттамасы
- •27.Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі
- •28.Салықтарды аудару үрдісінің ерекшеліктері
- •29.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •30.Бюджет тапшылығы және оны жабудың әдістері
- •31.Бюджет жүйесіндегі бекітілген және реттеуші кірістер
- •32.Бюджет жүйесіндегі субвенциялар және алынымдар
- •33.Бюджет жүйесі және оның буындарының сипаттамасы
- •34.Бюджеттік үрдістің кезеңдері (республикалық, жергікті деңгей)
- •35.Бюджет жүйесіндегі бекітілген және реттеуші кірістер
- •36.Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •37.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •38.Жинақтаушы зейнетақы қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері
- •39.Инвестициялық қор, оны пайдаланудың бағыттары
- •40.Халықаралық мемлекеттік кредиттің қажеттігі, олардың нысандары
- •41.Мемлекеттік кредиттің сыныптамасы
- •42.Мемлекеттік кредиттің функциялары мен нысандары
- •43.Үй шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың қызметтері
- •44.Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары: құрамы мен құрылымы
- •45.Үй шаруашылықтарының бюджеті, үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары
- •46.Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары
- •47.Сақтандыру: ұғымы және сыныптамасы
- •48.Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы, қажеттігі және сыныптамасы
- •49.Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •50.Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •51. Қаржы нарығының құрылымы және қр-дағы ерекшеліктері
- •52. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы
- •53. Қаржы рыногының инфрақұрылымы, оның құрамы
- •54. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әдістері
- •55. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері
- •56. Елдің төлем балансы, оның құрамы
- •57. Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •59. Инфляцияның типтері, түрлері және оның қаржылық аспектілері
- •60. Инфляцияға қарсы саясат: қаржылық құралдары және бағыттары
- •61. Эссе: «Қаржы өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде»
- •64. Эссе: «Инновациялық дамуды қаржыландыру»
- •66. Эссе: «қр-дың салық жүйесі және оның элементтері»
- •67. Эссе: «Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде»
- •68. Эссе: «Мемлекеттік қаржы экономикалық жүйені мемлекеттік реттеудің құралы ретінде»
- •69.Қр Ұлттық қоры: қалыптасуы жəне миссиясы (мақсаткерлігі)
- •70. Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымын талдау
- •2009-2011 Жылдар аралығындағы бюджет жүйесін жетілдірудің мақсаттары:
- •71.Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау
- •2009-2011 Жылдар аралығындағы бюджет жүйесін жетілдірудің мақсаттары:
- •72.Ұдайы өндірістік жүйедегі үй шаруаш-ң рөлі
- •73: Эссе қр жергілікті бюджеттерінің кіріс және шығыс бөліктерінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері
- •74. Эссе: «Қазақстандағы зейнетақы қорларының ағымдағы жағдайын талдау»
- •75.Эссе«Зейнетақы қорларының экономикалық дамудағы рөлі»
- •76.Қр ішкі және сыртқы мемлекеттік борышы
- •77.Эссе: «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы, оның даму бағыттары»
- •79.Эссе. «Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі»
- •80.Эссе. «Қазақстан Респуюликасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- •81.Эссе. «қр әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда қаржының рөлі»
- •83. Эссе: «қр Ұлттық қоры: қалыптастыру және пайдалану ерекшелігі».
- •«Қр Ұлттық қоры: қалыптасуы және бюджет жүйесін дамытудағы ролі»
- •Эссе: «қр мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда қаржының ролі»
- •87. Эссе: «қр Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясаты»
- •Эссе: «қр қм Қаржылық бақылау комитеті: мақсаты, міндеттері және қызметтері»
- •Эссе:«Бюджетэкономиканыңмакроэкономикалық тұрақты дамуының құралы ретінде»
- •90. Эссе: «қр бюджеттік реттеу: басқару мәселелері және жетілдіру жолдары»
- •91.Эссе:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несиелеу жүйесін сараптамалық талдау.
- •92.Эссе:Мемлекеттік несиелеудің қр несие нарығының дамуындағы ролі
- •93.Эссе: «Мемлекеттік несиелеудің әлемдік тәжірибесі: артықшылықтары және кемшіліктері»
- •94. Эссе: «Қазақстан Республикасындағы ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуындағы қаржылық мәселелері»
- •95. «Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары»
- •96. «Бірыңғай кеден одағының қр қаржы жүйесінің дамуына әсері»
- •97. «Қр қаржы нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары»
- •98.«Қр сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бағыттары»
- •99.«Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері»
- •100.«Қр Даму институттарының қаржылық қызметтері»
79.Эссе. «Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі»
Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы - жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды фактор – ғылыми техникалық прогресс болып табылады. Соңғы уақыттарға дейін ғылыми – техникалық прогресс эволюциялық түрде өтіп жатты. Бұл жерде жұмыс істеп жатқан технологияға машиналар мен қондырғыларды бөлікті модернизациялауға айрықша көңіл бөлінді. Ал бұл шаралар анықталған, бірақ елеусіз нәтиже беріп отырды. Жаңа техниканы зерттеу мен енгізу шараларын қолдау да жеткіліксіз болды. Қазіргі нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайларында, саналы, революциялық өзгерістер қажет:ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық шаруашылығының барлық салаларында түпкілікті түрде қайта жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.
Нарықты экономикаға өту жағдайында, оның бастапқы сатысынан бастап өткізілетін ғылыми–техникалық шараларының маңызы зор.Кәсіпорынның ұжымы, олардың басшылары ең алдымен еңбектегі материалдық қызығушылыққа баса назар аударады. Салық төлегеннен кейінгі пайданың едәуір бөлігі тұтыну қорына аударылады. Техника мен технологияда түпкілікті өзгерістердің болуы, техникалық факторлар мен қатар ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік факторлардың барлығын жұмылдыру – еңбек өнімділігінің елеулі жоғарылауына себепкер болады. Алдағы уақытта жаңа техникамен технологияны енгізуді, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың дамыған түрлерін өндірісте кеңінен қолдану, оның нормалануын жетілдіру, өндірістің өсуіне қол жеткізу, тәртіпті нығайту, еңбек ұжымының бір қалыпты болуын қамтамасыз ету жолында жұмыс жасау керек.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық бірлігіне шаққанда жанармай, металл, энергияны дамыған мемкеттермен салыстырғанда көп жұмсайды. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюы кезіндегі ресурстардың тапшылығына және өз кезегінде шикізат пен жанармай – энергетикалық базасының ұлғаюына, керекті шығындардың ұлғаюына алып келеді. Оның бетін қайтару үшін отандық өнеркәсіпті түбегейлі түрде модернизациялау керек, өйткені ол ғылыми – техникалық прогрестің үдеуінің , халық шаруашылығының қайта құрылуының басты шарты болып табылады. Қоғамдық өндірістің тиімділігін жоғарлату негізгі қорларды дұрыс пайдалануға байланысты.
80.Эссе. «Қазақстан Респуюликасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады.
1995 жылдары республика бюджеті түпкілікті өзгерді. Бұл экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің үнемі өзгеріп отыруымен, шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайларының өзгеруімен байланысты болды. Бюджеттік жүйедегі табысты тартудың бірнеше әлемдік тәжірибесі бар:
мемлекеттік басқару дәрежесі бойынша салықтың белгілі түрлерін тақайындау, яғни салықтық төлемдерді жалпымемлекеттік және жергілікті деп бөлу;
әрбір мемлекеттік басқару дәрежесі бойынша салықтан түскен табысты бөлу;
жалпымемлекеттік және жергілікті салық түрлеріне үстеме белгілеу.
Бюджетті құрастырғанда осы тәсілдерді пайдалану қажет. Дамыған мемлекеттер тәжірибесіне сүйенсек, олар бюджеттік жүйе арасындағы бөлімшелерінде табысты орналастырудың бір ғана емес бірнеше тісілдерін қосарлау арқылы дамыған. Біздің елімізде тек бір тәсілді қолданады.
Сондықтан, салықты және кірісті бюджеттің бөлімшелері арасында өз беті және біріккендік қағидасы арқылы орналастыру қажет.
Бұл механизм келесі бөлшектерден құралуы қажет:
1. облыс және аудан территорияларындағы қаржы ресурстарының жалпы көлемін белгілеу;
2. бюджеттік ресуртар салмағын бағалау;
3. территорияда қалыптасатын бюджеттік ресурстың төменгі шекті салиағын айқындау. Бұл көрсеткіш 40% төмен болмауы керек;
4. осы көрсеткіштер арқылы бекітілген және өзгермелі табыс түрін белгілеу және бюджеттер арасында табысты бөлу тәсілдерін пайдалану.
Жалпы, әлемдік тәжірибе республиканың бюджет жүйесінің дамуында үлкен рөл атқарады. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қаржы жүйесі өте нашар жағдайда болды, бірақ уақыт өте келе қаржы жүйесінің дамуы ілгері басуда.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады.