Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

77.Эссе: «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы, оның даму бағыттары»

Қазақстанның сақтандыру нарығы қарқындап өсуде, мұның өзін сақтандыру сыйлықақылары, активтер жəне меншікті капитал көлемінің өсуі растайды. Бұл ретте сақтандыру секторының сыйымдылығы өз əлуетін жоққа шығармады – жиналған сыйлықақылардың айтарлықтай үлесі корпоративтік сақтандыруға тиесілі (ірі өнеркəсіп, мұнай, авиация жəне мүліктік тəуекелдерді сақтандыру). Бұл ретте бөлшек сақтандыру секторы жиналған сақтандыру сыйлықақыларында аз ғана үлеске ие болады (сақтандыру компаниялары портфелінде 1% аспайды). Сақтандыру операцияларының да жоғары қарқынмен өсуіне байланысты, сақтандыру төлемдерінің көлемі өсуде. Сақтандыру қызметінде зияндылықтың біршама өсуіне қарамастан активтердің жəне капиталдың пайдалылық көрсеткіштері сақтандыру компаниялардың пайдамен қызмет етуі үшін жеткілікті дəрежеде жоғары деңгейде. Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі үшін инвестициялық қызмет аса маңызды емес кіріс көзі болып табылады. Сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы кейбір өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі тұрақты төмендеу үрдісіне ие, бұл ретте екінші деңгейдегі банктердегі депозиттердің жəне республика эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының үлесі өсу үстінде. Бұл қадағалау органының активтердің белгілі бір бөлігін МБҚ-ға міндетті орналастыру жөніндегі талаптарын, осы арқылы олардың елеулі үлесін қаржы нарығының неғұрлым кірісті құралдарына инвестициялау үшін босата отырып, алып тастауына байланысты. Сонымен қатар сақтандыру компанияларының инвестициялық портфелінің құрылымы банктерге тəуелділіктің өсіп отырғанын көрсетеді. Инвестициялық қызметтен кірістердің аз ғана болуына қарамастан оның жиынтық кірістердегі динамикасының өскені байқалады.

1 кезең – ұйымдық-құқықтық қайта құру (2010 жылға дейін).

Сақтандырудың қорғаныс және инвестицялық қызметтерін ынталандыру:

бағалы қағаздар рыногын жетілдіру;

сақтандыру заңнамасын халықаралық талаптарға сай үйлестіру;

сақтандырушылардың тұрақтылығын жоғарлату;

сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын қалыптастыруды аяқтау.

2 кезең – инвестициялық мүмкіншіліктерді жоғарлату (2020 жылға дейін)

Инновациялық және инвестициялық қызметтерді жетілдіру:

сактандырушылардың ннвестициялық мүмкіншіліктерінің аясын кеңейту;

инновациялық қызмет тәуекелін қорғау бойынша жаңа қызмет көрсетулердің пайда болуы;

сақтандыру қызметінің инфрақұрылымын дамыту.

3 кезең – дамыған сақтандыру қызметі рыногы

Барлық сақтандыру қызметтерінің толық жүзеге асырылуын қамтамасыз ету:

  • ұлтаралық сақтандырушылардың пайда болуы;

  • таяу шет ел рыноктарында инвестициялық өктемпаздық жүргізу.

  1. Эссе: «Мемлекеттік әлеуметтік трансферттер кедейшілікті төмендетудің факторы ретінде”

Қазақстан Республикасында кедейлікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс-шараларды іске асыру жолымен кедейлік проблемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.

Азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстары бар халықтын үлесі 2001 жылы 16,1%- дан 2007 жылы 1,4%-га дейін қысқарды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2001 жылы айына 4546 тенгеден 2005 жылы 7618 теңгеге (57,8 долларга) дейін және 2007 жылы 9653 теңгеге (78,7 долларға) дейін көбейді.

Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейліктің біртіндеп қысқаруы байкалуда.Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан ары тереңдету бағдарламасына сәйкес халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар іске асырылды:

  • жалақыны көбейту, әсіресе айтарлықтай дәрежеде бюджет сферасы жұмыскерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге;

  • қосымша базалық зейнетақы төлемдерін енгізу;

  • көп балалы анапарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды арттыру;

  • балалардың, жасөспірімдердің,жүктіәйелдердің бірқатар санаттарын дәрілермен ақысыз қамтамасыз ету t.b.

Кедейлікті қыскартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметік көмек көрсету әсер етеді.

Кедейлікті жою үшін халық табыстарының орташа деңгейін көтеру қажет. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 14952 теңге болып белгіленген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.

2008 жылы Қазақстан экономикасында 7,9 миллион адам жұмыс істеді жұмыссыздардың саны 562,4 миллион адамды құрады.

кедейліктің негізгі себебі - еңбекақының төмен болуы, екінші орында - жұмыстың жоқтығы.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес жан басына шаққанда өңірлерде белгіленген кедейлік деңгейінен төмен орташа табыс алатын халықтың бәрі атаулы көмекпен қамтылады. Негізінен олар кәмелетке толмаған балалары, жұмыссыздары, мүгедектері бар отбасылар. Кедейлік шегі мен ең төменгі күнкөріс деңгейі өңірлер бойынша сараланатындықтан, заң әрбір отбасының табысын нақтылауға мүмкіндік береді. Азаматтардың қайда тұратынына қарамастан, өздерін отбасында жан басына шаққанда кедейлік шегі деңгейінде орташа табыспен қамтамасыз ететіндей әлеуметтік көмек алады. Мысалы, жергілікті бюджеттерде табысы аз отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеу қарастырылған.

Бала кезінен I немесе II топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемақылар мүгедектер белгіленген мерзімге тағайындалады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]