Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

73: Эссе қр жергілікті бюджеттерінің кіріс және шығыс бөліктерінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. Жергілікті бюджеттердің кірістері республикалық бюджеттің кірістері сияқты салықтық және салықтық емес түсімдерден қалыптастырылады. Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері Бюджет және Салық кодекстерінің регламенттеуші ережелеріне сәйкес республикалық бюджетке түсетін салық түсімдері түрлерінен ерекшеленеді.Жергілікті бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер коммуналдық меншіктен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуынан түскен түсімдерден; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алу өткізуден ақша түсімдерінен; облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдардан, өсімақылардан, санкциялардан, алымдардан түсетін кірістерді; облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдерді білдіредi

Қазақстан бойынша орта есеппен жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің жекелеген санаттарының арасындағы ара салмағы республикалық бюджеттен берілетін трансферттердің басымдығымен (55,8%) қалыптасып отыр; Жергілікті бюджеттердің шығыстары да республикалық бюджеггің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, коғамдық тәртіп және кауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мәдениет спорт, туризм және ақпараттық кеңістікауылсуорман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және құрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (кәсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (облыстық маңызы бар калалар) бюджеттеріне берілетін трансферттер, республикалық бюджетке берілетін трансферттер, жергілікті атқарушы орғандардың борышына қызмет көрсету

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында әлеуметтік инфрақұрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру экономикалық салалардан - көлікке және отын-энергетика кешеніне жұмсалған шығыстар басым болып отыр.Трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бұл жерде республикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қаражаттарды алуға жұмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтарлықтай жоғары. Бюджеттік алынымдар дамудың анағұрлым жоғары экономикалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бойынша орта есеппен елдегіден жоғары салық тазасы және тиісінше, салықтық түсімдердің жоғары деңгейі бар облыстард^болады. Субвенциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]