Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

70. Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымын талдау

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер,ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;ресми трансферттер түсімдері;

ҚР қоғам алдындағы өз міндеттерін орындау үшін мемлекеттік бюджеттің кірісіне қажетті түсімдердің көлемін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық өзара қарым-қатынастағы мүдделерінің теңгеріліміне қол жеткізу және стратегиялық, бюджеттік жоспарлауының біртұтастығын қолдау мақсатында орнықты бюджет жүйесін, әлеуметтік-экономикалық басымдықтарды қалыптастыратын бюджет саясатын құру қажет.

Қазіргі кезеңді талдайтын болсақ, бүгінде бюджеттің атқарылуында біраз жетістіктер бар, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануына жағдайлар жасалып жатыр. Тиімді бюджет жүйесін құру жөнінде едәуір қадамдар жасалды. Мемлекеттік кіріс жүйесіндегі реформалау, мемлекеттік бюджет қаражатының келіп түсуін бақылау мәселелеріне байланысты барлық фискалдық органдарды бір ведомство шегінде шоғырландыру іске асты.

2009-2011 Жылдар аралығындағы бюджет жүйесін жетілдірудің мақсаттары:

- экономикалық өсудің тұрақтылығына қол жеткізуге әсер ету; халықтың әл-ауқатын көтеру;

Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді атқару қажет:

-стратегиялық,индикативтік және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру;

-бюджет қаражатын жұмсаудың орта мерзімді уақыттағы басымдылықтарын анықтау;

-бюджеттік қатынастарды орнататын нормалардың сақталуын қамтамасыз ету;

- бюджеттік бағдарламалаудың жаңа әдістерін енгізу;

2009 жылдан бастап үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшу іске асырылды. 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу экономика дамуының бюджет кірістері мен шығыстарын орта мерзімді болжамдауда бар тәжірибеге және бюджет үдерісінің жетілдірілген әдістеріне негізделетін болады.

2010-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің кipicтepi Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде айқындалған.

Кірістерді есептегенде мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлердің жалақыларын 2010 ж. 1 шілдеден 25%-ға, 2011 ж. 1 шілдеден 30%-ға арттыру және әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударымдардың 2010 жылы 5%-ға дейін арттырудың нәтижесінде әлеуметтік, салықтық және 2010-2012 жж. ең төменгі жалақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты жеке табыс салығының төмендеуі ескерілді.

71.Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау

Бюджеттің шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

  2. тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

Бүгінде бюджеттің атқарылуында біраз жетістіктер бар, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануына жағдайлар жасалып жатыр.Шығыстардың тиімді жүйесін жасау жөнінде шаралар қолданылды. ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып Қазақстан қазынашылық жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламаларды уақтылы және мақсатты қаржыландыруға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мен Қазақстанның Даму Банкі құрылды.

Шығыстар жүйесін жетілдіру шараларымен қатар әлі де болса бюджет жүйесінің әлсіз жақтары байқалады. Мәселен, Қазақстанда жұмыс істейтін ірі шетел компаниялары салық заңдарын жиі бұзып, салық төлеуден жалтарады, мұны тіпті халықаралық ұйымдар да жасайды. Сол себепті бюджетке түсетін міндетті төлемдер қысқарады. Бюджет жүйесін орталықсыздандыру ресми түрде жүргізілгенімен, ол әлі де болса бюджетаралық қатынастың өзекті мәселесі болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]