Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
642.05 Кб
Скачать

66. Эссе: «қр-дың салық жүйесі және оның элементтері»

Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:

мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;

салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;

арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;

салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Салық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.

67. Эссе: «Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде»

Мемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың жиынтығы. Бюджеттік қатынастардың бөлістірушілік сипаты бар, және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес, мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына негізделіп қалыптасады. Бюджеттерде мемлекеттің қаржылық ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады, бұл мемлекеттің қаржылық саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады; негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (2009 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]