
- •Қаржы ұғымы, оның табиғаты және қажеттілігі
- •Қаржының қызметтері
- •Ұдайы өндіріс жүйесіндегі қаржының рөлі
- •Қаржы жүйесі, оның буындары және олардың өзара байланысы
- •5.Қаржы ресурстары мен ақша қорлары
- •Қаржы саясатының мазмұны, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары.
- •Қаржы механизмінің мазмұны мен құрылымы
- •8.Қаржылық жоспарлаудың объектісі, мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
- •10.Қаржылық көрсеткіштер
- •11.Қаржылық бақылаудың қағидаттары мен элементтері
- •12.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының табиғаты, қызметтері
- •13.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негізгі белгілері
- •14.Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері
- •15.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорлары
- •16.Мемлекет қаржысының мәні
- •19.Мемлекет кірістерінің мәні мен сыныптамасы
- •21.Мемлекет шығыстарын ұйымдастырудың қағидаттары.
- •23.Экономикаға жұмсалатын шығыстардың сипаттaмасы мен құрамы
- •25.Тікелей салықтар, олардың сипаттамасы
- •26.Жанама салықтар және олардың сипаттамасы
- •27.Алымдардың, төлемақылардың арналымы және рөлі
- •28.Салықтарды аудару үрдісінің ерекшеліктері
- •29.Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
- •30.Бюджет тапшылығы және оны жабудың әдістері
- •31.Бюджет жүйесіндегі бекітілген және реттеуші кірістер
- •32.Бюджет жүйесіндегі субвенциялар және алынымдар
- •33.Бюджет жүйесі және оның буындарының сипаттамасы
- •34.Бюджеттік үрдістің кезеңдері (республикалық, жергікті деңгей)
- •35.Бюджет жүйесіндегі бекітілген және реттеуші кірістер
- •36.Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы
- •37.Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
- •38.Жинақтаушы зейнетақы қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері
- •39.Инвестициялық қор, оны пайдаланудың бағыттары
- •40.Халықаралық мемлекеттік кредиттің қажеттігі, олардың нысандары
- •41.Мемлекеттік кредиттің сыныптамасы
- •42.Мемлекеттік кредиттің функциялары мен нысандары
- •43.Үй шаруашылықтары қаржысының мәні, олардың қызметтері
- •44.Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстары: құрамы мен құрылымы
- •45.Үй шаруашылықтарының бюджеті, үй шаруашылықтарының кірістері мен шығыстары
- •46.Халықтың тұрмыс деңгейінің қаржылық және әлеуметтік индикаторлары
- •47.Сақтандыру: ұғымы және сыныптамасы
- •48.Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы, қажеттігі және сыныптамасы
- •49.Макроэкономикалық тепе-теңдік және қаржы
- •50.Фискалдық саясаттың нұсқалары
- •51. Қаржы нарығының құрылымы және қр-дағы ерекшеліктері
- •52. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы
- •53. Қаржы рыногының инфрақұрылымы, оның құрамы
- •54. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің әдістері
- •55. Кеден баждары, олардың арналымы, түрлері
- •56. Елдің төлем балансы, оның құрамы
- •57. Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •59. Инфляцияның типтері, түрлері және оның қаржылық аспектілері
- •60. Инфляцияға қарсы саясат: қаржылық құралдары және бағыттары
- •61. Эссе: «Қаржы өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде»
- •64. Эссе: «Инновациялық дамуды қаржыландыру»
- •66. Эссе: «қр-дың салық жүйесі және оның элементтері»
- •67. Эссе: «Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде»
- •68. Эссе: «Мемлекеттік қаржы экономикалық жүйені мемлекеттік реттеудің құралы ретінде»
- •69.Қр Ұлттық қоры: қалыптасуы жəне миссиясы (мақсаткерлігі)
- •70. Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымын талдау
- •2009-2011 Жылдар аралығындағы бюджет жүйесін жетілдірудің мақсаттары:
- •71.Қр 2009-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымын талдау
- •2009-2011 Жылдар аралығындағы бюджет жүйесін жетілдірудің мақсаттары:
- •72.Ұдайы өндірістік жүйедегі үй шаруаш-ң рөлі
- •73: Эссе қр жергілікті бюджеттерінің кіріс және шығыс бөліктерінің құрамы мен құрылымының ерекшеліктері
- •74. Эссе: «Қазақстандағы зейнетақы қорларының ағымдағы жағдайын талдау»
- •75.Эссе«Зейнетақы қорларының экономикалық дамудағы рөлі»
- •76.Қр ішкі және сыртқы мемлекеттік борышы
- •77.Эссе: «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы, оның даму бағыттары»
- •79.Эссе. «Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі»
- •80.Эссе. «Қазақстан Респуюликасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- •81.Эссе. «қр әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда қаржының рөлі»
- •83. Эссе: «қр Ұлттық қоры: қалыптастыру және пайдалану ерекшелігі».
- •«Қр Ұлттық қоры: қалыптасуы және бюджет жүйесін дамытудағы ролі»
- •Эссе: «қр мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда қаржының ролі»
- •87. Эссе: «қр Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясаты»
- •Эссе: «қр қм Қаржылық бақылау комитеті: мақсаты, міндеттері және қызметтері»
- •Эссе:«Бюджетэкономиканыңмакроэкономикалық тұрақты дамуының құралы ретінде»
- •90. Эссе: «қр бюджеттік реттеу: басқару мәселелері және жетілдіру жолдары»
- •91.Эссе:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несиелеу жүйесін сараптамалық талдау.
- •92.Эссе:Мемлекеттік несиелеудің қр несие нарығының дамуындағы ролі
- •93.Эссе: «Мемлекеттік несиелеудің әлемдік тәжірибесі: артықшылықтары және кемшіліктері»
- •94. Эссе: «Қазақстан Республикасындағы ірі инвестициялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуындағы қаржылық мәселелері»
- •95. «Қаржы дағдарысының Қазақстанның қаржы жүйесіне тигізетін әсері, салдары»
- •96. «Бірыңғай кеден одағының қр қаржы жүйесінің дамуына әсері»
- •97. «Қр қаржы нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бағыттары»
- •98.«Қр сыртқы экономикалық қызметті реттеудің бағыттары»
- •99.«Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері»
- •100.«Қр Даму институттарының қаржылық қызметтері»
60. Инфляцияға қарсы саясат: қаржылық құралдары және бағыттары
Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соқтырады. Егерде ұлттық экономика экономикалық өсуі төмен тіпті нөлдік қарқынмен мінезделсе, онда өмір сүру деңгейі көтерілуі мүмкін емес. Инфляция әр түрлі әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туғызады.Мемлекет инфляцияны тежеу үшін антиинфляциялық саясаты қолданылады.Антиинфляциялық саясат инфляцияны шектеуге бағытталған экономиканы мем/к реттеу жөніндегі кешенді шаралар болып табылады.Мұндай шараларды ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар мен әдістерді енгізген стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп ажыратуға болады.Осы заманғы тәжірибе экономиканың күй-жайына байланысты инфляцияны реттеудің екі вариантын ұсынады:-Дефляция саясаты,ақша көлемінің,кредит\ң,жалақының,түптеп келгенде төлем қабілеті бар сұранымның шектелуімен байл.Алайда мұндай саясат экономиканың “тым қызып кетуін” тежеу мақсатымен экономикалық өсу жағдайында жарайды.-Табыс саясаты,стагфляция кезінде қолданылады және жалақы мен бағалардың өсу қарқындарының келісілуін және үйлестірілуін,олардың толық тоқтатылып қойылуын немесе өсу шегін белгілеуге дейін көрсетеді.Инфляцияға қарсы саясат варианттары елдегі жағдайға және уақыттың сол немесе басқа кезеңінде орын алған басымдықтарға байл.таңдап алынады.Егер эконо\қ өсуді тоқтату мақсаты қойылса,онда дефляция саясаты жүргізіледі,егер мақсат экон\қ өсуді ынталандыру болса,онда табыс саясатына басымдылық берілді.
Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвестицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.
Инфляцияны төмендету мақсатымен алюта саясатының инструменттері пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.
Дефляциялық шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады.Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструменнтерінен бас тартуға мәжбүр еттті. Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жолдары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.
61. Эссе: «Қаржы өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде»
Өндірістік қатынастар — өндіріс, бөліс, айырбас, тұрмыстық игіліктерді тұтыну үдерісінде адамдар арасында объективті түрде қалыптасатын қатынастар. Өндірістік қатынастар қоғамдық дамудың бір сатысын екінші сатысына шектеуде объективті өлшемдерді құрайды, мұның өзі қоғамның бірін-бірі кезекпен алмастырушы тарихи тұрпаттарын – қоғамдық-экономикалық формацияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қоғамның экономикалық құрылымы, заңи және саяси қондырма икемделетін және қоғамдық сананың белгілі бір нысандары сай келетін нақты базис өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайды. Өндірістік қатынастардың екі жағы бар. Бірінші жағы – тікелей материалдық-өндіргіш күштермен айқындалатын өндірістік-техникалық қатынастар; олар технологиямен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты туындайды, мысалы, түрлі мамандықтағы жұмысшылар арасындағы, ұйымдастырушылар мен орындаушылар арасындағы қатынастар, бұлар кәсіпорын ішіндегі немесе қоғам ауқымындағы технологиялық еңбек бөлінісімен байланысты туындайды, Екінші жағы – өндірістік-экономикалық қатынастар; олар өндірістік-техникалық қатынастардан өзгеше түрде адамдардың өндіріс құрал-жабдығына қатынастарын, яғни меншік қатынастарын білдіреді. Өндірістік қатынастардың бұл жағы мен меншік қатынастары мағыналас ұғымдар. Қаржы – бұл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде ұдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып пайдаланылады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен, бөлумен және пайдаланумен болатын экономикалық қатынастар. Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.Мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы, кәсіпорындардың (фирмалардың) арасындағы қаржы қатынастары маңызды рөл атқарады. Алғашқы жағдайда олар мемлекеттік бюджетке төлемдер, салалық не аумақтық деңгейлердегі ұйымдардың түрлі қорларына аударымдар жүйесін қамтиды, екінші жағдайда өндірістік кәсіпорындардың арасындағы, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау, бөлшек сауда, қызмет көрсету саласы ұйымдарының арасындағы өзара байланыстарды қамтиды.
62.ҚР-да қаржыны басқару: негізгі қағидалары, қаржылық бақылау органдары және ағымдағы мәселелері
Қаржыны басқару - бұл көзделген нәтижеге жету үшін басқарылатын объектіге мақсатты түрде қолданылатын әдістер мен тәсілдердін жиынтығы. Қаржыны басқаруды ерекше әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ оны ынталандыру және санкциялар көмегімен арнайы аппарат жүзеге асырады. Қаржыны басқарудың объектісі ретінде қаржылык катынас, басқару субъектісі ретінде басқаруды жүзеге асыратын үйымдық құрылымдар танылады. Қаржы қатынастарының сынықтамасына сөйкес саласы бойынша екі объектіні жіктеушісі болады; шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы және мемлекет қаржысы. Сәйкесінше олардың басқару объектілеріне мыналар жатады: қаржы қызметі (шаруашылық жүргізуші субъектілердін бөлімдері), қаржы және салык, органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын бұл ұйымдардың жиынтығын қаржы аппараты деп атайды. Қаржыны басқарудың қағидалары:
- басқарудағы демократизм;
- қаржы мәселелеріне саяси көзқарас;
-басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістерді оңтайлы үйлестіру;
- басқарудың ғылымилығы;
-орталық, салалык және аумақтық басқарудын үйлесімділігі;
- басқарудағы жауапкершілік;
-шаруашылық шешімдердін сабақтастығы.
Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы Министрлігі жүзеге асырады.
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жузеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белглейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
63. Эссе: «ҚР қаржы қатынастарының құқықтық қамтамасыз етілуі»
Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. v Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді Біржақтылық-биліктік Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады. Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар. Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады. Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді. Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.