Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shpory_Finansy-2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

50.Фискалдық саясаттың нұсқалары

Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамт. етуде. Тікелей қаржылық реттеудің үдерісін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпор/ың, өңірлердің үлесін көбейту н/е азайту арқылы мем/т олардың дамуын көтермелеп н/е шектеп отырады.

Фискалды (салықтық бюджеттік):

Құрылымы:

Салық саясаты Кеден саясаты Мемлекеттік шығындар

Құралдары:

Салық кеден тарифі

Салық түрлері

Мемлекеттік шығындарды бап

Фискалды саясат екіге бөлінеді:

Дискредициялық – ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жұмыспен қамтылуды өзгерту,инфляцияны бақылау, экономиканы өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен айла-шарғы жасау ретінде жүргізіледі.

Дискредициялық емес – автоматты немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштық» іс-әрекетті қажет ететін саясат.

Экономикалық циклдың сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалды саясат жүргізіледі. Құлдырау кезінде мыналарды қарастыратын ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі:

1) мемлекет шығыстарының көбеюі;

2) салықтардың төмендеуі;

3) мемлекеттің шығыстары артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.

Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:

1) мемлекет шығыстарының азаюы;

2) салықтардың көбеюі;

3) бұл бағыттардың үйлесуі.

Фискалды саясат экон/да мынадай мәселе шешеді:

Өндіріс құлдырауы бүл жағдайда салық мөлшерлемесін азайтып шығын құрылымына дотациялар енгізу және қаржыландыру

Импорттық тауарлардың нормадан жоғары мөлшерден енуі, мұнда кедендік тариф жоғарылап және квота енгізу

Монополиялық жағдай тудырмау жағдайы

51. Қаржы нарығының құрылымы және қр-дағы ерекшеліктері

Қаржы нарығы – ең алдымен дербес экон-қ катеория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпор-ң, фирмал-ң, банкт-ң, жинақтаушы зейнетақы қорлардың, сақтық инст-ң, мемл-ң ж/е халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді ж/е қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы. Қазіргі жағд-да Қ.Н. қаржы ресурст-н үздіксіз қалыпт-п орырудың , оларды неғұрлым тиімді пайд-ң, ұлттық шаруаш-та ақша қозғ. ұтымды ұйымд-ң айырықша нысаны б.т. Қ.Н. экон-ң түрлі ш.ж.с-ң арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әртүрлі нысанда реттейтін нарық қатынаст-ң бүкіл жиынтығын біріктірген неғұрлым жалпы ұғым б.т. Қ.Н-ң болуы инфляцияны тежейді,өйткені бюджет тапшылығын жабу ү/н үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, нарықта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады ж/е олардың бағасы сұраныммен ж/е қамтамасы етумен анықталады. Жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық б.т.

Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері Қазақстан Республикасында мемлекеттік реттеу органдарының бекітілген қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес, қаржылық нарық құрылымын келесідей көрсетуге болады.     Ақша нарығы. Қаржының негізі болып ақша құралдары болғандықтан, ақша нарығы бірінші ретті мәнге ие болады. Ақша әр түрлі формада нарықта болатын барлық операциялар айналымына қызмет көрсетеді және кез келген қаржы нарығының алғашқы субстанциясы болады.     Депозит нарығы. Тұрғындар табысы екі бөліктен тұрады: тұтынушылық және жинақтық. Уақытша бос ақша қаражаттар банктер мен өзге де несие – қаржы мекемелерімен әр түрлі салым жасау үшін тартылады. Осылайша ақшалар депозитке трансформацияланып, оларды пайдаланғаны үшін банктер олардың иелеріне сәйкес ақшалай сыйақылар – пайыздар төлейді.     Несиелік нарық. Банктерге депозиттер түрінде түскен қаржылар бөлігі несие түрінде бөліске түседі. Уақытша бос ақша қаражаттарды аккумуляциялай отырып коммерциялық банктер әр түрлі мақсатта заңды және жеке тұлғаларға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несие түрінде айналыста болып, қарыз алушылар оларды қолданғаны үшін банкке процент төлейді.     Валюталық нарық. Қазақстан нарығындағы негізгі операциялар ұлттық валютамен, ал басқа бөлігі шет ел валютасымен жүргізіледі. Сәйкесінше, қаржы құралдары сияқты жалпы қаржы нарығына оң әсер етеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлуде мобильді әдіс болып табылады. Мысалы, егер депозитке банктік сертификат жасалса, онда ол өзі әрі қарай айналысқа түседі. Айналыс қаражаттарын толықтыру үшін несиеге жүгіну міндетті емес. Облигациялар шығару жеткілікті, олар ұзақ мерзімді міндеттемелер болып табылады және нарықта еркін айналысқа түседі және өз иесін ауыстыра отыра алады. Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру үшін туынды бағалы қағаздар бар.     Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарығы. Бүгінде жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары елімізде өз қызметін іске асыратын негізгі қаржылық делдалдар болып табылады. Батыс қаржы теориясы үшін тәуекелді сақтандыру кез келген кәсіпорынның қаржы стратегиясының негізгі құраушысы, алайда теория негіздемесі келесі түрге ие. Әрбір субьект жоғалтқан материалдың орнын толтыру үшін өз тәуекелін сақтандырады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]