- •17. Монополистік бәсеке
- •18. Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
- •19. Херфиндаль-Хиршман индексі
- •20. Лернер коэффициенті
- •21. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
- •2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
- •22. Госсен заны
- •23. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
- •24. Баға-тұтыну қисығы
- •25. Табыс-тұтыну қисығы
- •29. Сұраныс және ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар және оның заңы:
- •13. Сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар және оның заңы
- •30.Жетілген бәсекелік нарықтағы фирманың пайданы максимизациялау шарты
- •17.Монополистік бәсеке
- •18.Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
30.Жетілген бәсекелік нарықтағы фирманың пайданы максимизациялау шарты
Пайда-жалпы түсім (TR) мен жалпы шығын (TC) арасындағы айырмасы. П=TR-TC Жетілген бәсекелестік жағдайда қызмет жасайтын фирма үшін шекті табыс бағаға тең, яғни сатылған тауардың әр бірлігіне фирма шығару көлеміне байланыссыз оның нарықтық бағасына тең сомасын алады. Шекті табыс орташа табысқа тең: P = MR = AR. Графикте фирманың шекті табысының қисық сызығы тура сызыққа айналып, бағаның тура сызығымен дәл келеді
P
P' MR
Q
1сурет. Бәсекелес фирманың шекті табысы.
Жетілген бәсекелестік жағдайда фирма пайдасының көбеюі тек қана өндіріс (ұсыныс) көлемін таңдаумен байланысты.Микроэкономикада пайданы көбейтудің 2 қағидасы белгілі:1) Валдық (жалпы) табыс пен валдық (жалпы) шығындарды салыстыру қағидасы. Өнімнің қосымша өткізілген бірлігі пайданы өсірмеген жағдайда фирма ең жоғары пайданы түсіреді, алады, яғни: Δп / ΔQ = 0 П = TR – TC, ΔП/ ΔQ = ΔTR/ ΔQ – ΔTC/ ΔQ, сондықтанΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ мұнда ΔTR/ΔQ – валдық табыс қисық сызығының бұрыштық коэффициентіΔTC/ ΔQ – валдық шығындар қисық сызығының бұрыштық коэффициентіДемек, валдық (жалпы) табыс қисық сызығының еңкіштігі валдық шығындар қисық сызығының еңкіштігіне тең болып тұрған өндіріс көлемінде ғана фирма пайдасы жоғары. 2) Шекті табыс пен шекті шығындарды салыстыру қағидасы. Бұл тәсілде сол мәліметтер алынады, бірақ ΔTR/ ΔQ = ΔTC/ ΔQ ары қарай дамиды: өйткені ΔTR/ ΔQ = MR, ал ΔTC/ ΔQ = МС, онда MR= МС.Фирма пайдасының көбею шарты: шекті табыс пен шекті шығындардың теңдігі сақталатын өндіріс көлемі. Фирма пайдасын көбейту ережесі кез келген нарықта әрекетте болуы мүмкін, бірақ оның өз ерекшеліктері бар. Кейбір жағдайларда ол залалдарды азайту ережесіне айналады. Фирма тепе-теңдігінің моделін (үлгісін) салайық (сызайық). Сұраныс қисық сызығы көлденен (горизонталь) болғандықтан, фирманың тепе-теңдік моделі (үлгісі) мынадай болады:
AC
C,R MC
AVC
А В MR
31.Жетілмеген бәсекелік нарықтағы фирманың пайданы максимизациялау шарты Монополист бағаны түсіре отыра, өз сатуларын көбейте алады, өйткені шекті пайдалылықтың азаю заңы әрекетте. Бәсекелес фирманың шекті табысы тұрақты да өнімнің бағасына тең. Ал монополистің бағасы шекті табыстан асады. 1 суретте монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы көрсетілген. Тауардың төртінші бірлігін сатқысы келген монополист бағасын 5 тен 4 төмендетуге мәжбүр.Бірақ, бұл баға төртінші бірлікке ғана емес, барлығына да таралады. Сондықтан валдық (жалпы) табыстың көбеюі тауардың төртінші бірлігін сату есебінен табыстың көбеюіне тең, шекті табыс – А көлемі үш алдыңғы бірліктердің бағасын төмендетуден айырылған табысты алу – В көлемі. Шекті табыс тауардың әр келесі бірлігін сатудан азаяды. Сондықтан, табыстың шекті қисық сызығында да төмен түскен еңкіштігі бар.
P D
5
4 B
3
2 A
1
1 2 3 4 5 Q
1 сурет. Монополистің өніміне деген сұраныстың қисық сызығы Монополистің екінші айырмашылығы: ол бағаны өзі қояды (price maker). Сонымен, егер бәсекелес фирма өндірістің көлемі жөнінде (ұсыныс көлемі) шешім қабылдаса, монополист өндіріс көлемі мен бағалар деңгейі жөнінде де шешім қабылдауға тиісті. Сонымен бірге монополист өндіріс көлемін шектейді, себебі, оның үлкейген жағдайында баға түседі. Қорытындай келе, монополистің алдында 2 мақсат тұратындығын айтуға болады: 1) ең жоғары пайда түсетін (Q) өндіріс көлемін табу (бұл MR = MC өндіріс көлемі) 2) Q тең өндіріс көлемінде сұраныс бағасына сәйкес келетін бағаны (Р) табу. Бірінші мақсатқа жету үшін монополист MR = MC ережесін басшылыққа алады. Бұл жағдайда монополистің ұсыныс көлемі бәсекелес ұсыныстан аз болып шығады. Баға белгілегенде, ол пайданы көбейту ережесінен алынған формуланы пайдаланады: Р = MC/(1 + 1/ED) (американдық тәжірибеде бұл ереже «бас бармақ» ережесі деп аталады).Монополист өндіріс шығындарын сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамадан асатын бағаны белгілейді. Мұндай монополиялық баға шекті шығындар мен шекті табыстан асып кетеді, сондықтан ол бәсекелес бағадан көп: Р>MR = MC (ED = ∞ жағдайды санамағанда). Бұл баға пайданы көбейту тұрғыдан қарағанда, ең тиімді, оңтайлы. Осындай баға монополиске жоғары пайда алуын қамтамасыз етеді
Микроэкономиканың экономикалық мазмұны
Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері
Икемділіктің түрлері
Изокоста және изокванта: түсінігі, графигі
Талғамсыздық қисығы
А.Смит, П.Самуэльсон, К.Маркстің микроэкономикаға қосқан үлестері
Тұтынушы мінез-құлық теориясы
Салыстырмалы статика
Өндіріс теориясы
Өндіріс шығындары
Бәсекелік фирманың іс-әрекеті
Жетілдірілген бәсекелік нарық
Жетілдірілмеген бәсекенің нарықтары
Өндіріс факторлары нарықтары
Жалпы тепе–теңдік
Бағалық дискриминация
