Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.16 Кб
Скачать

23. Тұтынушының бюджеттік шектеуі

Талғаусыздық қисық сызықтарының талдауы осы тұтынушыға ұнатымды игіліктер жиынтығын, осы игіліктердің өзара ауысу мүмкіндігін табуға жол береді (ашады), бірақ олар жиынтықтың қайсысы ең тиімді, оңтайлы екендігін көрсетпейді. Тұтынушы таңдауын ары қарай талдау үшін бюджеттік шектеу деген түсінікті енгізу қажет. Әр тұтынушы парықсыздық қисық сызықтары картасындағы координаттар басталуынан (басынан) ең алыс жатқан тауарлар жиынтығына ие болғысы келеді. Бірақ, оны кез келген тұтынушы істей алмайды, себебі қаражаттарда шектелген. Осы тұтынушының қолы жететін тауарлар жиынтығын көрсететін сызық бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады (29 сурет).

Y

I/PY

I/PX

29 сурет. Бюджеттік сызық

Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді. Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін

I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы

PX және PY – X және Y тауарлардың бағасы дейік.

Бюджеттік шектеудің түрі:

I = PX X + PY Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін шығындар сомасына тең.

Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз (аламыз):

Y = (I/PY) – (PX /PY ∙ X);

X = (I/PX) – (PY /PX) ∙ Y

Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/PX көлемінде (саны) сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/PY тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.

Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше, бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін (төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:

1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;

2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;

3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.

24. Баға-тұтыну қисығы

Баға-тұтыну қисығы (price-consumption curve) - бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушы талғамы қалай өзгеретінін көрсетеді. 10-суретте (жоғарғы жағында) тұтынушының табысы мен талғамы өзгермей, тек бір тауарға (Х) бағаның өзгерісі нәтижесінде тұтынушының тиімді жағдайының өзгерісі берілген.  Баға Рх. –тен  Р’х – қа төмендегенде KL бюджеттік сызығы KL1  жағдайына ауысады.  Тұтынушының оптималды теңдестік жағдайы  Е1 нүктесінен  Е2 нүктесіне жылжиды. Осындай теңдестік жағдайын бейнелейтін нүктелер тізбегін қосу арқылы «баға-тұтыну қисығы» деп аталатын ЕЕ қисығын табамыз. Баға-тұтыну қисығы негізінде сұраныс қисығын құруға болады 10-сурет (төменгі жағы). Ол үшін «баға-тұтыну» қисығының бойында орналасқан тұтынушының теңдік нүктелерінен төмен қарай екінші графиктің абцисс өсіне перпндикуляр түсіреміз. Ординат өсінде тауардың бағасын белгілейміз. Егер тұтынушы Рх деңгейінде Х1 тауарын сатып алатын болса, онда  Р’х,деңгейінде Х2 тауарын сатып алады. Осындай мәліметтер негізінде Х тауарына сұраныс қисығын (DD) құруға болады (35-сурет).

10-сурет. Баға-тұтыну қисығы және сұраныс қисығы.

Тауар бағасының өзгеруі нақты табыстың өзгеруін білдіреді. Х тауары бағасының РХ2 деңгейден РХ1 деңгейге дейін төмендеуі бюджеттік сызықты сағат тіліне қарсы бұрып, оны Х2 күйінен Х1 күйге жылжытады. Бұл сатып алушының Х тауардың көптеген санын сатып алуына мүмкіндігі бар екендігін білдіреді, соған сәйкес оның талғаусыздық қисық сызығы мен тепе-теңдігі жылжиды. Тепе-теңдік нүктелерін қосып «баға – тұтыну» қисық сызығын аламыз, оның негізінде жеке сұраныстың қисық сызығын сызып салуға болады. Сұраныс функциясы пайдалылық пен бюджеттік шектеуден шығарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]