
- •17. Монополистік бәсеке
- •18. Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
- •19. Херфиндаль-Хиршман индексі
- •20. Лернер коэффициенті
- •21. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
- •2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
- •22. Госсен заны
- •23. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
- •24. Баға-тұтыну қисығы
- •25. Табыс-тұтыну қисығы
- •29. Сұраныс және ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар және оның заңы:
- •13. Сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар және оның заңы
- •30.Жетілген бәсекелік нарықтағы фирманың пайданы максимизациялау шарты
- •17.Монополистік бәсеке
- •18.Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
29. Сұраныс және ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар және оның заңы:
Сұранысқа:
1)Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым сұраныс икемді болады.
2)Қарастырып отырған тауардың тұтынушы бюджетіндегі үлесі неғұрлым жоғары болған сайын,соғұрлым икемділік жоғары болады.
3)Қажетті тауарларға (тұтынушылар тұрғысынан қарағанда) сұраныс икемділігі төмен болады.
4)Қарастырып отырған тауарды пайдаланудағы мүмкіндіктердің (бағыттардың) алуан түрлі болуы да икемділікке әсер етеді. Бұл мүмкіндіктер алуан түрлі болған сайын икемділік жоғары болады.
5)Бағалық икемділікке әсер ететін басты көрсеткіштің бірі-уақыт факторы. Ұзақ уақыт мерзімімен салыстырғанда қысқа уақыт мерзімінде сұраныс икемділігі төмен болады. Икемділіктің уақытқа байланысты өзгеру тенденциясы былай түсіндіріледі: уақыт өту ағымында әрбір тұтынушы өзінің тұтыну себетін өзгертуге, яғни алмастырушы тауарлар табуына мүмкіндіктері болады.
Ұсынысқа:
1) ресурстардың мобильділігі;
2) уақыт мерзімі.
Әдетте ұсыныс икемділігін бағалауда үш уақыт кезеңін қарастырамыз:
1) дәл қазіргі кезең немесе өте қысқа мерзім кезеңі;
2) қысқа мерзім кезеңі;
3) ұзақ мерзім кезеңі.
Нарықтың өте қысқа мерзімді жағдайында ұсыныс өте икемсіз - ESp= 0. Бағаның өсуі ұсынысты өзгертпейді.
Қысқа мерзімді кезеңде өндірістік қуаттар өзгермейді. Ұсыныс басқа өндіріс факторларының өзгеру салдарынан өседі – 0<ESp<1 – ұсыныс икемсіз.
Ұзақ мерзімді кезеңде фирманың өндірістік қуаттары, сондай-ақ саладағы фермалар саны да өзгереді. Сондықтан ұсыныс икемділігі жоғарыда айтылған екі жағдайдан гөрі жоғары болады.
13. Сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар және оның заңы
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны.Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді: Qd = f (P, I, T, Ps, Pс, N),мұнда Qd – тауарға сұраныс ; P – тауар бағасы (price) ; I – сатып алушының кірісі (табысы); T – сатып алушылардың ұнатулары; PS– субститут – тауарлар бағасы ;PC – тауарлар – комплементарийлердің бағасы ;N – нарықтағы сатып алушылар саны .Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік сұраныс заңы деп аталады.Ол сұраныс қисық сызығы түрінде бейнеленеді.
P D
Q 1 сурет. Сұраныс қисық сызығы
Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:
1.сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.
2.кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады
3.табыс әсері және ауысу әсерімен. Табыс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі жағдайында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да, көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше.
Алмасу әсері: тауардың бағасын көтергеннен ол қымбат зат болып саналады да, тұтынушы арзандау ауыстырушы – тауарларды алуын ұнатады.Бағалардан басқа, сұранысқа бағалық емес детерминаттар да әсер етеді, олар: сатып алушының табысы, оның ұнатымдары, нарықтағы сатып алушылар саны, солармен қатар, ұштасқан тауарлардың бағалары.
Ұсыныс -өндіріс нәтижесі және де сатушы осы баға бойынша сатуға дайын тауарлар саны. Ұсыныс функциясының түрі:QS = f (P, PS, PC,pres, K,T,N), мұнда QS – тауар ұсынысы ;P – тауар бағасы;PS, PC – субститут – тауарлары мен комплементарий – тауарлардың бағалары; Pres – ресурстар (қорлар) және өндіріс факторларының бағасы ;K – технология деңгейі ;Т – салықтар мен жәрдемақылар ;N – нарықтағы сатушылар саны Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.
P S
Q
3 сурет. Ұсыныс қисық сызығы
Ұсыныс көлемінің өзгеруіне бағалық емес (детерминаттар)факторлар әсер етеді – өзара ауысатын және өзара бір-бірін толықтыратын тауарлардың бағасы, ресурстарға (қорлар) және өндіріс факторларына қойылған бағалар, технологиялар, салықтар мен жәрдемақылар, нарықтағы сатушылар саны.