- •17. Монополистік бәсеке
- •18. Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
- •19. Херфиндаль-Хиршман индексі
- •20. Лернер коэффициенті
- •21. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
- •2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
- •22. Госсен заны
- •23. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
- •24. Баға-тұтыну қисығы
- •25. Табыс-тұтыну қисығы
- •29. Сұраныс және ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар және оның заңы:
- •13. Сұраныс пен ұсынысқа әсер етуші факторлар және оның заңы
- •30.Жетілген бәсекелік нарықтағы фирманың пайданы максимизациялау шарты
- •17.Монополистік бәсеке
- •18.Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс
19. Херфиндаль-Хиршман индексі
Монополист фирмалардың қанша жағымды жақтары болғанымен, олардың нарықтағы қызметтері мемлекеттің реттеуін талап етеді. Монополист фирмалардың қызметтерін реттеу немесе бақылау үшін алдымен монополиялық биліктің дәрежесін анықтау қажет. Монополиялық билікті анықтау барысында толып жатқан қиындықтар кездеседі. Соған қарамастан экономистер екі индексті әдісті қолдана отырып, нарықтағы монополиялық биліктің белгілерін іздейді.
Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:
IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 ,
мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған. Херфиндаль индексі - фирманың нарықта сатылатын өнімдердегі пайыздық үлесі өскен сайын оның монополиялық билігінің дәрежесі де өседі. Бұл бағаны шекті шығыннан жоғары белгілеуге мүмкіншілік береді.
Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:
IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.
20. Лернер коэффициенті
Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды. Баға шектік шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шектік шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда жеке өндірушінің монополиялық билігі жүзеге асады. Монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткіші қолданылады.
L=P-MC/P
Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасынығ шекті шығындардан ауытқы деңгейін анықтайды.Онын мәні 0-1 дейін өзгеріп отырады.
Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік соғұрлым күшті болады. Монополистік тепе теңдік жағдайында
P*(1/E+1)=MC екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға болады. L=P-MC/P=-1/E
Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші басқа жағдайларды тұрақты деп ұйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорцианалды бола алады, өнімге деген сұраныс икемсіз болса, монополиялық билік күшейе түседі.
Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,
мұнда IL – Лернер индексі
РМ – монополиялық баға
МС – шекті шығындар
ED – сұраныстың бағалық икемділігі
Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:
IL = (PM – АC)/PM
Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.
