Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
111_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
85.16 Кб
Скачать

17. Монополистік бәсеке

Монополистік бәсеке - көптеген фирмалар рынокта сараланған өнім сататын жағдай. Монополистік бәсекеде салаға еркін кіру және саладан еркін шығу көзделеді. Мұндай рынокта сатушылар көп болады, бірақ сараланған өнім өндірілетіндіктен сатушылардың әрқайсысы ауытқымалы сұранымға тап болып отырады, сондықтан сараланған бәсекелі саладағы фирмалар көпке дейін монополдан пайда ала алмайды; Фирма өзі өндірген тауардың сату бағасын бақылауға алатын және айтарлықтай баға бәсекесі жоқ рынок. Мұнда фирма өз қызметінің екі негізгі бағытын – баға мен өнім шығару көлемін бақылай алады. Сондықтан оған өнімді аз өндіріп, бағаны көбірек көтеру тиімді. Әйтсе де монополист толық үстемдік құра алмайды, өйткені жаңа енгізілімдер мен ауыстыруға болатын өнімдер бәсекесі, әлуетті бәсеке және шетелдік өндірушілер мен сатып алушылар бәсекесі әрқашан да тайталасқа түсіп отырады. Монополиялық бәсекеде өндірушілер өзара тәуелсіз бірақ бәсекелесінің реакциясын есепке ала отырып, белгілі бір саясатпен жұмыс істейді. Мысалы: монополиялық бәсекелі нарықта дифференциалданған өнім өндіреді. Өнім дифференциациясын экономикалық ғылымда бағалық емес бәсеке деп атайды. Монополистік бәсеке нарығының ерекшеліктері:

1.Нарықтағы тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді.

2.Монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы: шаштараз бен жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға көп қаражат керек емес, сондықтан мұндай кәсіпкерлікпен кезкелген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.

3. Нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.

4. Өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады. Мысалы: тіс жуғыш пастасының дәмінің, химиялық құрамының өзгешеліктері, т.б. Сонымен қатар фирмалардың сату маркалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасауы да олардың тауарларына деген өзгешелік қасиет береді.

Монополиялық бәсекеде жұмыс істейтін өндірушілер рыноктағы тұтынушының әрқайсысы қалайтын ерекше өнім үшін «артық төлем» жасауға келісетіндігіне негізделіп жұмыс істейді. Монополиялық бәсекелі нарықта бағалық емес бәсекемен қатар бағалық бәсеке де жүреді. Ұзақ мерзімде жаңа өндірушілердің бәсекелесінің пайда болуы мүмкін.

18. Монополия жағдайындағы шекті түсім мен икемділік арасындағы байланыс

Жалпы жағдайда сұраныстың икемділік коэфициенті Е < 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндірістің шекті шығынынан қарағанда жоғары болады, яғни Р > MC. Монополиялық нарықта Р=MC теңдігі E=0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда, P > MC. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннан сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатынын көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс иекмділігіне байланысты екенін көрдік. Егер монополист өзінің өніміне Pm бағасынан жоғары баға белгілесе, фирманың шекті табысы шекті шығыннан артық болады. Бұл пайданы мейлінше арттыратын өнім көлемін анықтайтын ережеге сәйкес келмейді (MR=MC). Шекті табыстың шекті шығыннан артық болуы фирманың өнім көлемін өсіруге әлі де мүмкіншілігінің бар екенін көрсетеді. Яғни, фирма өнім көлемін өсіре отырып, жалпы пайданы өсіре алады. Ал, егер фирма өніміне Pm бағасынан төмен баға белгілесе, шекті шығын шекті табыстан асып кетеді. Бұл жағдайда пайдасын мейлінше көтерем деген фирмаға өнім көлемін қысқартуға тура келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]