Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKIM-BAGA.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
151.98 Кб
Скачать

29Қр-да мемлекеттік қызметтің түсінігі және түрлері.

мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар бекітілген:

а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауқа жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып танылады.

б ) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және екіншіден мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұймдар да құрады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты.

В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады.

Г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі.

Д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды.

Е) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекет бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталды. Бқл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл реттерде мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.

30Қр-да мемлекеттік қызметкерлердің түсінігі және түрлері.

мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.Түрлері:Мемлекттік қызметшілер лауазымдарына және құқықтық жағдайына қарай екі топқа мемлекеттік саяси қызметшілер және мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бөлінеді.Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы,сайлануы, босатылуы және қызметі саяи-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.Мемлекеттік әкімшілік қызметші-мемлекеттік саяс қызметшілердің құрамына кірмейтін,мемлекеттік оргнда тұрақты,кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.1Мемлекеттік қызметшілерді олардың қызмет атқарып отырған мемлкеттік өкімет органдары қызметі бойынша республикалық және жергілікті деңгейдегі қызметшілерге бөлге болады.Республикалық сипаты тиісті республикалық мемлекеттік органдадың:Президент әкімшілігінің ,Үкімет кеңсесінің,Парламент палаталары аппаратының өкілеттіктері кіреді.Жергіліктіге мемлекеттік қызметте тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің мемлекеттік үкімет органдарының қарауына жатқызылған мәселелер жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болады.2Егер республикалық органдардағы қызмет ерекшелігі сияқты белгіні негізге алатын болсақ,онда азамттық және милитарлиандырылған яғни әскери мемлекеттік қызметшілер бөлінеді әскери қызметшілер,ішкі істер,қаржы полициясы,басқа органдар қызметкерлері.

31. Қазақстанда мемлекеттік қызмет қағидалары. мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;  мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы; әкімшілік басқарушы адамдар тобын құратын мемлекеттік қызметшілердің қызметі әкімшілік құқықтық нормалармен реттелінді, ал мемлекеттік қызметшілерінің басқа санаттарының қызметі, яғни жұмысшылардың  жұмысы сияқты, көбінесе еңбек құқығының нормаларының реттейтін объектісі болды. бұл 1995 ж дейін осылай болды. 1995 ж 26-желтоқсанда «мемлекеттік қызмет туралы » заң күші бар Жарлық шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші нормативтік құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999ж 23 шілдедегі «мемлекеттік қызмет туралы» заңмен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заң бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі. Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды.Мемлекеттік қызмет мынадай қағидаттарға негізделеді:заңдылык;патриотизм, отансүйгіштік сезім, іс-әрекет;мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармағына бөлінуіне карамастан мемлекеттік қызмет жүйесінін біртұтастығы;мемлекет мүдделерінің алдында азаматтардын құқығы,бостандықтары мен заңды мүдделерінің басымдығы;жұртшылыққа бірдейлігі (қолы жететіндігі);азаматтардың мемлекеттік қызметке тұруға еріктілігі;

32. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік қызметшінің әкімшілік құқықтық мәртебесі оны құрайтын мына элементтерді қамтиды: құқықтарын, негізгі міндеттерін, шектеулерді, кепілдіктерді, көтермелеуді, еңбек ақы төлеуді, зейнетақымен қамсыздандыруды, жауапкершілікті.

Мемлекеттік қзметшілердің құқықтары, біріншіден, оларға Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде Конституциямен және заңдармен берілген. Екіншіден олардың мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасу фактісімен туындайтын (лауазымдық немесе қызметтік құқықтар). Үшіншіден, мемлекеттік қызметтік жұмыстың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерімен айқындалынатын (мысалы, салықтық, кедендік, әскери қызмет) құқықтық мүмкіндіктердің кешені болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтар.Мемлекеттiк қызметшiнiң: 1)Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;  6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына; 7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

33. Саяси мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттік қызметтің бірқатар мәселелері бойынша ҚР ның Президентінің «ҚР сы саяси мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы » 1999 ж 29- желтоқсандағы, «ҚР сы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының реестірін және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санаттарының тізбесін бкіту туралы » 1999 ж 22- желтоқсандағы, «ҚР сы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мәселелері туралы » 1998-ж 12- қарашадағы өкімі сияқты заңнамалармен реттеледі. . Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.Саяси лауазымдарға: 1) Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың орынбасарлары;2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси  қызметшiлер, олардың орынбасарлары; 2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси қызметшiлер; 4) орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар) олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады..Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.  Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

34.Қазақстан республикасында саяси және әкімшілік қызметшілерге мемлкеттік қызметке түсулер реті. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары  болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б. 

Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде қойылатын талаптар1) Қазақстан Республикасының азаматы болуға;2) егер Республиканың заңдарында тиiстi лауазымдар жөнiнде өзгеше белгiленбесе, жасы он сегiз жастан кем болмауға;3) қажеттi бiлiмi, кәсiби даярлық деңгейi болуға және белгіленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуге тиiс.2.Азамат мемлекеттiк қызметке кiрген кезде салық қызметi органдарына өзi алған табысы мен өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.3.Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткеннен кейiн жүзеге асырылады.4.Мемлекеттiк саяси қызметке кiру үшiн қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.5. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік органдар лауазымдар санаттарына қойылатын үлгі біліктілік талаптары негізінде әзірлейді және бекітеді. 

35.Қазақстан республикасының әкімшілік қызметкерлердің классификациясы. мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар. 2. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын  біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.  Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңда белгiленген тәртiппен алынбаған әкімшілік немесе тәртіптiк жазасы болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi. 3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берiлмейдi.

36.Бос әкімшілік лауазымға тұруға конкурс өткізу тәртібі.Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.  Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс.  Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:1) жасы он сегiзден төмен емес;2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар. 

37.Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестациядан өту тәртібі.Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациялау (бұдан әрі - қызметшілер) - олардың кәсіби даярлығы деңгейін, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін айқындау жөнінде оқтын-оқтын жүзеге асырылатын рәсім.Аттестациялау кезінде негізгі бағалау өлшемі қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.Аттестациялауға, жүкті әйелдерді қоспағанда, барлық қызметшілер жатады.Қызметшiлер мемлекеттiк қызметте болған әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде, аттестациядан өтедi.Бұл ретте аттестация аталған мерзiм басталған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.Аттестация комиссиясы аттестациялауы аттестацияланушы қызметшінің қатысуымен өткізеді.Аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған қызметшілер, жұмысқа шыққаннан кейін аттестациядан өтеді.Аттестация комиссиясының отырысына қызметші дәлелсіз себеппен келмеген жағдайда, комиссия қолда бар материалдардың негізінде оның қатысуынсыз аттестация өткізу туралы шешім қабылдауға хақылы. Аттестация комиссиясы табыс етiлген материалдарды зерделеп және сынақтан өту кезiнде лауазымдардың осы санаты үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген шектi мәннен (бұдан әрi - шектi мән) төмен емес баға алған қызметшiмен әңгiме жүргiзiп мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:1) атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшiн кадрлар резервiне ұсынылады;2) атқаратын лауазымына сәйкес; 3) қайтадан аттестациялануға тиiс;4) атқаратын лауазымына сәйкес келмейдi

38.ҚР да мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі. Мемлекеттiк қызметшiнiң:1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға; 11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар 

39.Қр да мемлекетттік қызметшілердің құқықтарынң шектелуі. 1. Мемлекеттiк қызметшiнiң:1) өкiлдi органдардың депутаты болуға;2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса, егер "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға;4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ. Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi,немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды. Мемлекеттік қызметші қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы өзінің меншігіндегі үлесті (акциялар пакеттерін) және пайдаланылуы табыс табуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызмет өткеру уақытына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

40.ҚР ның мемлекеттік қызметшілерінің абырой кодексінің талаптары. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрi - Кодекс) «Мемлекеттiк қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.  Мемлекеттiк қызметшiлер:1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделiн түсiруге ықпал ететiн iс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алуға;3)қоғам мен мемлекеттiң игiлiгiне қызмет етуге;4) мемлекеттiң мүддесiне залалын тигiзетiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;5) сенiп тапсырылған мемлекеттiк мүлiкке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрi тиiмдi пайдалануға;6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға;7) мемлекеттiк қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;8) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелердi кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;9) адал, әдiл, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;10) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға;11) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiмдi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, тұралықпен және сапалы атқаруға; жұмыс уақытын тиiмдi пайдалануға;12) жоғары кәсiби жұмыс үшiн қажеттi күш-жiгерiн салуға, қойылған мiндеттердi шешудiң оңтайлы да үнемдi әдiстерiн қолдануға;13) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше орындауына бөгет болатын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;14) кадрларды туысқандық, жерлестiк және жеке өзiне берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;15) бағынысты қызметкерлердiң мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiктерiнiң көлемiн дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкiмдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;16) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк фактiлерiне жол бермеуге;17) бағынысты қызметкерлердi құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтiн iс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;18) кәсiби дайындықтың, оның iшiнде орындалуы бағынысты қызметкерлердiң функционалдық мiндеттерiне жатқызылған мәселелер бойынша, қажеттi деңгейiне ие болуға;19) басқа мемлекеттiк қызметшiлердiң тарапынан қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға және жолын кесуге;20) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстануға тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиiс.Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасысын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.

41 Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 2 шілдесінің «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер.  Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Уголовный Кодекс РК_каз және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады. Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.

42. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерінің тәртіптік жауаптылығы. Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиіссінше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін:1) ескерту;2) сөгіс;3) қатаң сөгіс;4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;5)атқаратын қызметтен босату қолданылуы мүмкін.Тәртіптік жазаны:1) лауазымдық өкілеттігіне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;2) жасағаны үшін ҚР-ң заңында заңында өзгедей жауаптылық көзделген әрекет үшін қолдануға болмайды;3)ҚР-ң нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін тәртіппен қолданады.Мемлекеттік қызметші өз іс-әректінің заңсыздығы үшін жауап береді. Атқару үшін алынған өкімнің заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнінде ол өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы аталған өкімді жазбаша растаған жағдайда мемлекеттік қызметші, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің заңсыз өкімді орындауының салдары үшін осы өкімді растаған басшы жауап береді.Мемлекеттік қызметшілер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда ҚР-ң заңдарында белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша тиісінше қылмыстық, әкімшілік, материалдық жауапты болады.

43. Мемлекеттік басқару әдістері. Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік басқарушылық қызметтің өте қажет элементі,оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бағыттарының бірі.Бұл сияқты функциялардың ішінде әдетте өкім ету,реттеу,ұйымдастыру,үйлестіру және бақылау аталады.Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметіне тікелей араласуын болжайды.Ал реттеуді алатын болсақ,оның мәні осы сияқты объектілердің қызметінің белгілі бір тәртібін белгілеуден,яғни оны ретке келтіруден тұрады.Реттеу,басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен-ақ белгілі.Өзгеше болуы мүмкін емес,өйткені басқару қызметі функцияларының біреуі осы қызметтің бәрін«сіңіруі»мүмкін емес.Атқарушы билікті жүзеге асыру тәжірибесі дәлелдеп отырғандай,мемлекет басқара отырып,реттейді,ал реттей отырып-басқарады.Соған сәйкес атқарушы билік органдарының құзыретінен өкім етушілік те,сондай-ақ реттеушілік те өкілеттіктерді оңай табуға болады.Басқару дәстүр бойынша оның субъектілеріне тікелей бағындырылған объектілердің болуымен,ал реттеу-көпшілігінде басқару субъектісіне бағынышты емес объектілерге ықпал жасаумен байланыстырылады.Алайда мұның бәрі шартты жағдай,өйткені екі жағдайда да атқарушы билікті нақты іске асырудың қандай да бір нұсқалары жобалап түсініледі.Ал мұның өзі мемлекеттік басқару мемлекеттік реттеумен салыстырғанда едәуір кең ұғымы екендігін білдіреді.Таза заңдық мағынасында реттеу,басқару процесі элементі(функциясы)бола отырып,өзінің көрінісін басқарылатын аяда мінез-құлықтың ережелерін белгілеуден,яғни құқықтық реттеуден табады.Біздің жағдайда,әкімшілік құқықтық реттеу көзделіп отыр.Сонымен,біз ең айқын көріністері бар белгілермен таныстық,солардың көмегімен атқарушы билік және оны нақты жүзеге асырудың механизмі туралы түсінік алуға болатын болды.Соңғы жағдайда атқарушы биліктің ұйымдастыру құқықтық сипаттамасы еске алынып отыр.Оның негізі-тиісті құқықтық рәсімдерді қажет ететін мемлекеттік қызметтің барлық өзге түрлері сияқты,атқарушы билік органдарының мемлекеттік басқарушылық қызметі.Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы әкімшілік құқыққа жатады.

44. Әкімшілік мәжбүрлеу және оның ерекшеліктері. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады. Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып табылады, оның міндеті көпшілігінде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды қорғау.Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесінде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі болып табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән.Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының мәжбүрлеу сипатын мойындамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, құқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемлекеттік-құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады.Әкімшілік мәжбүрлеу көрінісінің сыртқы нысандарыөте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігімен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты.Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, иә болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады.Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді.Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады. Сонымен әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.Әкімшілік мәжбүрлеудің түрлері:Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары өте көп және олар әртүрлі. Олар қолдану мақсаттары, негіздемелері мен тәртібі бойынша айырылады, бұл оларды топтастыру үшін объективті түрде алғышарт жасайды.Қоғамдық қатынастардың және осы қатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективтік сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады:1)әкімшілік-алдын алу шаралары;2)әкімшілік-жолын кесу шаралары;3)әкімшілік жазалау шаралары. Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары құқық бұзушылықтың немесе қандай да бір жағымсыз салдарлардың пайда болуының алдын алуға бағытталған; сосын, егер құқық бұзушылық болатын болса, онда олардың мақсаты – оны тоқтату және тек кейінірек қана жаза қолдану, яғни құқық бұзушыны жазалау қажеттігі пайда болуы мүмкін.

45. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы

Ескерту түрiндегi әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды . Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.

2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi

48 Мемлекеттік басқару саласындағы туындайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқықтың реттейтін пәні болып табылады Мемлекеттік басқару коғам дамуының барысында қоғамдық, қатанастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз: а) зандарды орындау барысындағы іс-әрекет; 6) объектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен байланысты іс-әрекет.

Барынша тар мағынасында мемлекеттік басқару деп экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси салаға практикалык және тікелей басшлық жасауға бағытталған атқару, бөлу, зандық күші бар, бір-біріне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетін айтуға болады.

50. Бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау. Бақылау басқару қызметінің негізгі функцияларының бірі ретінде атқарушы билікті оның субъектілері жүзеге асыру процесінде әр түрлі нысандарда көрініс табады.Сонымен бірге бақылаудың ерекшеліктері қандай да болмасын белгілі бір атқарушы органның құзыретінің сипаты мен оның көлемділігіне байланысты болады.Бұл тұрғыдан алғанда жалпы және салааралық құзыретті органдардың бақылауын бөлуге болады.Бірінші жағдайда бақылау функциясының және соған сәйкес келетін өкілеттіктердің атқарушы биліктің бүкіл жүйесіне(республика көлемінде)таратылатындығы туралы айтылып отыр.Бақылау өкілеттіктерінің өзге түрлері нақты органның атқаратын қызмет аясының шеңберімен шектеледі.Осыған сәйкес ведомство үстілік және ведомстволық бақылауды бөлуге болады.Олардың арасындағы айырмашылықтың негізіне тікелей бағыныштылық(ведомствоға қарастылық)факторы немесе оның болмауы жатқызылған.ҚР-сы Үкіметінің бақылау функциялары мен өкілеттіктері жалпы бақылаудың мәнін барынша толық білдіреді.Еліміздегі атқарушы билік жүйесінің жоғарғы буыны ретінде,ол өзінің құзыретінің аясында Конституцияның,заңдардың,Президенттің жарлықтарының,өз актілерінің орындалуын ұйымдастырады және оларды барлық атқарушы билік органдарының орындауына жүйелі бақылауды жүзеге асырады,заңнамаларды бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолданады(ол Үкімет туралы Конституциялық заңның 16-б.айтылған).Үкіметтің жалпы өкілеттіктерінің ішінде-атқарушы билік жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз ету,оның органдарының қызметіне бағыт беріп,басшылық және бақылау жасап отыру ерекше орын алады.Салааралық(ведомствоүстілік немесе ведомстводан тысқары)бақылау ұйымдастыру(ведомстволық)жағынан бақылау жүргізетін органға бағынышты емес органдар,кәсіпорындар мен мекемелер жөнінде жүзеге асырылады.Құқық қорғау аясындағы бақылауды Әділет,Ішкі істер министрліктері жүзеге асырады,табиғат байлықтарын пайдалану,ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізу аясында-Энергетика және минералдық ресурстар,Қоршаған ортаны қорғау,Ауыл шаруашылығы министрліктері.ҚР-ның әкімшілік-аумақтық бөліктерінің әкімдері мен әкімдіктеріне және өзге де жергілікті атқарушы органдардың құрылымына жататын-департаменттерге,басқармаларға,бөлімдерге,т.б.қажетті бақылау өкілеттіктері берілген.Олардың өкілеттіктерінің ауқымы Конституциямен,жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңмен,салалық заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген.Әкімшілік қадағалау заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі ретінде қоғам мен мемлекет үшін ерекше маңызды мәні бар жалпы міндетті болып табылатын ережелерді атқарушы билік органдарының коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қатал және дәлме-дәл орындауына бағытталған арнаулы уәкілетті атқарушы билік органдары мен олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметінің ерекше түрі болып табылады.Әкімшілік қадағалау-бұл құқық бұзушылықтың алдын алу,табу және жолын кесу,бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып,атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан бағынышты емес органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нормаларды,ережелерді,стандарттарды,талаптарды орындаулары туралы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]