- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •6. Статистикалық бақылаутуралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14. Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •18. Құрылымдық орташа шамалар: мода, медиана, квартиль, дециль.
- •19.Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері.
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі.
- •21.Динамикалық қатарлардың статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамикалық қатарды өңдеудің негізгі тәсілдері
- •24 Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
Статистика- қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым- қаты-настар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байла-ныстыра отырып, оның белгілі бір уақыт және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым. Статис-тика қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра оты-рып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болға-нын зерттейтін қоғамдық ғылым. Статистика үлкен сандар заңы қызметінің негізінде келесі заңдарды орнатады:1)Құбылыстық құрылымының өзгеріс заңдылығы. Мыс: студенттердің жалпы тізімдегі ұлтының үлесінің өсуі. 30%-35%ға өсуі.2)Жиынтық бірліктің бөлу, таралу заңдылықтары. Мыс: қоғамдық көлікке 7,30 дан 10 сағатқа дейін, 19дан 18-ге дейін өсуі.3)Уақыт бойынша қозғалыс, динамика заңдылы-ғы. Мыс: әр жыл бойынша халық жалақысының өсуі.4)Кеңістікте орналасқан заңдылық. Мыс: кәсіпорынның мамандылық деңгейі жоғары болған сайын, шығындары аз болады.
Статистиканың категориялары:1)Субъект- бақы-лау өткізетін, мәліметтерді жинайтын жеке және заңды тұлға.2)Статистикалық бақылау объектісі- бұл зерттелетін құбылыстар мен процестер туралы жинақталған мәліметтер. Яғни, тауар, қызмет, адам, ақша объект болады.3)Бақылау бірлігі- ақпарат көзі немесе бастапқы ұяшық. 4)Белгі- (х,у) бұл сипатталық қасиеті, өзіне тән ерекшелігі.5)Белгілердің жіктелуі:
А. Бұл зерттелетін құбылыстың мазмұнына қарай: сандық, сапалық;Б. Әсер ету дәрежесіне қарай:
-мәнді; -мәнсіз; -елеулі н/е қосалқы;В. Тәуелдік дәрежесіне қарай: -факторлық; -нәтижелік
6) белгінің варияциясы (х1,х2,х3...Xn)- әр түрлі бірліктердің, бөлктердің өзгергіштігі 7) жиынтық бірлігі- ол бақылау объектісінің бастапқы элементі, тіркеуге тиісті белгілердің иесі.8) статистикалық жиынтық- сандық өзгермелі белгілермен ерекше-ленетін ортақ салалық белгімен объектілердің, бірліктердің жиынтығы. Осындай жиынтықты статистикада қатысты біртектілік д.а.9) статисти-калық заңдылық- үлкен сандардың заңымен анықталған.10) жіктелуі- бір заңдастырылған халықаралық стандартпен, көпшілікпен қабылдан-ған топтастыру.
11) жиілік (f)– әрбір бірліктің қайталану саны.
12) жиіліктің үлес салмағы
13) куммулятивтік жиілік жинақталған.
А)жиіліктер
Б)жинақталған жиіліктердің үлес салмағы.
14) бөліну қатары-бұл ретке келтірілген қатар.
15) орташа шама- біртектес құбылыстардың жиынтық құбылысының бір бөлігі бойынша жинақтап көрсететін сандық шама.
16) медиана (Ме)-статистикалық бөліну өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгі.
17) мода (Мо)- бөліну қатардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасы
6. Статистикалық бақылаутуралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
Статистикалық бақылау-кез-келген статистикалық бақылаудың бірінші кезеңі және де бұл қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы алғашқы мәліметтерді алдын-ала жасалған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау әдісі болып табылады.
Кез-келген статистикалық бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болу керек.
Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижесінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты дұрыс санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате болып 2-ге бөлінеді. Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл – жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген ұғым. Тіркеу кезіндегі жіберілетін қате. Бұл – әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай кездейсоқ және жүйелі түрде жіберілген қате болып екіге бөлінеді. Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы мүмкін. Бұл не азайтылып, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоктығынан, шаршаудан, жұмысқа салдыр-салақ қарауда болады. Жүйелі түрде жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни не көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиынтыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана, әдейі жіберілген және абайсызда, байқаусызда болып екіге бөлінеді. Абайсызда жіберлетін қате қастандықпен әдейі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мүмкін.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл алдын ала ойластырылған, көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер. Адейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушіліктен туындайды. Статистикалық бақылауды жүргізгеннен кейін, жиналған мәліметтер ішінде жоғарыда көрсетілген қателерді жібермеу үшін барлық жиынтықтар міндетті түрде тексеруден өткізіледі. Және ол қисынды түрде тексеру және есептеу арқылы тексеру болып екіге бөлінеді. Қисынды түрде тексеру дегеніміз – статистикалық бағдарламада көрсетілген сұрақтарға қайтарылған жауаптардың өзара байланыстылығын бір-бірімен салыстыру арқылы жіберілген қатені түзету.
Есептеу арқылы тексеру. Мұнда жалпы жиынтық көрсеткіштеріндегі жіберілген қателерді түзету үшін орта шаманы және процентті қайта есептеу тәсілін қолдану арқылы түзетулер енгізіледі. Статистика органдары жоғарыда көрсетілген тексерулерден бөлек бірізді және жосарлы түрде әрбір кәсіпорынның, шаруашылықтың есеп беру формаларындағы көрсеткіштердің дұрыстығын тексереді. Оның өзі тақырыпты, жинақты және жаппай болып үшке бөлінеді. Тақырыпты тексеруге жеке кәсіпорындардың белгілі бір формасы немесе оның жеке көрсеткіші ғана алынады. Жинақты тексеру кезінде кәсіпорынның барлық есеп беру формалары түгелдей тексеріледі. Ал жаппай тексеруде барлық есеп беретін кәсіпорындардың белгілі бір есеп беру формасы немесе көрсеткіші толығымен тексеріледі.
7.Стат-лық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формаларыСтат- лық бақылау–қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама б-ша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау әдісі.Стат-лық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары:
Стат-лық есеп беру;
Статистикалық есеп беру – кәсіпорынның жұмысы жөніндегі ресми құжат. Ол арнайы нысанға енгізіледі және статистикалық органдарға табыс етіледі.
Арнайы ұйымдастырылған бақылау, егер есеп беру толық емес көрсетілгенде н\е есеп беру арқылы жинауға мүмкіндік болмаса, бақылаудың осындай түрі қолданылады;
Стат-лық регистр – тіркелген заңды тұлғалардың олардың бөлімшелері мен жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік статистикалық тізімі. Регистрге мысал: жұмыс істейтін кәсіпорындар саны, жаңадан ашылған, банкротқа ұшыраған, «жоғалған» кәсіпорындар саны.
Стат-лық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру – өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысуы арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез келген сатистикалы бақылаудың өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынады.Стат-лық бақылау бағарламасы деп зерттеу кезінде бастапқы мәліметтерді жинау үшін ұғымды, жинақты, ойға қонымды бақылау бірліктеріне берілетін сұрақтар тізімінінің жиынтығын айтады.
Бақылау бағдарламасын құрастыру кезінде Бельгия ғалымы А.Кетленің ұсынған төмендегі ережесін естен шығармауымыз керек:Бағдарламаға керексіз, артық сұрақтар кіргізілмеуі және ондағы көрсетілген сұрақтардың жауаптары бақылаудың алдына қойған мақсатын анықтауы тиіс; Бақылау бағдарламасына дұрыс және нәтижелі жауап алынатын сұрақтардың кіргізілгені жөн; Бақылау бағдарламасына кіргізілген сұрақтар жауап берушіге кері әсерін тигізетіндей, яғни оның болжамы бойынша қисынсыз жүргізілген сияқты күдік туғызбауы керек. Жоғарыда келтірілген нұсқауды орындағанда ғана стат-лық бақылау бағдарламасы дұрыс болып шығады.
