
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •6. Статистикалық бақылаутуралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14. Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •18. Құрылымдық орташа шамалар: мода, медиана, квартиль, дециль.
- •19.Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері.
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі.
- •21.Динамикалық қатарлардың статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамикалық қатарды өңдеудің негізгі тәсілдері
- •24 Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
Статистиканың қысқаша даму тарихы
Статистиканың тарихшылары әдетте статистиканың түп тамыры ерте заманды кейбір сандық деректерді жинаудан басталатындығы жайлы пайымдаған.Статистика – латынның “status” деген сөзінен шыққан. Ол мемлекеттің саяси жағдайы,әлеуметтік экономикалық жағдайы.Статистика қоғамдық құбылыс құралы мен згеру процестерін, ондағы сандық қатынастар мен заңдылықтарды байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін ғылым.
Статистиканың қысқаша даму тарихына тоқталар болсақ:
1. Статистика жаңа эраға дейін пайда болды.(халық саны туралы, ер адам саны,олардың ішінде әскерге жарамды саны және оның ішінде табиғи ресурстар туралы мәліметтер жинау қажеттіліктері туындайды.)
2.Грек философы Аристотель жазған қалалардың, мемлекеттің сипаттамасы туындайды.
3.Русьтағы жазбалар 9-11ғасырларда шежіре жазу кітабы, іс жүргізу жұмысы, көшірме кітаптар, мәліметтердің қайнар көздері.
4.Ресейдің 15-18 ғасырлардағы әлеуметтік экономикалық жағдайларының жазбалар бөлікті іс жүргізу қайнар көздері.
5.17ғасырдың 2жартысында статистиканың теориялық ғылым ретінде үш бағыт бойынша өрлеуі:
А)Мемлекеттанудың сипаттау мектебі,алғаш рет неміс ғалымы Гот Фрид Ахенваль екі неміс университетінде статистика пәнін енгізген.
Б)Саяси арифметика мектебінің негізін салған ағылшын ғалымы Джон Граунд,Уильям Петти. Олар сандар тілі арқылы қоғамның күйінің даму заңдылықтарын сипаттайды. Уильям біріншіден ұлттық байлықтарды және олардың баланстық кестеде көрсетілді.
С)Қазіргі уақытқа дейін статистка матеамтикалық түрге ие болды. Орыс математиктері Чебышев,Януков,Яков, Бернулли, Кетле статистиканың негізін ықтималдық түрінде математикалық статистика деп атады.
6.20ғасырдың басында әлемде статистиканың екі әдісі болды:
А)Кеңес социалистік статистикасы(халық шаруашылық баланс әдістемесінің мақсаты баланстық кестелер жолы менКСРОның қоғамдық өнімнің өлшемі)Сол кезеңдегі ең танымалы ғалымдар: В.И.Хотимский, В.С.Немчинов,А.Я.Боярский,Л.В.Некраша.Соғыстан кейінгі кезде индекстік әдістің теориясында С.М.Югенберг,Г.И.Бакланов,И.Г.Венецкий, ал статисткалық байланыс теориясына Я.И. Лукомский көп үлестерін қосқан.
Б)Көптеген нарықтық экономика мемлекеттің қолдаған халықаралық статистика жүйесі, ЖІӨ, Жалпы Ұлттық табыс мөлшерін, құрамдас бөліктерін оның ҰШЖнің модельдері:1952,1968,1993,2008.
2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
Статистика - қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер, тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады. Статистика пәні - көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары.
Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада қолданылады. 1. Статистика - бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып табылады. Синоним ретінде осы жағдайда«статистика» сөзіне «статистикалықесеп» сөзтіркесіқолданылады. 2. Статистика - қоғамдық құбылыстардың белгілі бір жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық деректер. 3. Статистика - бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде оқытылатын оқу пәні. Статистикалық ғылым мен іс-тәжірибесінде келесі негізгі ұғымдар орын алады.
Бөлімдері:
1.статистиканың жалпы теориясы – бұл статистиканың методологиялық негізі – ақпараттарды, мәліметтерді жинаудың, өңдеудің, талдаудың қағидаларын, категорияларын, статискалық әдістерін қарастырады.
2. Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
3. Салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.
Рөлі:
1.экономист, қаржыгер, бухгалтерлерге есепке алу, бақылау, тексеру жүргізу ұшін маңызды рөл атқарады.
2.менеджерлік басқару, маркетингтік зерттеу, себебі, ақпаратсыз, мәліметсіз, басқару болмацды, соның салдарынан нарықтағы бәсекелестер мен бәсекелестік деңгейін біле алмаймыз.
3.мемлекет, сала, фирманың ағымдағы жағдайы ақпаратсыз жоспарлауды, уақыттың келесі кезеңіне дамудың бизнес жоспарын құруға, болжауға, алдын ала бағдарлауға болмайды. М. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығынын.
3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
Статистика - қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып бі-леді. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңіс-тікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділік-тер,тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жата-ды. Статистика пәні - көптеген әлеуметтік-экономика-лық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары. Статистиканың жалпы тео-риясы статистикалық ғылымның негізгі категорияла-ры, қағидалары, статистикалық деректерді жинау, өң-деу және талдаудың ғылыми негіздері баяндалады. Статистиканың әлеуметтік-экономикалық құбылыс-тар мен процестерді зерттеумен байланысты екенін ескере отырып, статистикаға дербес қоғамдық ғылым ретінде анықтама беріледі. Пәні:Ақпараттарды өңдеу және талдау, жинаудың статистикалық әдістерін зерттеу. Сапа жағынан анықталған әлеуметтік-экономилық құбылыстарды, процестерді сандық жағынан зерттейтін өзіндік қоғамдық ғылым.
Негізі:
Экономикалық теорияның және диалектиканың категориялары, қағидалары. Цифрлық ақпарат негізінде 1-жағынан, жалпы заңдылықты сала түрінде сипаттайды. 2-жағынан, құбылыстар мен процестерді дұрыс бағалап, экономикалық теорияны әрі қарай дамытады.
Статистика басқа ғылымдар сияқты теориялық жағдай негізінде құбылыстардың заңдылықтарын шещуге көмектесетін фактілер жинайды. Статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың заңын қарастырады, олардың табиғатын, қоғам өміріндегі мәнін анықтайды. Статистика келесі заңдылықтарды қарастырады: статистикалық үлкен сандар заңдылықтарын. Үлкен сандар дегеніміз – массалық бірлігі үлкен сандар жиыны. М: халық саны.
Құбылыс құрылымының өзгеріс заңдылығы. Студенттердің жалпы тізіміндегі ұлдардың үлесінің өсуі: 30пайыздан-45 пайызға; 2001-2012 жылдар аралығында.
Жиынтық бірліктердің бөлу, таралу заңдылығы: қоғамдық көліктерде 7,30-10,00 мен 18,00-19,00 сағаттарда жолаушы санының өсуі.
Уақыт бойынша қозғалыс. Әр жыл бойынша халық жалақысының өсу қарқыны.
Кеңістікте орналастыру заңдылығы. Кәсіпкердің мамандық деңгейінің жоғары болып, жалақысы өскенс айын, шығындары да жоғарылайды.
Статистика ғылымы пәнінің негізгі 3 ерекшелік қасиеттері бар:
Қоғамдық құбылыстарды зерттеу
Массалық қоғамдық құбылыстарды зерттеу
Құбылыс және процестерді сандық жағынан зерттеу.
4. Статистиканың ұйымдастырылуы.Статистика-лық ақпарат қалыптасуда бастапқы статистикалық деректер, әкімшілік деректер, мемлекеттік органдар статистикалық ақпараты және өзге мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың статистика органдарының статистикалық ақпараты пайдаланады. Статистикалық қызметте осы ақпарат жинауда аса маңызды рөлді статистикалықт бақылаудың негізгі нысандары атқарады.Статистикалық бақылаудың негізгі нысандарыболып табылады:1)статистикалық есепті-лік;2) арнайы ұйымдастырылған бақылау;3) тіркелім.
Статистикалық есептілік әлеуметтік қоғамдағы статистикалық бақылаудың негізгі ұйымдастыру-шылық нысаны болып табылады. Есептілік – бұл кәсіпорын, мекеме, ұйымның өндірістік, қаржылық, коммерциялық және өзге де іс-әрекеті туралы арнайы статистикалық нысанда статистикалық мәліметтері бар, белгіленген мерзімдерде мемлекеттік құзырлы органдарға тапсырылатын ресми құжат.
Статистикалық есептілікке келесі бірқатар талаптар қойылады:
1. есептілікнысандарынстатистиканыңмемлекеттікоргандарыбекітеді;
2. есептіліктіменшіктүрінеқарамастанэкономиканыңбарлықсубъектілеріміндеттітүрдебелгіленгенуақыттажасап, тапсырады;
3. есептіліктіңзаңдыкүші бар;
4. есептіліктіңқұжаттылықдәлелдемесі (бастапқыесепқұжаттары) бар.
Арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқау есептілікте жоқ мағлұматтарды алу мақсатымен немесеесептіліктегі деректерді тексеру үшін қолданылады.
Осындай байқаулар мысалдары: халық санағы, мал, құрылыс, қондырылмаған құрал-жабдықтар санақтары. Сонымен қатар, арнайы байқауға бюджеттік және т.б. байқаулар жатады. Халықтың ұлттық санағы Қазақстанда 1987 жылдан бастап әр он жыл сайын өткізілді. Санақтардың мақсаты - халық саны және құрамы туралы деректер жинау болып табылады.
Статистикалық тіркелім - бұл белгіленген басталуы мен тәмәмдалу кезең үрдістері бар ұзақ мерзімді статистикалық бақылау нысаны. Статистикалық практикада қазірде кәсіпорындар мен тұрғындар деңгейінің регистрлары жүргізілуде, сонымен қатар шаруашылық субъектілері және тұрғын үйлер регистрлері бар.
Нақты айтқанда, тіркелімдер жүйесінде келесі түрлері бар:
1. әкімшілік тіркелім;
2. статистикалық тіркелім;
3. жеке кәсіпкерлер тіркелімі;
4. ауылшаруашылық құрылымдар тіркелімі;
5. тұрғын үй тіркелімі және т.б.
Статистикалық ақпаратты қалыптастыруда статистикалық қызметте келесі тіркелімдер орын алады:
1) статистикалық бизнес-тіркелім;
2) халықтыңстатистикалықтіркелімі;
3) ауылшаруашылықстатистикалықтіркелімі;
4) тұрғынүйқорыныңстатистикалы