Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
121.2 Кб
Скачать

4.6. Жедел жад (жж), Кэш-жады, тұрақты жад (тж), bios модулі.

Жедел жад - ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.

Тұрақты жады (ROM - (ПЗУ)) – энергияға тəуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мəліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды.

Процессордың өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жады (Саsh) деп атайды. КЭШ-жад - жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дəнекер жад ретінде пайдаланылады.

BIOS – Енгізу - шығарудың базалық жүйесі. MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі, тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа, ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жадының жəне басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.

5 сұрақ

5.1. Операциялық жүйе – программалық жабдықтаудың негізгі базалық бөлімі.

Операциялық жүйе (ОЖ) – компьютер іске қосылған кезде бірден жұмыс жасайтын программа. ОЖ қолданушымен сұхбат ұйымдастырады, компьютермен және оның ресурстарымен басқару жұмыстарын,орындауға басқа қолданбалы программаларды іске қосу жұмыстарын орындайдыОЖ – ның 2 негізгі қызметін атап айту керек.

Олар:

  1. Барлық қолданбалы және жүйелік программалардың жұмысын, оларды бірі-бірімен және аппараттық жабдықтармен байланыстыра отырып,қамтамасыз ету;

  2. Әрбір адамға ЭЕМ-ны жалпы басқару мүмкіндігін беру.

5.2.Операциялық жүйелердің классификациясы.

Әрбір компьютерлік бағдарлама ОЖ-нің қызметтерін пайдаланады,сондықтан өзі үшін осы қызметтеді қамтамасыз ете алатын О ОЖ-нің Ж-нің басқаруымен ғана жұмыс істейді. Осылайша, ОЖ-ні таңдаудың маңызы өте зор, өйткені Сіздің өз компьютеріңізді қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. ОЖ-ні таңдауға сіздің жұмысыңыздың өнімділігі,мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да ОЖ-ні таңдауға тәуелді.Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылатын IBM PC типті компьютерлерде бертінге дейін MS DOS операциялық жүйесі орнатылған. Қазір де көбінесе Windows 98,Windows NI,Windows 2000 және Windows XP операциялық жүйелерімен жұмыс істейміз.Windows 98 операциялық жүйесі IBM PC платформалы компьютерлердің графикалық ОЖ болып табылады.

5.3. Операциялық жүйелердің дамуы.

ОЖ – ның дамуының тарихы үлкен уақыт периодын алып жатыр. ОЖ – нің пайда болуы мен дамуы компьютерді конструкциялау процесімен тарихы тығыз байланысты. Сондықтан, ОЖ –ді көз алдымызға қандай болғанын елестету үшін компьютерлер кезеңдерін кезекпен қарастырайық. Есептеуіш техниканың негізін қалаушы, экономикалық машинаны құраушы ағылшын математигі Ч.Бэббидж (1792-1871). Бұл таза механикалық машина болды. Жоғары дәлдікті механизмдерді және көп детальды шығару техналогиясы ол кезде жеткіліксіз түрде дамығандықтан, әрине ол аналитикалық машинаның операциялық жүйесі болмады.

Бірінші кезең (1945-55). Электронды лампалар және коммутациялық панельдер.. Бұл кезде ОЖ әлі де болған жоқ.

Екінші кезең (1955-65). Транзисторлар мен пакеттік өңдеу жүйесі

Үшінші кезең (1965-80). Интегралды схемалар мен көпесептегіш. Үшінші кезең ОЖ бос жады бөлігіне дискіден жаңа тапсырманы енгізіп – шығару қабілетіне ие.

Төртінші кезең (1980жылдан бері).дербес компьютерлер ОЖ –лер эволюциясының келесі периоды Үлкен Интегралды Схемалардың пайда болуымен байланысты. 1974 жылы Intel компаниясы бірінші универсалды 8разрядты орталық процессор шығарды. Бұл алғашқы жаңалықты таныту,сынату үшін CPIMдеп аталатын дискілік ОЖ жасалды. Содан соң ОЖ қызметі өзгертілді. Қолданушының рафикалық интерфейсі ойлап табылды.Microsoft корпорациясы Macintosh компаниясының жетістіктрінің әсерінен MS ­DOS қабылдағышын шығарды,Windows жүйесі өңделді. Windows жүйесінің тұжырымы бойынша - Windows 98, Windows NT,Windows ME ОЖ –рі шығарылды.