Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

11.1. Microsoft Office қосымшалары арасындағы байланыс.

Деректер қоймасы дегеніміз – машиналық ақпарат тасушыларда орналасқан, өзара байланыстағы деректері бар жиымдар кестесі

Microsoft Office қосымшасымен жұмыс істесеңіз, Сервис менюінде Microsoft Office-нің басқа косымша-ларымен байланысты жүзеге асырады (Связи с Office). Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай:

  1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде кестелермен байланыс тәсілін белгілеп, ОК батырмасын басу керек.

  2. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын файл және оның типі таңдалады.

  3. Жабу батырмасын басып, байланыс процедурасын аяқтау керек.

Осы қадамдардан кейін ағымдық қатынаста байланысқан ДҚ жайында ақпарат сақтау үшін, INF типтегі файл құрылады да, атауы байланыс файлы атауымен аттас кесте пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды, бірақ жазбалар қосу мүмкіндігі бар.

11.2. Құрама жəне импортталған кестелер.

Екселде талдаудың қуатты құралы қосылған кесте-Құрама кесте. Осының көмегімен құрамында үлкен көлемде жүйелендірілмеген мәліметтері бар кең көлемді кестелерді талдауға болады және тышқанның батырмасын бірнеше сырт еткізумен оларды қолайлы оқылатын түрге ткелтіруге болады.

Құрама кесте тұрғызу. Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет. Біріктіру кестелері

Мәліметтердің тұтастығы. Егер екі кесте арасында (автоматты түрде немесе қолдан) байланыс орнатылса, екі кестенің мәліметтерін біріктіруге болады. Кейде осы жеткілікті (мысалы, қарапайым телефон аныктамалығын енгізгенде), алайда маңызды мәліметтер базасын құрғанда әр түрлі кестелерге кіргізілетін, бай-ланысқан мәліметтерді бақылаудың қосымша құралдары жөнінде ойлауға тура келеді. Егер пайдаланушы тұтастықты қолдау механизмін іске қосса, бір уақытта байланыс түрін де көрсетуі тиіс. Бірді бірге (1:1) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқа өрістегі тек бір ғана мән сәйкес келеді; Бір көбіне (1:со) - бір кестедегі өрістің бір мәніне басқадағы бірнеше (бір немесе одан көп) мәндері сәйкес. Мәліметтер тұтастығы мынаны білдіреді: 1) бағыныңқы кестенің байланысқан өрісіне басты кестенің байланысқан орісінде бар мәндерді ғана енгізуге болады

2) басты кестеден бағыныңқы кестедегі өрістің бір мәні-мен де тура келетін байланысқан өрістің мәні бар жазбаны жоюға болмайды

Бұл тыйымдарды бүзуға әрекет жасалса, MS Access қате жайлы хабар береді.

11.3. Базалық кестелерді құру.

Кесте құжаттық мәтіннің кез келген жеріне қойыла береді.Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін,сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады.Мұндай жағдайда сіздер кесте тақырыптарын әрбір беттің жоғарғы жағына автоматты түрде орналастыра аламыз.Кестені алғаш рет даярлау үшін Кесте Кестені кірістіру командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек.Кесте даярланған соң ұсынылған стандартты форматтардың жиынынан өзіңізге қажетті форматты таңдап алу үшін Кесте Кестені автоформаттау командасын пайдаланған жөн.Бұл тәсіл кестелерді форматтау процесін анағұрлым жеңілдетеді. Жаңа кестені құру кезінде (кестелер режимінде) Access автоматты түрде алғашқы кілтті жасайды жəне өріске Код атын жəне мəліметтер типін Есептегіш тағайындайды Бұл өріс кестелер режимінде жасырылған, оны

көру үшін кестелер конструкторы режиміне өту керек.