Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

3.1.Дербес компьютер - ақпарттарды жіберу, қабылдау, сақтау жəне өңдеу

құралы.

Компьютер- бұл ақпаратты іздеуге, жинауға, сақтауға, өңдеуге жəне сандық пішімде пайдалануға арналған құрылғы.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды

Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.  Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.  Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.  Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады. 

3.2.Ақпараттарды көрсету жəне енгізу/шығару құрылғылары.

Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын

Тышқан – графикалық басқару құрылғысы, қажетті объектілерді таңдауға мүмкідік береді

Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Қосымша немесе шеткері құрылғыларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: - ақпаратты енгізу құрылғылары (мәтіналғы (сканер), дигитайзер, сандық фотокамера, сызбалық планшет); - ақпаратты шығару құрылғылары (басып шығарғыш (принтер), плоттер); - енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар (модем, дыбыстық бейімдеуіш, желілік бейімдеуіш). 

Шығару құрылғылары.Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар.

Енгізу құрылғылары.Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мəліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында.

Енгізу құрылғылары

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.