Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

15.6.Www баптауы жəне электрондық поштаның негізгі жұмысы.

Интернеттегі электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электрондық пошта болып табылады . Егер Интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланыста екенін ескерсек, онда оны пайдаланып әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге хабар жіберіп және қабылдауға болады. Интернеттегі электрондық поштаның мүмкіндіктерін пайдалану үшін ,WWW – қосылған компьютерге поштаны беретін машинаға қатынас құру мүмкіндігі болуы керек .Мұны (e-mail ) электрондық пошта жүйесі арқылы , мысалы, Lotus cc: Mail немесе Microsoft Mail , пошталық BBC арқылы немесе Интернет қызметтерінен қамтамасыздандырушыға қосылған компьютер арқылы (оларды Интернет провайдерлері деп атайды ) жасауға болады. Электрондық поштаның ұйымдастыру принциптері көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсайды. Машиналарында пошталық жәшіктер бар және пошталық серверлермен коммутацияланған телефон желілері арқылы жұмыс істейтін пайдаланушыларға қосымша әрекеттер қажет болуы мүмкін. Мысалы Relkom пошталық қызметін пайдаланушылар поштаны пошталық серверге жеткізетін uupc программасын іске қосулары керек , ал пошталық хабарды хабарлардың сақталуын да қамтамасыз ететін bml программасының көмегімен дайындауға болады. Кез келген пошталық байланыстың негізгі адрестер жүйесі болып табылады. Нақты адресі болмаса, адресатқа поштаны жеткізу мүмкін емес.