Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

1.5 Ақпарат және оның өлшемі

Қандай-да бір шарттарда информацияның сапалы артықшылықтарын елемей, оны сандар арқылы білдіруге болады, сонымен қатар мəліметтердің əртүрлі топтардағы информацияларының мөлшерін салыстыруға болады.

Информация мөлшерін есептеу үшін “логарифм” жəне “ықтималдылық” математикалық ұғымдары пайдаланылады.

1928 жылы Американ инженері Р.Хартли таңдап алынған хабарлар ішіндегі инормациялар мөлшерін екілік логарифм арқылы есептеуді ұсынды.

Хартли формуласы: I = log2N

мұндағы І –информация мөлшері, N- ықтималдылығы бірдей хабарлар саны.

Информацияның өлшем бірліктері

Информацияның жалпы теориясының қағидаларына сүйенсек, информацияны өлшеу үшін қажетті өлшем эталоны ретінде қандай-да бір абстракты объект таңдап алынады. Ол объект мүмкін екі жағдайдың, мысалы, “иə” жəне “жоқ”, “ашық” жəне “жабық”, “қосылған”жəне “қосылмаған”, бірінде болуы керек.Бұл жағдайлардың біріншісі 1 жағдайы, ал екіншісі 0 жағдайы деп қарастырылады.

0 мен 1 сандарының ұзын комбинациялары арқылы кез-келген санды, мəтінді жəне басқа да информацияларды көрсетуге болады.

Сандарды, информацияларды 0 мен 1-дің комбинациясы арқылы көрсетуді екілік көрсету деп атайды. 0 жəне 1 цифрлары бұл жағдайда екілік цифрлар немесе екілік разрядтар болып есептелінеді. Сандарды екілік цифрлармен көрсету жүйесін екілік есептеу жүйесі деп атайды.

Клод Шеннон информация бірлігі ретінде 1 битті (ағылшынша bit – binary digit екілік цифр) қабылдауды ұсынды.

Информация теориясында бит дегеніміз ықтималдылығы екі хабарды бірдей (“иə” –“жоқ”, “тақ” – “жұп” жəне т.с.с.) ажырата білу үшін қажетті информация мөлшері.

Есептеу техникасында бит деп мәліметтер мен командаларды машина ішінде көрсету үшін пайдаланылатын «0»және «1»белгілерінің бірін сақтауға қажетті компьютер жадының ең аз «порциясын» айтады.

Биттер тізбегі компьютер жадында əртүрлі сандарды, символдар мен кез-келген басқа информацияларды көрсетеді. Бит өте кішкентай өлшем бірлігі болғандықтан, іс жүзінде көбінесе одан үлкен бірлік - байт қолданылады. Байт 8 биттен тұрады.Компьютер пернетақтасының алфавитіндегі 256 символдың кез-келгенін кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Информация өлшем бірлігінің ірі туындылары:

1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,

1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,

1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.

1.6 Санау жүйесі, позициялық санау жүйесі, бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыру

Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.

Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.

Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.

Санау жүйесi төртке бөлiнедi:

  1. ондық санау жүйесi;

  2. екiлiк санау жүйесi;

  3. сегiздiк санау жүйесi

  4. оналтылық санау жүйесi.

Сандарды бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру

Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру

Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:

129:2=64 (1) 12910=100000012

64:2=32 (0)

32:2=16 (0)

16:2=8 (0)

8:2=4 (0)

4:2=2 (0)

2:2=1 (0)

1:2=0 (1)

Ондық санау жүйесiндегi санды сегiздiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi.

Ондық санау жүйесiндегi санды оналтылық санау жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек.

Басқа санау жүйесiндегi сандарды ондық санау жүйесiне ауыстыру

Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910

Сегiздiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910

Оналтылық санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:

8116=8*161+1*160=128+1=12910

2-билет

2.1. ЭЕМ-де сандық жəне символдық ақпаратты кескіндеу.

Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR(ағылшынның CHARACTER-символ деген сөзінен қысқартылып алынған)түйінді сөзі арқылы жүзеге асырылады.CHAR типіндегі айнымалының мәні компьютерде пайдаланылатын кез келген жеке символ болып,ол мәлімет өрнектеудің кодтық кестенің белгілі бір мәніне сәйкес келуі тиіс.Әрбір символ 0 мен 255 арасындағы кез келген бір бүтін санмен бейнеленеді,оның негізі болып ASCIIкодтары саналады.Оның 0-127кодтарына сәйкес символдары әмбебап таңбалар болып табылады,оларға латын әріптері,тыныс белгілері,цифрлар,арифметикалық операция таңбалары және басқару символдары кіреді.Ал 128-255 кодтарына сәйкес символдар арнайы символдар мен ұлттық алфавит әріптері осы соңғы топта орналасқан. .Символдық және сандық мәндерді енгізгенде,көбінесе EOLN(end of line-жол соңы)стандартты функциясын пайдалану қолайлы болады.Бұл функция мәні «жолдың соңы болды»немесе «мәндер беріліп болды»дегенді білдіретін Enter пернесі басылғанда ғана ақиқат (True)болады.Бұл функция көбінесе циклдік опреторларда пайдаланылады