Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

6.5 Буль алгебрасы.

Логика – бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз – жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу жəне сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді.

Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді жəне қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады.

Компьютердің логикалық элементі – элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі.

Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз – ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз.

7 сұрақ

7.1.Файлдар жəне бумалар. Сілтеме.

Файл деген міз не? Файл (fillee- бумага, десте) белгілі бір атпен магниттік диск де жазылған біртектес информациялар жиыны. Файл- аты бар бір құжатар байттар тізбегі , Файл программа, не құжат болуы мүмкін. WINDOWS-та программалардың басқа атауы- қолдан ба қолданылады.Әр файлдың аты болады..Оң жақ бөлгіш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 225 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында / ? : * < > / символдарын пайдалануға болмайды.

Сілтеме программасы файлдарды басқаруға, қосалқы программаларды жүктеуге, құжаттарды ашу тəрізді мүмкіндіктерге жағдай жасап, дербес компьютердің барлық мазмұнын көру мүмкіндігін туғызады. Кез келген жұмыс кеңістігі құралына сілтеме жасауға болады.

Бума (Folder) экранда каталогтарды жəне программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады. Бума- бұл түрлі программаларды және құжаттарды дискіге, файлға сақтайтын ақпаратты сақтаушы Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады.

7.2. Windows-ты баптау.

WINDOWS 98 операциялық жүйесін орнатқанда жүйе пайдаланушылардың көпшілігіне есептелінгені белгілі бір стандартқа сәйкес бапталуы керек. Бірақ әрбір пайдаланушы компьютерді өз "мәнеріне"  сәйкес- терезелердің түсін өзгертіп, жұмыс үстелінің бетіне өрнек таңдап немесе оған стандартты сурет қойып, командалар мәтін қарпінің өлшемін үлкейтіп немесе кішірейтіп, маустың қозғалу жылдамдығын орнатып және т.с.с баптауына болады.