Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

5.6. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

. Ақпараттандырудың аппараттық жабдықтары.

Дербес компьютердің (ДК) архитектурасы дегеніміз аппараттық құрылғылардың жəне программалық жабдықтардың жиынтығы, сол сияқты олардың өзара қатынасы мен дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өзара байланыс жүйелері. Дербес компьютер бір-бірімен байланысты екі бөлімнен тұрады: аппараттық құрылғылар (Нагdwаге), жəне (Sоftwаге) программалық жабдықтар.

Аппараттық құрылғылар: жүйелік блок пен шеткері құрылғылардан тұрады.

Жүйелік блок – процессор, жад, адаптер (бақылаушы), жүйелік шина, таймер, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары орналастырылған компьютердің негізгі бөлімі. Олар орналасқан тақшаны аналық тақша немесе жүйелік тақша деп аталады. Жүйелік блоктың ішіне орналасқан құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары деп, ал басқа құрылғылар (пернетақта, монитор, принтер, т.б.) шеткері құрылғылар деп аталады.

Процессор – компьютерді басқару құрылғысы. Ол жадта орналасқан жүйелік программалар арқылы компьютер жұмысын автоматты түрде басқарады. Компьютердің жылдамдығы (жұмыс өнімділігі) процессордың бір секунтта орындай алатын қарапайым операция санымен өлшенеді.

Микропроцессор - компьютердің негізгі компоненті. Арифметикалық жəне логикалық операцияларды орындайды, қажетті программалық есептерді басқарады. Микропроцессор екілік разрядтармен ғана жұмыс істейді.

Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру.

Кэш – жад – Қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мəліметтерді кэш –жадтан алу əрекеті процессордың мəліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жəрдемдеседі. Яғни кэш – жады компьютердің жұмыс өнімділігін арттыруға арналған.

Жүйелік шина. Процессор мен жадта ақпараттық кеңарна н\е ішінде басқа шиналар: деректер беру кеңарнасы мен адрес беру кеңарнасы бар шина жалғастырады. Олардың әрқайсысы 8, 16 н\е32 сымнан тұратын жинақ б\т.

Барлық блоктар, оның ішінде енгізу-шығару порттары шинаға ағытпалар арқылы тікелей н\е адаптерлер арқылы қосылады. Адаптер - əр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.

Таймер – кәдімгі сағат рөлін атқаратын интегралды схема. Қызметі – монитор эқранында кескіндерді қалпына келтірудің уақытша аралықтарын бөлу.

ДК–ның шеткері құрылғылары көмекші операторларды орындауға арналған Олар:

  • Мәліметтерді енгізу құрылғысы: Сканер, пернетақта, графикалық планшеттер, манипулятор, сенсорлық экран

  • М–ді шығару құрылғысы:принтер, плоттер, колонка

  • м–ді алмастыру құрылғысы: Желілік адаптер, Модемдер .

6 сұрақ

6.1.Қосымшаларды, бумаларды, файлдарды жəне дискларды басқару амалдары.

Қазіргі кезде қолданылатын операциялық жүйелердің бәрі файлдармен жұмыс істейді. Windows жүйесі әрбір адамды дискідегі файлдарды пайдалану кезінде оларды үнемі қадағалау қажеттігінен босатты. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған мәліметтер жиыны файл деп аталады да дискіде сақталады. Файл белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.

Қатты дискіге ақпараттар өте күрделі жолмен сақталады, бірақ оларды оқу өте жеңіл іске асады. Файлдардың сақталған орны жөніндегі ақпарат «Файлдардың орналасу кестесі» (ҒАТ) деп аталатын дискінің арнайы аумағында жинақталған. Жұмыс үстелінде жаңа бума құру үшін жұмыс үстелінің кез- келген бос жеріне тышқан көрсеткішін апарып, оның оң жақ батырмасын басу жеткілікті. Егер басқа буманың ішінде бума құру қажет болса, онда ең алдымен жаңа буманы құратын буманы ашып, оның ішіне өз бумаңызда құру үшін, терезенің жұмыс аумағының бос жеріне апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басасыз. Пайда болған динамикалық менюден Создать командасын таңдайсыз.