Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

5.4 Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу. 2.4. Дербес компьютердің негізгі жəне қосымша құрылғыларымен танысу.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары 1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым. ДК –дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы кіреді.

1.Жүйелік блок – компьютердің негізгі құрылғысы.

2.Монитор– компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы.

3.Перне тақтасы – компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы.

4.Тышқан –«графикалық» басқару құрылғысы.

Жүйелік блок.

Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:

• процессор

• жедел жад (RAM)

• тұрақты есте сақтау жады (ROM)

• қоректендіру блогы

• енгізу-шығару порттары

• ақпарат тасушылар

Дисплей- компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын .

Тышқан – графикалық басқару құрылғысы, қажетті объектілерді таңдауға мүмкідік береді. Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

• Шығару құрылғысы

• Мəліметтерді алмасу құрылғысы

• Енгізу құрылғылары

Шығару құрылғылары.Принтерлер мен плоттерлер. Принтер (баспа құрылғысы) мəтіндік жəне графикалық мəліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.

Қазіргі кезде принтерлердің матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш жəне термографиялық түрлері бар.

Енгізу құрылғылары.Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мəліметтерді (мəтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Мəліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады

Модемдер (модулятор - демодулятор) компьютерлер арасында мəлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мəліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек - 2500 бит/сек аралығында.

Стимер – тізбекті қатынас құру құрылғысы, қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

5.5. Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру.

IBM фирмасының анықтамасы бойынша компьютерлік жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:

1)шығарылытын есепті,орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып,соның нәтижесін алатын адам;

2)аппараттық жасақтама(Hardware);

3)мәліметтер файлы;

4)компьютерді программалық жасақтамасы(Software).

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны-машиналарды,мәліметтерді,программаларды және адамды-біріктіре қарастыру кезінде қолданады.