Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
121.2 Кб
Скачать

1-билет

    1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар, және ақпараттық процесстері туралы ұғым. Жалпы түрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген əлемнің, заттың бейнесі болып саналады.

Ақпарат –табиғатта, қоғамда жəне адамзаттың өзі құрған жүйелерде айналып жүретін мəліметтер жиыны. Сондықтан информацияны жинайды, сақтайды, бір-біріне береді, өңдейді жəне пайдаланады. Бұл мақсат үшін ақпараттық технологиялар пайдалынады.

Ақпараттық технологиялар дегеніміз информацияларды жинау, жинақтау,сақтау, іздеу, өңдеу жəне беру тəсілдері мен əдістерінің жүйесі.

Ақпараттық технологиялар - қолданылу диапазоны ауқымды кешенді ғылыми пəн.

Оның приоритетті бағыттары:

- Есептеу жүйелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау;

- ақпараттар теориясы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру мен сақтауға байланысты үрдістерді оқытады;

- математикалық моделдеу, есептеу жəне қолданбалы математиканың əдістері жəне олардың білімнің əртүрлі облыстарындағы фундаментальды жəне қолданбалы зерттеулерде қолданылулары;

Ақпараттық процесс – бұл процесс нәтижесінде ақпаратты қабылдау, жинау, шығару, өңдеу және сақтауға болады.  Ақпаратты қабылдау – техникалық жүйеге немесе сыртқы өмірден тірі ағзаға түскен мәліметтің болашақта пайдалануға ыңғайлы формаға түрлендіру процесі.  Ақпаратты жинау – сыртқы ортадан ақпаратты қабылдау және оны берілген ақпараттық жүйеге сәйкестендіру. Ақпаратты шығару – арнайы программаның және ақпараттық құралдардың байланыс каналдарымен жүзеге асады.  Ақпаратты өңдеу – қазіргі дамыған ақпараттық жүйеде тізбектей және уақытқа сай есептеулерді шешу.  Ақпаратты сақтау бұл оның қайталанып пайдалануымен туындаған және ол ақпараттық массив түрінде машиналық тасымалдаушымен жүзеге асады. 

1.2 Ақпаратты түрлері мен формалары

Ақпаратты əртүрлі əдістермен жіктеуге болады. Сондықтан əрбір ғылымда ақпаратты өзінше жіктейді.

Информатикада ақпаратты көрсетудің екі формасы бар:

• Аналогтық (үздіксіз)- дененің температурасы, домбырадан шығатын үн, əрине ойнау тоқтатылмаған кезде, автомобиьдің қозғалысы;

• Дискретті (үзік-үзік) – жыл мезгілдері,Морзе азбукасындағы нүкте жəне тире.

Пайда болу саласы” нышаны бойынша:

• Элементарлы – жансыз табиғаттың процесстері мен құбылыстарын қамтып көрсетеді;

• Биологиялық –жан-жануар мен өсімдік өмірінің процестерін қамтып көрсетеді;

• Əлеуметтік – адамзат қоғамының процестерін қамтып көрсетеді.

Қабылдап алу мен беру тəсілдеріне байланысты:

• Көзбен шолу – символдар жəне көрінетін бейне арқылы беріледі;

• Есту (аудиальды) - дыбыс арқылы беріледі;

• Тактильді – сезім арқылы беріледі;

• Органды- иісі мен дəмі арқылы беріледі;

• Машиналы –есептеу машинасының көмегімен қабылданып беріледі.

1.3 Ақпараттық қор немесе ресурс деп арнайы ЭЕМ-ларында өңделген жəне ұйымдастырылған, қоғамды басқаруда, техникада жəне өндірісте пайдалынатын мəліметтерди айтады. Ақ-әртүрлі объектіерден, процестерден шығатын мәліметтер жиыны (ақ-қ ресурстар). Ал ақ-қ ресурстар д(з басқару функцияларынын іске асырып нысан жөнінде ақ-ды алуды, беруді ж(е өңдеуді ұйымдастыратын жүйе. Яғни адамзат жасаған барлық қондырғылар мен жүйелер ж(е ең бірінші кезекте, компьютер – ақ-тарды өңдеуге арналған әмбебабты қасиеті бар жүйе болып табылады. Ақ-тық ресурстар ақ-тық технологиялармен тығыз байланысты болады. Қазіргі кезде ақпараттық технология термині ақ-ты өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданады. Ақ-тық рес-тар өндірісте, саудада, басқаруда, банктік жүйеде, білім беруде, денсаулық сақтауда, мед-на мен ғылымда көлікпен байланыста, ауыл шаруашылығында, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, яғни ақ-тық рес-дың негізгі мақсаты – адам еңбегінің өнімділігін арттырумен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту б(т. Сонымен қатар ақ-қ рес-тардың тағы бірегей қасиеті бар – ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді. Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен құтылып өз параметрлерін анықтай отырып ұдайы дамытылады ж(е жетілдіріледі.

1.4 Қоғамды ақпараттандыру – ең анық информацияны дер кезінде жəне толық пайдалануымен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жаппай енгізу. ҚА жаңа инф-лық технологиялардың дамуы мен оны игеру дəрежесіне байланысты.

Ақпараттандыру дегеніміз – қоғамда, танымда, əрбір салада информатика жетістіктерін қолдану процесі.

Ақпараттандырудың материалдық негізі – информация ала алатын информациялық, компьютерлік, бейне- аудио коммуникациялық құралдар.

Ақпараттандырудың саналық негізі – ғылыми, әсіресе математикалық, формалдық, информациялық әдістер мен моделдер, білім базалары,т.б.

Ақпараттандырудың технологиялық негізі- жаңа АТ және интерфейс ұйымдастыру әдістері, информацияларды маңыздылау және т.б.