Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
модель шпор 1-блок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
43.6 Кб
Скачать

11. Басқарушылық шешімдерді әзірлеудің негізгі формалары

Басқарушылық шешімдер модельдері келесі негізгі элементтерден тұрады:

  1. Мақсат

  2. Альтернативалар

  3. Сыртқы орта жағдайы

  4. Уақыт аспектісі

Мақсат –кез-келген шешімді қабылдау моделі алдына мақсат қояды. Кей модельдер бір ғана мақсаттық функцияны қажет етеді. Ал басқалары алдына бірнеше мақсаттық функцияны қояды. Мақсаттар жүйесі мақсаттық функциясын басқа приоритеттік қатынастардан тұрады.

Альтернативалар –деп іс-шаралардың күтіліп отырған варианттардың нұсқалары. Осы нұсқалар бір-бірімен қажеттілік деңгейі бойынша салыстырылады. Сөйтіп бір ғана нұсқаны таңдап пайдаланады. Сонымен қатар, бағдарламалық шешімдер моделі қолданылған кезде іс-шаралар нұсқауларының бірнешеуі іске асырылады. Көп нұсқаның ішінен бірін қалдыру –бір шешімді қабылдау модельдеріне тән.

Сыртқы орта жағдайы –кәсіпорынның жағдайына тікелей әсері бар. Олар кәсіпорынға анықталмағандық пен тәуекелділік арқылы әсерін тигізе алады. Сол себептен басқарушылық шешімдердің модельдерін ақпаратпен қамтамасыз етуді қажет етеді.

Уақыттық аспект –бұл аспект шешімдерді қабылдау модельдеріне қатысты іс-әрекеттерді өңдеу мен іске асыру мерзімдерімен маңызды.

12. Концептуалды моделдеу

Концептуалдық жобалау -  программада қарастырылатын негізгі мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетін алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау.

Концепциялық модель (Концептуальная модель; conceptual model) — ғылым саласын талдау нәтижесінде анықталған ақпараттық объектілердің, олардың атрибуттары мен объектілердің арасындағы өзара байланыстардың жиынтығын қамтитын модель;

  • негізгі үғымдар мен тілден төуелсіз және кейбір пән саласының мағыналық құрылымы болып саналатын үғымдар топтамасын құрастыру ережелерінің жүйесі.

13. Физикалық моделдеу

Физикада

Модельдеу – кейбір нысандар мен құбылыстарды, физикалық табиғаты дәл сондай олардың модельдерімен алмастыра отырып зерттеу. Модельдеудің негізіне зерттелетін құбылыстардағы заңдылықты анықтау үшін немесе теориялық жолмен табылған тұжырымдаманың дұрыстығын және оның қолданылу аясын тексеру үшін жүргізілетін эксперимент алынады. Физикалық модельдеу ұқсастық теориясы мен өлшемділік талдауына (анализіне) негізделген. Нақты зат (натура) пен оның моделінің арасындағыгеометриялық ұқсастық (пішін ұқсастығы) және физикалық ұқсастық физикалық модельдеудің басты шарты болып табылады. Физикалық модельдеу әр түрлі механиклық (гидроаэромеханика, деформацияланатын қатты дене механикасы), жылу және электрдинамикалық құбылыстарды зерттеуде кеңінен қолданылады. Электрдинамикалық модельдеу электр жүйелеріндегі электрмагниттік және электрмеханикалық процестерді зерттеу кезінде пайдаланылады. Гидродинамикалық модельдеуге арналған эксперименттік қондырғыны жасау кезінде қондырғы мен модель, модель мен нақты затқа сәйкес келетін ұқсастық шарттарының өзара тең болуына айрықша көңіл бөлінеді. Физикалық модельдеудің тәсілдері ғылыми-зерттеу жұмыстары мен техниканың көптеген салаларында (гидравлика мен гидротехникада, авиацияда, ракеталық және ғарыштық техникада, кеме және прибор жасауда, машина жасаудың түрлі салаларында, т.б.), сондай-ақ әр түрлі саладағы тәжірибелік маңызы бар күрделі есептерді шешу кезінде кеңінен қолданылады.