Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
модель шпор 1-блок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
44 Кб
Скачать

5.Статикалық және динамикалық модельдер

Уақыт факторы бойынша:

1.статикалық –модельдеу жүйесінің құрылымын көрсете отырып, уақыт ағымындағы өзгерістерін көрсетпейді.

Мысалы: схема, график, диаграмма.

Нақты бір уақытындағы объект құрылымын көрсетеді.

2.Динамикалық – жүйедегі өзгерістердің уақыт өте дамуын көрсетуге мүмкіндік береді.

6.Оптимизациялық модельдер

Оптимизациялық түрдегі модельдер –бұл модель мақсаты нақты бір экономикалық көрсеткішке қатысты оптималды шешім табу. Мысалы: нақты бір уақыт ағымында бюджетке максималды қаржы ағымын қамтамасыз ететін салық ставкаларының көлемін табу.

7.Имитациялық модельдер

Модельдеу тәсілі бойынша:

  1. Аналитикалық –бұл жерде модельдеу объектісінің қылығы функционалдық тәуелділік пен логикалық шарттар түрінде көрсетіледі.

  2. Иммитациялық –бұл жерде нақты процестер компьютерлік алгоритмдер арқылы көрсетіледі.

8. Басқарылатын және болжамды модельдер

Басқарылатын модельдер - Басқару үлгісі- басқарылатын ұйым қойылған мақсаттарға жету үшін, қарқынды даму және өзінің өмірге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін басқару жүйесі қазір қандай және қандай болу керек, ол қоршаған ортаға қалай бейімделеді, қалай бейімделу керек деген сұрақтарға жауаптардан тұратын теоретикалық түрде құрылған бүтін сыбайластықтар жиынтығынан тусіну керек. Басқару процесі мен ғылымында Басқару үлгісі маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл басқарушының басқаруына берілген объектіні қалай басқару, алдында тұрған, мәселерді шешу үшін, басқарушылық стратегиялардың арсеналын, технологиясын қолдану сияқты күрделі міндеттер тұруымен тығыз байланысты.

Оның екі кезеңі бар:

1.Үлгіні құру

2.Үлгіні зерттеу және тұжырым жасау

Болжамды модельдер – модельдердің функционалды қызметін қарастыра отырып, олардың орындайтын келесі функцияларын жіктейді:

  1. Зерттеу ф-сы –ғылыми білім алуда қолданылады;

  2. Тәжірбиелік ф-сы –тәжірбиеде қолданылатын болжам, жобалау;

  3. Тренингтік ф-сы –әр түрлі салаларда мамандардың тәжірбиелік білімі мен біліктілігін жоғарлату үшін қолданылады.

  4. Оқыту ф-сы –мамандардың білімін, біліктілігін қалыптастыру үшін қолданылады.

9. Модельдерді ұсыну формалары

1. физикалық форма –материалдық объект пішіні: глобус, қала жоспары;

2. вербалдық форма –сөздік –объект сипаты сөз, сөйлем арқылы: адам келбеті, кәсіпорын құрылымын ауызша сипаттау;

3. графикалық –схема, график, диаграмма, карта;

4. таңбалық –символ, белгі арқылы: жол белгілері, математикалық формулалар.

10. Модельдердің атқаратын функциялары

Менеджменттің функциялары:

  • Жоспарлау- ұйымның мақсаттарын құруға және нәтижелерді қадағалауға әрекет көрсеткішінің жүйесін тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

  • Ұйымдастыру- ұйым құрылымын құрастыру және оның тиімді жұмысы үшін қажетті нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету.

  • Уәж- ұйымда қызмет атқаратын адамдарды белсендірі.

  • Бақылау- ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз етеді.

  • Үйлестіру- ұйымның барлық буындарының арасында рационалды байланысты орнату жолымен олардың жұмыс барысында келіспеушілікті, ірекет бірлігін қамтамасыз етеді.