Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

18. Туристтік саяхат мақсаттары

Жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Жорық мақсаттарын атап шықсақ, олар мынадай: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.

Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық жорықтар (демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.

19. Туристік жорықтарды өткізу ережелері Қатысатын адамдардың тәжірибесі, міндеті мен құқықтары. Қатысушының міндеті:

-жетекшілердің бұйрықтарын дер кезінде орындау;

- мед.тексеруден өту;

- жорық кезінде ауру-сырқаттары жөнінде айту;

- жорық даярлығына қатысу, жаттығу;

- есеп құрастырылуына қатысу.

Қатысушының құқығы:

- жетекшіні сайлау;

- маршрутты таңдау;

- жорықтан кейін қатысушылар мен жетекшінің әрекеттерін талқылау, егер олармен келіспесе, туристік ұйымға шағым немесе арыз жасау.

Тәртіп бұзғаны үшін былай жазалануы мүмкін:

- жорықты қабылдамау;

- оның алдындағы жорықтарды жою;

спорттық дәрежеден айыру;

-жорыққа шығуына тиым салу, рұқсат бермеу.

Жорық жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:

- жорық ауданын білу, танысу;

- қатысушыларды таңдау;

- дайындық жасауды ұйымдастыру;

- қажетті рұқсаттар мен келісім жасау;

- маршруттық құжаттарды жинау;

- қауіпсіздік ережесін орындауды бақылау;

20. Оқу жаттығу жорығын ұйымдастыру арнайы график бойынша оқу практикалық мақсатында өткізіледі.Негізі саяхаттың жетекшілері мен инструкторларды дайындауды қарастырады.Оларды көбінесе техникалық және методологиялық дағдыларды үйрету мақсатында арнайы жерде өткізеді.Сонымен қатар туристтік квалификацияны, физикалық даярлықтың дәрежесін жоғарылату үшін де өткізіледі.Оқу жорығының маршрутына қойылатын талаптар ұйымдастыру-методикалық нұсқаулар мен оқу жоспарында беріледі. Жорықтың өткізілу поаны және маршруты туризм кеңесінің комиссиясымен бекітілуі тиіс.Мұндай жорықтарда инструкторлардың біліктілігі мен жылдамдығы де үлкен рөль атқарады.маршрутта кездесетін кез келген кедергілер оқу мақсатында пайдаланылуы тиіс.

21.Туристік құрал-жабдықтар туристік саяхтр-да қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жата- ды. Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойыла тын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенім ділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы гигиена қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет. Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құр ылатын, бір-екі таяқпен орнастырылаты, және т.б. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбей тін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс. Пайдаланған кейін палатканы тазартып, жақсылап кептіріп дұрыс жинақтау керек. Егер кеппеген күйінде жинап қойса, палатка шіріп кетеді. Орнатқан кезде қазықтар қолданылады: олар жеңіл материалдан жасалынуы керек. Палатканы құмда орнатса, қазықтары ұзын болуы керек. Егер қазық жерге қадалмаса, палатканың шеттерін жіп өткізіп таспен бекітеді. Сондықтан әрқашан бір бума жіңішке жіп пен пышақ алып жүру керек. Кейде су өтіп кетпеу үшін үстіне жабатын полиэтилен қолданылады. Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін. Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек. Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек. Жақсы рюкзак болса салмақ ортасы төмен орналасады, ауыртпалық иыққа емес, арқа мен белге түседі. Жүрген кезде рюкзакты түзеп жүру мүмкіндігі болуы қажет. Жүкті рюкзакқа дұрыстап арту керек: еш нәрсе арқаға батпау керек, ауыр жүк түбінде, жеңілдері және жолда керек болатындары үстінде орнатылады. Рюкзакқа жүк артқанда заттарды нығыздап салу керек; еш нәрсе салбырлап, сылдырлап, шайқалып тұрмау керек, рюкзак қозғалыс кезінде былқ етпегені дұрыс.

Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн. Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты пластик бәтіңке кию керек (мысалы, «кофла»), ұйқы қабына аяқ киім шешпей жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажайды. Шұлықты да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып қалады да аяқты қажап жаралайды. Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім, жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б. болуы керек. Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток – жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін «кошки», мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер («айс-фифи») қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, «сегіздік» сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек. Жөндеу саймандары:1. Сумка

2. Жеңіл пассатижи (тістеуік)3. Әртүрлі жұмсақ сым 4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

5. Қайрақ, үш қырлы егеу 6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка 7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер 9. Тігін материал салатын қорапша 10. Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш. Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы (ЗСК) және шлем (каска) қолданылады. Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал. Байдарка – жеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы (уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір (каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын байдарка қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі болады. Қаңқалы байдарка (каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-, 2-, 3 орынды «Таймень».Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.

Су слаломы үшін каноэ қолданылады. Каноэ тегіс (ағаш діңі немесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ (қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады. Катамаран («бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік каноэ – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л. Сал (плот) – бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек немесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став (корпус) алдыңғы және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран буданы – честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, гондоланың диаметрі 0,8, ұзындығы 3,2м, кеме мөлшерлері 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады. Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі (бросательный конец) жағалаудан сақтандыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығын анықтау үшін адамның бойына (см) оның салмағының жартысын (кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размер үлкен болу керек. Аяқ киімнің ішіне қар кіріп кетпеу үшін арнайы шұлыққа ұқсайтын бахилы (фонарики) қолданылады, ұзындығы 40 см. Міндетті түрде бірнеше жылы киім болу керек. От жағатын саймандар: примустар, газ немесе бензин, желден қорғайтын және жандырғы жылуын сақтайтын шыны талшығы бар мата (стеклоткань) болу керек.

Коммерциялық қиын емес треккинг (10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді. Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі негізгі (10-12 мм) арқан, 10м репшнур [жіңішке (8 мм) арқан], 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница. Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, жөндеу саймандары, безмен (таразы), сағат.Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары: 1) тізім жасау;2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек (пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.

22.Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жатады.

Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенімділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы, гигиена, қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет.

Топтық:

  1. Үш орындық палатка – 3-4 шт

  2. Палаткаға қазықтар – 2-3 компл.

  3. Палатка астына төсегіштер

  4. Конистрлер – 2 шт

  5. Шелек – 1 компл.

  6. Туристік балта – 2 шт

  7. Қос қолды ара – 2 шт

  8. Сіріңке – 3 қорап

  9. Дастархан - 2 шт

  10. Планшет – 1шт

  11. Фонариктер(қосымша батарейкаларымен) – 2-3 шт

  12. Компас

  13. Бинокль

  14. Фотоаппарат

  15. Медициналық қобдиша

  16. Негізгі арқан – 50м

  17. Репшнур – 50м

  18. Карабин

  19. Жумар

  20. Мұз жарғыш

Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құрылатын, бір-екі таяқпен орнастырылатын, және т.б. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбейтін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс. Пайдаланған кейін палатканы тазартып, жақсылап кептіріп дұрыс жинақтау керек. Егер кеппеген күйінде жинап қойса, палатка шіріп кетеді. Орнатқан кезде қазықтар қолданылады: олар жеңіл материалдан жасалынуы керек. Палатканы құмда орнатса, қазықтары ұзын болуы керек. Егер қазық жерге қадалмаса, палатканың шеттерін жіп өткізіп таспен бекітеді. Сондықтан әрқашан бір бума жіңішке жіп пен пышақ алып жүру керек. Кейде су өтіп кетпеу үшін үстіне жабатын полиэтилен қолданылады.

Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін.

Бивак үшін ыңғайлы кең жер, отын мен су керек. Қатты желі жоқ ық орын болса жақсы, бірақ шағатын жәндіктер көп болса, жел есетін жерді таңдау қажет. Жылдың суық мезгілінде бивакты күннің көзіне, күн ыстық болса көлеңкеде орналастырады. Мүмкіндікше шығысқа қарай ашық орын іздеген жөн: күн ерте шығып дымқыл палаткаларды кептіріп үлгереді. Пана ретінде ірі жартастарды, үңгірлерді, құлаған ағштарды пайдалануға болады. Ең алдымен таңдаған орын қауіпсіз болу қажет. Өзеннің аласа жағалауында, аралдарда, тартылып кеткен өзендердің арналарында, тар шатқалдар мен каньондардың түбінде су тасқыны қауіпі себебінен бивак орнатуға болмайды. Жай түсу (найзағай) қауіпі болғандықтан асуларда, жоталарда, шыңдарда тоқтауға болмайды. Бивак жанында кесіле бастаған, шіріген, тесіктері бар ағаштар болмау керек: жел соқса олар құлауы мүмкін. Түнеу орнын қараңғы түспей орнату керек. Бір адамға 2х0,75 м жер болса ыңғайлы болады. Жылы маусымда ең оңай жасалатын баспана жіңішке ағаш пен матадан жасалған күрке болады. Мата не пленка болмаса құры ағаштан да жасауға болады. Шырша немесе қарағай бұтақтарын шифер сияқты салу керек, сонда су күркенің астына ақпай сыртына қарай кете береді.

Батпақ немесе дымқыл жерде баспананы (күркені) жер бетінен сәл көтеріп орнату керек. Қысты күні орнын қардан босатып 4-5 сағат отпен жылтады; -15 градустан жылы болса 2 сағат жеткілікті. Жататын жердің астына шырша, қарағай бұтақтарын, ұсақ тал өсімдіктерін төсеу керек. Қатты қарды кірпіш сияқты қылып кесіп үйшік (иглу) жасауға болады.

Құрал-жабдықтарды дайындау жоспары:

1) тізім жасау;

2) тізім бойынша таңдау, алу, жорық жағдайына жақын жағдайда тексеру;

3) түзеу, жөндеу, жаңадан жасау немесе қосымша айла жасау.

Құрал-жабдықтардың күйі, пайдалану мерзімі күту мен сақтауға байланысты. Аяқ киімді маусымнан кейін мұқият жуып-тазалап, табиғи жылумен кептіру керек. Сақтауға арналған заттарды пайдалану керек (пропитка). Ұлтарағын бөлек сақтау керек, ал аяқ киім ішін қағазбен тығыздау қажет.