- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •23. Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26. Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28. Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29,30,31 Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Тамақтандыру функциялары. Азық-түліктің энергиялық құндылығы
- •32.Жорық ас мәзірін әзірлеу. Туристік топтың толық жүк салмағы мен шығындарын есептеу
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36. Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37. Маршрутты картада көрсету, маршрут схемасын жасау. Азимут және азимут түрлері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61.Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация
- •77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87. Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •88. Туристік топтың психологиялық жағдайы
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •93. Бұқаралық туристік шаралар
- •94. Туристік бұқаралық жилыстар мен жарыстар
- •95 Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97. Коммерциялық турға қажетті құжаттар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
68. Жер бедер формалары мен элементтері.
Таулар немесе таулы аймақтар дегеніміз тектоникалық үрдістердің нәтижесінде пайда болған, тілімделген және биіктіктің шұғыл айырмашылықтарымен сипатталатын, жер бетінің биікке көтерілген үлкен аймақтары болып табылады.
Тау бөктері (предгорья) – таулар мен тау жүйелерінің шеткі аласалау өңірлері. Адырлы немесе таулы болады.
Шоқы ( пик) – үшкір шың
Шың – таудың ең биік нүктесі. Шыңдардың талай түрлері болады: шоқы, «ине», «тіс», «мүйіз», мұнара, пирамида, конус, күмбез, «үстел тау».
Тау массивы – биіктік айырмашылығы шамалы болатын таудың бөлек тобы.
Тау жотасы – ұзынынан-ұзақ түзілген, ойпаттар және асулармен бөлінген тау шыңдарының тізбегі. Беткейлері сайлармен тілімделген.
Тау тізбегі – бірнеше ұзын тау жоталарының тобы.
Таулар тобы – басқа тау топтарынан терең және енді аңғарлармен бөлінген таудың дербес тобы.
Қырқа, жота – тау жотасының қарама-қарсы беткейлерін қосатын сызық. Жоталар үшкір, жайпақ, ара тәрізді (испан тілінде сьерра) болады.
Жартас мойнағы (перемычка) – екі шағын төбенің («жандармның», шағын шыңның) арасындағы жота бөлігі.
Асу – жотаның ең төмен жері, жотадан екі жаққа қарай төмендейтін аңғарларды қосатын, бір аңғардан екіншіге өтуге жеңілдеу жері.
Беткей – таудың жоғарыдан төмен қарай орналасқан кең жағы.
Таудың қыры – тау шыңы тұсындағы қысқа жон, негізгі жотадан басталатын екінші дәрежедегі жота.
Контрфорс – таудың немесе жотаның тік беткейінде орналасқан анық көрінбейтін қыр.
Иық (плечо) – жотаның жайпақтау, бүгілген жері, жотаның шыңның жанындағы кертпеш.
Шұғыл көтерілу (взлёт) – жота көлбеуінің күрт өсуі.
«Жандарм» - жота шыңының маңындағы екінші дәрежедегі шағын шың, жартас.
Аңғар – екі беткейдің қосылатын жері (олардың қиылысы аңғар түбін қалыптастырады), жер бедерінің ұзартылған оыйс формасы. Түбінде әдетте өзен немесе кеуіп кеткен су арнасы орналасады. Аңғар түбі көктемде немесе су асқыны кезінде суға толатын болса, оны жайылма дейді. Егер аңғар баткейі немесе түбі сатыларды құраса, ол террасалы аңғар болады.
Аспалы (висячая) аңғар – түбі негізгі аңғар түбінен әлдеқайда биік орналасқан және оның шеті жыра болып құлап жатқан сала болып келген аңғар.
Шатқал (ущелье) – тік беткейлі, профилі V-тәрізді аңғар.
Каньон – беткейлері тік, терең, тар шатқал, түбі тар, толығымен өзен суымен толтырылған.
Қазаншұңқыр (котловина) – тау арасындағы ірі шеңберлі немесе сопақ ойпат.
Кар – таудың шың маңайындағы тостаған тәрізді шұңқыр. Кейде кардың ішінде кар мұздығы немесе фирн жатады.
Шөгінділер (осыпь) - тау жыныстар сынықтарының тау етектерінде жиналуы. Ірі, орташа және ұсақ шөгінділер болады.
Шөгінділер конусы (конус выноса) – жұмсақ жыныстардың (құм, малта тас, қиыршық тас) немесе көшкін қарының кулуар мен сайлардың төменгі тұсындағы үйінділері.
Жарық (трещина) – тастағы ені бірнеше мм қуыс; оған жартас ілгектерін қағуға болады.
Қуыс ( щель) – ені 10 см-ге шейін болады, оған алақан немесе ағаш сына сыйяды.
Кең құыс (расщелина) – ені үлкен, аяқ, қол сиятындай қуыс.
Камин – альпинист сиятындай кең тік немесе қиғаш қуыс.
Бітеу (пробка) – камин немесе ірі қуыста қыстырылып қалған тас.
Науа (жёлоб) – тар және саяз жылға.
Кулуар – таудың жыра беткейінде, су ағысы бағытымен орналасқан астау немесе V-тәрізді жылға.
Қабырға (стена) – беткейдің немесе жотаның тік құлайтын (70 және одан да тік), биіктігі ондаған, жүздеген метр бөлігі. Қабырғаша (стенка) – 10 м шейін.
Плита – тау жынысының қиғаш орналасқан тақташасы.
Кертпеш (карниз) – қабырғаның үстінен шығып тұрған тас.
Кемер (уступ) – жартастағы солақ, кішкентай шұңқыр, саты сияқты құыс. Кемердің үстінде тұруға, сүйенуге болады, бірақ қолмен ұстап тұра алмайсың.
Сөре (полка) – ұзын горизонтальды немесе қиғаш шағын кемер.
Терраса – горизонтальды немесеқиғаш кең сөре. Террасаның үстімен жүруге болады.
Балкон – қабырғадағы кең горизонталды алаңша.
«Қой маңдай» - шатқал түбі немесе беткейіндегі мұздықпен тегістелген жартастар.
Мульда – аңғар жағына қарай ашық, беткейдегі астау тәрізді ойыс.
Мұз жамылғысы – мұз толығымен дерлік астындағы жер бедерін жауып тастайды. Қоректену зонасы мұздықтың орталық тұсында орналасады, осы жерден басталып мұздық жан-жаққа тіл сияқты түрде ағып тарай ды (мысалы, Эльбрус мұздықтары).
Кар мұздығы тау беткейіндегі кар немесе мульда түбінде жатады. Мұз тілі кар шетінен аспайды.
Аспалы мұздық (висячий) таудың жотаның тік беткейінде орналасады.
Жаңкартылған (возрождённый) мұздық аңғар мұздығының сынықтарынан пайда болады. Аңғар мұздығының сынықтары төмен қарай жырадан құлайды да түбінде жаңа мұздық қалыптастырып бірге қатып қалады.
Аңғар мұздығының ап-анық қоректеу зонасы мен аңғарға жылжитын тілі бар. Бірнеше саласы бар мұздық күрделі мұздық деп аталады.
Жан-жаққа ағатын (перемётный) мұздық екі жаққа бөлініп ағады, ал қоректену зонасы ортақ болады.
Мұз жер бедерінің формалары.
Қар кертпеші – жел бағыты жағына асылып тұрған қар кертпеші.
Қарлы беткей.
Қар көшкінінің науасында жиі-жиі көшкіндер болады.
Көшкін конусы – көшкін жиі ағатын сайдың төменгі тұсындағы конус тәрізді, тығыздалған қар.
Қар өрісі (снежник) – күннің көзі мен жел жетпейтін жерде орналасқан қимылсыз жатқан қар жинақталуы. Мұздықтың қоректеу зонасы болып табылады.
Қар үстірті – тау арасында орналасқан жайпақ, қарлы-фирнды өріс.
Мұздық тілі – қоректену зонасынан тыс аңғар мұздығының өзі.
Тау астындағы жарық (бергшрунд) мұздықтың қоректену зонасында болады. Жартасқа жабысып қатып қалған фирнның шетінде болады.
Көлденең жарықтар мұздық түбінің бүктелген жерлерінде пайда болады. Томпақ иірімдерде жоғары қарай кеңейеді, ал ойыс жерлерінде – төмен қарай.
Ұзынынан-ұзақ жарықтар мұздық тар жерден кең шатқалға шыққанда пайда болады.
Радиалдық жарықтар аңғардың шұғыл бұрылыстарында мұздықтың шеткі жағында сәуле тәрізді болып қалыптасады.
Крест тәрізді жарықтар аңғар түбінің томпақ жерлерінің үстінде пайда болады, осы жерден мұз жан-жаққа ағады.
Мұз құлауы – ірі бөлектерге бөлінген мұздан тұратын мұздық бөлшегі.
Серак – мұз құлауындағы ірі мұз кесектері.
Грот – мұздық тілінің шетіндегі шұңқыр. Гроттан еру сулары ағады.
Морена – мұздық тасымалдаған тастар үйінділері.
Рантклюфт – мұздық пен оның «төсегінің» арасындағы тар қуыс.
Нунатак – мұздық оны екі жақтан ағып өтетін жартас аралы.
69-70Туристік саяхаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сақтандыру және өзін сақтандыру
Жолға шыққандағы қауіпсіздік ережелері:
1. Маршрут қатысушылардың қабілетіне сәйкес болуы керек.
2. Алдын ала жолды, жер бедерін, қауіпті жерлерін, су көздерін, маркировканы, маршруттан кетіп қалу жолдарын біліп алу қажет.
3. График қозғалыс тәртібін әзірлеу.
4. Дайындықсыз, акклиматизациясыз жолға шықпау.
5. Алдын ала ауа райы болжамын біліп алу.
6. Өте қолайсыз табиғи жағдайларда жолға шықпау.
7. Қараңғы уақытта жолды өте жақсы білгенде және құтқару жұмыстары кезінде ғана шығу.
8. Құрал-жабдықтарды, азықты, туристер денсаулығын мұқият тексеру, сырқаттанғандарды маршрутқа жібермеу.
9. Беделді жетекшісіз жолға шықпау.
10. Таңертең ерте шығу.
13. Аяқты жара мен үсіп қалудан сақтау.
14. Киім, аяқ киім бүтін, кебу болу керек.
Қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
1. Топпен жүру.
2. Тәртіп. Кетсе тек қана сұранып кетуі керек.
3. Беделді, білгір жетекші.
4. Аса жылдам жүруге болмайды.
5. Режим. Ағза терморегуляциясы.
6. Бір біріне көмек беру.
7. Батып кету немесе суық тию қаупі бар суда шомылмау.
8. Жолды қысқартам деп қауіпсіздікті бұзбау.
9. Тұман, қараңғы уақытта, нашар ауа райы кезінде жүрмеу. Жолдың үлкен жартысын таңертең өту.
10. Бос жатқан тастары бар беткеулер мен сайларда байқап жүру.
11. Ең қауіпсіз жолды таңдау.
12. Заттарды ұмытып қалмау, жоғалтпау.
13. Қар көшкіні қауіпі бар жерлерге бармау.
14. Спирт ішімдіктерін ішпеу.
15. Үсіп қалмауды бақылау.
16. Қатты жауын, бұршақ болса сая жерде тығылып, оның аяқталуын күту.
17. Көз бен ашық жерлерді күн радиациясынан қорғау.
18. Найзағайдан сақтану:
а) жотадан түсу;
б) темір-терсектерді жинап адамдардан алшақ (10м) қою;
в) бөлек тұрған ағаштың астында, су жағасында тұрмау;
г) жүгірмеу;
д) бір біріне жақындамау;
е) орман шетінде, ағын судың жанында тұрмау;
ж) металл сымдары бар жерде тұрмау;
з) мүмкіндікше изоляциялық материалда тұру;
и) жай адамға түссе міндетті түрде өлмейтінін білу қажет, дер кезінде жәрдем берілсе, аман сақтап қалуға болады;
19. Судан дұрыс тәртіппен өту;
20. Рюкзакты дұрыс толтыру, жолдасыңды жаралап алмау үшін үшкір заттар рюкзактан шығып тұрмау керек.
Ең алдымен таңдаған орын қауіпсіз болу қажет. Өзеннің аласа жағалауында, аралдарда, тартылып кеткен өзендердің арналарында, тар шатқалдар мен каньондардың түбінде су тасқыны қауіпі себебінен бивак орнатуға болмайды. Жай түсу (найзағай) қауіпі болғандықтан асуларда, жоталарда, шыңдарда тоқтауға болмайды. Бивак жанында кесіле бастаған, шіріген, тесіктері бар ағаштар болмау керек: жел соқса олар құлауы мүмкін.
Түнеу орнын қараңғы түспей орнату керек. Бір адамға 2х0,75 м жер болса ыңғайлы болады. Жылы маусымда ең оңай жасалатын баспана жіңішке ағаш пен матадан жасалған күрке болады. Мата не пленка болмаса құры ағаштан да жасауға болады. Шырша немесе қарағай бұтақтарын шифер сияқты салу керек, сонда су күркенің астына ақпай сыртына қарай кете береді.
Батпақ немесе дымқыл жерде баспананы (күркені) жер бетінен сәл көтеріп орнату керек. Қысты күні орнын қардан босатып 4-5 сағат отпен жылтады; -15 градустан жылы болса 2 сағат жеткілікті. Жататын жердің астына шырша, қарағай бұтақтарын, ұсақ тал өсімдіктерін төсеу керек. Қатты қарды кірпіш сияқты қылып кесіп үйшік (иглу) жасауға болады.
71. Жорықтың медициналық қамтамасыздануы. Жорыққа аттанып бара жатқан туристпрофилактикалық жиыласқатарын өткізу керек. Ол ағзаның жақсаруына көмектеседі. Алдын ала тістегі құрттарды емдету немесе жұлып тастау керек. Хроникалық аурулармен ауыратын адамдар арнаулы емдеу шараларын өткізу керек. Турист жорыққа ең алдымен аяқтарын дайындау керек . жараларды емдеу керек. Аяққа тиіиді күту – күнделікті жуу алдында 1 жылы сумен содан кейін суық сумен жуу керек. Туристердің тұрғылықты жерінен тыс жүргендіктен сол жердегі ауа райына тез бейімделуі керек. Жорық ауданы денсаулыққа қауіпсіз эпидемикалық жағдайда б.к. турист өзінің ауыз қуысын, тісін, денсін таза ұстау керек. Топ құрамында жедел мед. көмек көрсететін адам б.к. Дәрі- дәрмектермен дұрыс пайдалана алу керек. Қауіпсіздік ережелерін сақтағаны жөн.
Барлық сырқаттарды алдын ала толығымен емдеп қана жолға шығуға болады.
Гигиена сақтау керек;
Дене шынықтыру қажет;
Өзін-өзі бақылау.
