- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •23. Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26. Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28. Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29,30,31 Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Тамақтандыру функциялары. Азық-түліктің энергиялық құндылығы
- •32.Жорық ас мәзірін әзірлеу. Туристік топтың толық жүк салмағы мен шығындарын есептеу
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36. Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37. Маршрутты картада көрсету, маршрут схемасын жасау. Азимут және азимут түрлері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61.Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация
- •77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87. Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •88. Туристік топтың психологиялық жағдайы
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •93. Бұқаралық туристік шаралар
- •94. Туристік бұқаралық жилыстар мен жарыстар
- •95 Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97. Коммерциялық турға қажетті құжаттар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
84. Жорық күнделігін жүргізу
Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.
«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивактар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б. көрсетіледі.
85. Жорық жөнінде есеп беру, есеп беру құжатының құрамы Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.
«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температураның амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі, жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.
Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.
«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, ауданды таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер келтіріледі.
Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.
Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.
Құрал-жабдықтар тізімі.
Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.
Бақылау нүктелері мен уақыт.
«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивактар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б. көрсетіледі.
«Маршруттың техникалық сипаттамасы» тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметтер кіреді.
«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.
Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.
Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.
86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
Туристердің спорттық дайындығы
Белсенді туристік саяхаттардың ерекшеліктері; биіктік, ауаның жоғары немесе төмен температуралары, жауын-шашын, жел, су және т.б. ауыртпалықтар, кедергілерден өту, физикалық жүктемелер. Физикалық дайындық жетіспейтін болса, адамның қатты шаршауына, жараларға, ауру-сырқаттарға, тіпті өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Туристің физикалық қабілеті маршрут күрделілігіне сәйкес болуы қажет.
Туристің физикалық дайындығы дегеніміз физикалық қасиеттерінің дамуы, туризммен шұғылдану үшін қажетті қозғалыс дағдыларды жаттығу арқылы қалыптастыру мен бекіту. Жалпы (ОФП) және арнайы дайындық (СФП) болады.
ОФП мақсаты – туристің физикалық қасиеттерін жан-жақты дамыту.
СФП таңдап алған туризм түріне қажетті физикалық қасиеттер мен дағдыларды нақты дамытуға бағытталған. Туристің біліктілігінің өсуімен бірге СФП үлесі ОФП-дан асып түседі.
Адамның негізгі физикалық (қозғалыс) қасиеттері – күш, төзімділік (выносливость), тепе-теңдік (равновесие), ептілік (ловкость), жылдамдық, иілгіштік (икемділік, гибкость), еркін босаңсу (произвольное расслабление). Белсенді туристерге ең алдымен бірінші үшеуі қажет.
Күш – сыртқы кедергіге бұлшық ет жұмысы арқылы қарсыласу қабілеті. Бұлшық ет жеңу режимінде, мысалы, аяқ бұлшық етінің өрлеген кездегі қысылуы; бағыну режимінде, мысалы, төмен түскендегі бұлшық ет созылуы, статикалық режимінде, мысалы, рюкзак тасу, төмен сырғанау, жұмыс істейді.
Күш көрсеткіштері: абсолюттік күш (штанганы көтеру немесе осы адам үшін ең ауыр рюкзакты тасу); жылдамдық күш (скоростная сила) – ең қысқа уақытта көрсетілетін күш максимумы (мысалы, орнынан секіру), күш төзімділігі – ұзақ уақытта ең үлкен емес күш жұмсау қабілеті, мысалы, көп рет отырып тұру (приседания) жаттығуы.
Төзімділік – ұзақ уақыт немесе шаршап келе жатқанда өнімділігін төмендетпей жұмыс жасау қабілеті. Төзімділік адам ағзасының барлық органдары мен жүйелерінің күйіне байланысты, бірақ ең маңыздылары – жүрек-тамыр, тыныс және орталық жүйке жүйелері. Туристің әртүрлі жаттығуларды орындағанда күшін дұрыс жұмсау біліктілігі (яғни техника жағынан ұтымды) өте маңызды болады.
Тепе-теңдік – денесінің кеңістікте тұрақты орнын сақтау қабілеті.
Күш шынықтыру: ауыр рюкзакпен қардың, құмның үстінде өрлеп жүру немесе жүгіру, т.б.; дененің өз салмағын қолдану. Жаттығулар: ең ауыр емес жүкпен көп рет қайталатын жаттығулар, ең ауыр жүк (динамикалық және статикалық режимде), ең үлкен жылдамдықпен жаттығу. Арнайы күш шынықтыратын жаттығулар рюкзакпен орындалады: арқанға, гимнастикалық немесе жартастық қабырғаға өрлеу, аспалы өткелден өту, жүру, жүгіру, тік қарлы немесе шөп беткейлерге өрлеу.
Төзімділікті шынықтыру мақсаттары: 1) аэробтық қабілетті жақсарту (жұмыстағы бұлшық еттерге оттегіні жеткізіп); жүрек-тамыр және тыныс жүйелерін жетілдіру; 2) анаэробтық қабілетті көтеру (жұмыстағы бұлшық еттерге оттегіні жеткізбей); 3) ауыр жұмыстан пайда болатын ішкі ортаның өзгеруіне физиологиялық және психологиялық төзімділікті шынықтыру.
Жалпы төзімділікті шынықтыру үшін әрқайсысының ұзақтығы 30 минуттан кем емес жаттығуларды бір қалыпты түрде орындау керек. Осындай жаттығуларды 3 сағаттан артық жасаудың керегі жоқ. Арнайы төзімділікті дамыту үшін жорықта кездесетін кедергілерге тектес кедергілерден өту жаттығуларын орындау керек: салмағы 5-10кг рюкзакпен 100-300 метрге тік өрлеу, ойлы-қырлы жерде марш-жүгіріс жасау (15-25км). Міндетті түрде мынадай кедергілер: өрлеу мен төмен қарай жүгіру, өзендер мен жарлардан өту, жолы жоқ жерлер кездесу керек. Өте жақсы төзімділік болса жүгіріс жылдамдығы 4-5км/сағат, орташа болса – 3км/сағат болады.
Тепе-теңдікті шынықтыру: тіреу көлемін кішірейту, жорықта кездесетін арнайы қимылдары мен орналасулардың максималды жиынтығы бар тіреудің өзгеруі. Жаттығулар: 1) гимнастикалық скамейка қырының үстімен жүру: ілгері, қырымен, бұрылыспен; 2) жүкпен (рюкзак немесе адамды арқалап) кедергілерден өтіп жүру; 3) бөрене үстімен жүру: ілгері, қырымен, бұрылыспен; 4) ағашаяқпен (ходули) жүру. Ходули – балдақ сияқты қолтыққа қысып, аяққа жалғап жүретін екі таяқ, бір аяқта тұрып қолмен, денемен қимыл жасау, көзін жұмып жүру, еңкейген құм беткейіне төмен қарай секіру.
Дегенмен, ең жақсы жаттығулар – табиғи бұйымдарды қолданып сыртта, табиғатта жасау: бөрене үстімен жүру, үстіне мініп жылжу, үстімен жүгіру, төмпешіктер, тастар үстімен жүру, тік және тар жер бедерге өрлеу мен түсу. Осыларды ойдағыдай ауыр жүктемелерден кейін жасаған өте пайдалы болады.
