Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары

Таудағы бивак орналастыру ережелері:

1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды.

2. Желден, өрттен, суықтан қорғану шараларын жасау.

3. Палатканы мықты бекіту.

Бивактарды ұйымдастыру ережелері

Бивак үшін ыңғайлы кең жер, отын мен су керек. Қатты желі жоқ ық орын болса жақсы, бірақ шағатын жәндіктер көп болса, жел есетін жерді таңдау қажет.

81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау

Маршрутты әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық (линейная);

- айналмалы (кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- құрамалы (комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Маршрут ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиет көздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Маршрутты рәсімдеу мен жасақтау

МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Бұған жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б. кіреді.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, бір күнгі демалыс, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 25км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне үйлестіру қажет болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақытқоры болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізіміне топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман кіреді. Құрал-жабдықтар тізімі жорықтың түріне, мақсатына, қиындығына сәйкес болуы қажет.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен бір күнгі демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Шығын есебі. Барлық шығындар: тамақ, көлік, экскурсиялар, туған күндер, кіру төлемдері, пара және т.б. есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау (контроль) нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі..

Қаүіпсіздік мәселелері арнайы тарауда қарастырылады.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұқсат алу керек. Рұқсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.

82. Жорық жетекшісі және қатысушылардың біліктілігіне, тәжірибесіне, спорттық шеберлігіне қойылатын талаптар, олардың құқықтары, жауапкершілігі, міндеттері Қатысатын адамдардың тәжірибесі, міндеті мен құқықтары. Қатысушының міндеті:

-жетекшілердің бұйрықтарын дер кезінде орындау;

- мед.тексеруден өту;

- жорық кезінде ауру-сырқаттары жөнінде айту;

- жорық даярлығына қатысу, жаттығу;

- есеп құрастырылуына қатысу.

Қатысушының құқығы:

- жетекшіні сайлау;

- маршрутты таңдау;

- жорықтан кейін қатысушылар мен жетекшінің әрекеттерін талқылау, егер олармен келіспесе, туристік ұйымға шағым немесе арыз жасау.

Тәртіп бұзғаны үшін былай жазалануы мүмкін:

- жорықты қабылдамау;

- оның алдындағы жорықтарды жою;

спорттық дәрежеден айыру;

-жорыққа шығуына тиым салу, рұқсат бермеу.

Жорық жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:

- жорық ауданын білу, танысу;

- қатысушыларды таңдау;

- дайындық жасауды ұйымдастыру;

- қажетті рұқсаттар мен келісім жасау;

- маршруттық құжаттарды жинау;

- қауіпсіздік ережесін орындауды бақылау;

83. Жорықтарға қажетті құжаттар. Маршруттық кітапша мен маршруттық парақ құрамы Туристік спорттық саяхаттың негізгі құжаты – маршруттық кітапша.

Маршруттық кітапша құрамына мынадай мәліметтер кіреді:

– Маршруттық квалификациялық комиссияның (МКК) рұхсаты;

– маршрут атауы, қиындық дәрежесі, ұзақтығы мен арақашықтығы

– негізгі пункттер, оның ішінде жолда кездесетін кедергілердің сипаттамасы (мысалы, асулардың қиындық дәрежесі мен биіктігі);

– негізгі, қосымша және апаттық нұсқалар;

– маршруттардың сұлбалары (схемалары);

– жетекшісі мен қатысушылардың толық тізімі, оның ішінде: алдағы спорттық тәжірибелері (өтілген маршруттардың саны мен қиындық дәрежелері), осы маршруттағы міндеттері, толық есімдері, мекенжайлары, телефондары;

– жоспарланған маршрут пен шынында өтілген маршрут, маршрут жоспарларының өзгеруі мен олардың себептері;

– маршрутқа қажетті жеке және топтық құрал-жабдықтар тізімі;

– жүк салмағы (әйелдер мен ер адамдар үшін бөлек, мысалы, ер адамдардікі 25 кг, әйелдердікі 17 кг);

– бақылау (контроль) пункттері мен оларға жету мерзімдері;

– Спорттық туризм федерациясының МКК төрағасының маршрут пен оның өтілуін растайтын қолы мен МКК мөрлері;

– маршруттарды өту нәтижесінде берілетін спорттық дәрежелер.

Қазақстанда спорттық туризмді басқаратын орган – Спорттық туризм федерациясының жергілікті бөлімдері және олардың МКК-лары.

Демалыс күнгі жорықтарының негізгі құжаты – маршруттық парақ. Онда жетекшісі аталады, қатысушылар тізімі мен олардың біліктілігі жазылады, маршрут схемасы, оның ұзындығы мен арақашықтығы, жолдағы кедергілер аталып шығады, тексеруші органның рұхсаты болу қажет.