Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.

Улы жыланның құрт-құмырсқаның және құтырған иттердің жаралары өте қауіпті. Сол себепті осындай жағдайда тез және дұрыс көмек адамның өміріне тікелей б-ты. Егер аяқ жақты тістесе, оны жоғары көтеруге болмайды. У барлық қанға таралуы мүмкін. Қолмен сияқты төмен түсіру және тістеген жерге жгут қою керек. Қан ағып жатса, он ыбіраз уақыт тоқтату керек. Сол қан арқылы жараға түскен у шығадыосыдан кейін сол жерге қансорғыш банканы қою керек. Оның жанын маймен жағу керек. Банканы 2-4 мин ұстап, 3-4 рет жасау қажет.жараны орап, тездетіп дәрігерге апару керек.уды ауыз арқылы сорып алуға б-ды. Егер ауыз қуысында жара болмаса. Жарадағы уды тез сорып алып тастау керек. Ара шаққан кезде ЖАЛО жарадағы уды жояды. Сол жерге су н/е нашатырь спиртін 1-2 тамшы тамшылау керек.

Қауіпті өсімдіктерге келсек, олар: саңырауқұлақ, итмұрын, және т.б.

Бұларды пайдаланғанда сақ болу керек. Олар адам ағзасына кері әсер етеді.шағатын шөптер әсерінен адм-ң үстілері қышып қызарып кетеді. Алайда дәрілік өсім-ді кездестіріп қолдануға б-ды.

Росянка – суық тиген кезде қолд-ы. Жапырағындағы шырыны органикалық заттарды ыдыратады.бородавканы жоюға болады.

Мать-и-мачеха – жөтел мен суық тигенде жасыл гүлдерімен емдеуге болады. Емдеуге оның жапырағы мен гулін кептіріп, қайнатып ішуге болады.

Дубление – асқазан ауруына қарсы. Еменнің сыртқы қабыршығынан жасалатын дәрі. Оған тек 10 жастағы емендікі жарамды. Кору кептіріп қайнатады шаймен ішеді.

Қайың почкалары, Одуванчик тамыры асқазанға жақсы әсер етді.

78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу.

Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Табиғи қауіп-қатерлері:

Жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;

Ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

Қар көшкіні қауіпі бар жерден өту ережелері:

  1. Мұндай жерде қалың қар түскеннен кейін, тұман мен жауыннан кейін жүруге болмайды. Қар түскеннен кейін 2-3 күн, ал құрғақ және аяз қыста – 6 күнге шейін күте тұру қажет.

  2. Қауіпті жерден тәңертең не кешке, қар аязда қатып тұрғанда өткен дұрыс. Беткейдің төбе жағында, жартасқа жақындап жүру керек.

  3. Қауіпті жер үлкен болса, екі-екіден, арқанды бар ұзындығына созып өту керек. Арқанды ілгек арқылы жартасқа бекітіп топ мүшелерін сақтандыру үшін арқанды асып қою керек. Қауіпті жерден жылдам, кең қадамдап, із арасындағы қарды бұзбай өту қажет.

  4. Ұзындығы 25-35 метр, бір ұшы белге байланған қызыл қар көшкін бауларын қолдану керек: біреу көшкіннің астында қалса, оны қар үстінде қалатын бауға қарап табуға болады.

  5. Тым-тырыс болу керек.

  6. Қар отырып гуілдеп, ысылдаса, қозғалысты тоқтату керек.

  7. Қауіпті саймен өрмелегенше жартасқа өтіп кеу керек.

  8. Шаңғымен жүрсе, шаңғышылар арасы 50-70 метрден кем болмау керек. Аяқ киімнің бекіту құралын шешіп жүреді, кейде тіпті шаңғыны ағытып жаяу жүрген дұрыс.

  9. Мойнына бөкебай немесе орамал тағу керек: ұсақ қар көшкіні болса ауыз бен мұрында жауып қалуға болады.

  10. Түнеу орындарын көшкін қауіпі бар жерде орнатуға болмайды.

Қар көшкініне ұшырап қалса, қардың үстінде қалып, аударылып қалмауға тырысу керек. Рюкзакты тез шешіп көзшкіннің бетіне қарай «жүзіп» шығу әрекетін жасау керек.

Мұздықтар. Мұз құлауы мүмкін болатын кулуарлар мен жыралардан аулақ болу керек. Жабық мұздық үстімен 3-4 адам қосылып арқанмен байланып байламмен, тізбекпен жүру керек. Бірінші келе жатқан мұзды тексеріп жүреді. Қалғандары оның ізімен жүруге міндетті.

Тас көшкіні. Қар мен мұз жапқан жартастардың қауіпі төмен. Күн шыққаннан кейін жартастар жылынып, мұз болып жабысып тұрған тастар жібіп құлай бастайды. Тас құлауы таудың шығыс және оңтүстік беткейлерінен басталады. Тас түске таман ең көп құлайды. Түнге қарсы тастар тағы да қатып қалады да құлауын аяқтайды дерлік. Ең қауіпті жерлер – клуарлар, тар сайлар, басқа да арна тәрізді жерлер. Ең қауіпсіз жерлер – суайрықтар таудың жотасы, жоны.

Тас көшкінінен қорғану ережелері.

  1. Ең қауіпсіз мезгілде қауіпті жерден өту.

  2. Қауіпті кулуарды оның жоғарғы тұсынан өту.

  3. Қауіпті кулуарда бір-бірден, сақтандыру жасап қозғалу.

  4. Тас шөгінділерде жүргенде бір-біріне жақын жүру керек.

  5. Адамдар бірінің үстінде бірі болып қалмау керек.

  6. Үгілгіш жастарда жүргенде тастарды үнемі тексеріп жүру керек.

  7. Қауіпті жерде жауын, қар, найзағай, тұман, ымырт, қатты жел кезінде болмау керек.

  8. Қауіпті жерлерден өткенде қарауылшыны қою керек. Тас құлап бара жатса, ол басқаларға қатты айқайлап белгі береді.

Тастар құлаған кезде қабырғаға сүйеніп, кертпеш немесе жартастың шығып тұрған жерінің астына тығылу керек. Таса жер болмаса, тастың құлауын байқап, тап жанына жақындағанда секіріп кету керек.

Сел. Селдің алдында су күрт көбейе бастайды, судың түсі топырақ түсімен теңдесіп кетеді. Сел жақындағанда қатты гуілдеу дыбысы шығады. Сел қауіпі күннің жылуымен ұлғаяды. Ең жиі сел болатын мезгіл – мамырдан қыркүйекке дейін. Қысты күні сел болмайды. Селдің жолына түсіп қалсаң, тек арна бауырайымен жоғары қарай зытып аман қалуға болады. Түнеу орнын биік жерлерде, суайрықтарда, тас құлауы мен сел болмайтын жерде жасау керек.

Күннен болатын күйіктер. Күннің жарығынан күн ашық болса да, тұман, бұлт болса да, мұз бен қардың үстімен жүргенде күйіп кету қауіпі бар. Тіпті уақытша көз көрмей де қалуы мүмкін. Ең қауіпті жерлер – желі жоқ сая жерлер, қарлы цирк, ойпаттар мен кулуарлар. Күйіп кетпеу үшін қара көзілдірік, мазь, крем, бас киім, бет жабатын мата қолданады.

Жел. Жел тас пен қар көшкінінің басталуына үлес қосады. Жел температураны өзгертеді. Таудың жоғары тұсында, әсіресе шыңдарда, жондарда, асуларда жел ерекше қатты соғады. Қарлы боран болса қар құйындары болуы мүмкін. Қатты жел палатканы, басқа құралдарды жұлып алып кетуі мүмкін. Қар мен жел болса дым көрінбеіді, адасып кету ғажап емес. Туристер адасып қауіпті жерге жақындап кетуі мүмкін. Адам ағзасы үшін желдің 1 м/с күшеюі ауаның 10 С төмендеуіне тең. Қатты жел адамды құлатып жіберуі мүмкін.

Қатты жел жағдайындағы ережелер.

  1. Жылы киім мен жел өтпейтін штормовка болу керек.

  2. Өте қатты жел зонасынан шығып кетуге тырысу керек.

  3. Жонмен жүргенше жел ден тығылып ық жағына тығылу қажет.

  4. Егер бәрі бір жүру керек болса, байламмен жүріп бір-бірін үсіктен сақтап байқап жүрген жөн.

Аяз. Акклиматизациясыз адамдар тез үсіп кетуі мүмкін. Денесі суып кеткеннен кейін адамның ұйқысы келіп ештеңе істей алмай қалады. Қатты аязда адам ұйықтап қалса өліп қалуы мүмкін. Қатты шаршау, ағзаның тозуы, нашар тамақтану, қозғалмау, жылы киімнің жетіспеуі, тар аяқ киім үсікке апарып соғады. Аяқ пен қол ең жиі үсіп кетеді.

Найзағай. Жай түссе, біріншіден, адамның өзін мертіктіреді, екіншіден, тас пен қар көшкінін туғызуы мүмкін. Найзағайлы ауа райы жақындаған кезде ауаның ионизациясы өседі, оны иісінен білуге болады; шаш тік көтеріледі, тараған кезде ұшқын пайда болады жіне шыртылдайды. Мұзшапқыштар гуілдей бастайды. Бұдақ бұлттар көбейеді, ауа қысымы төмендейді. Найзағай қандай қашықтықта болып жатқанын есептеуге болады. Дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/с. Секундтардың санын 340-қа көбейтеді, бұл – найзағаға дейін метрмен есептеген арақашықтық. Сөйтіп найзағай түсуіне дайындалуға болады.

Ең жиі жай сорайып тұрған жерлерге түседі. Найзағай жақындағанда төменірек жерге түсу керек; барлық металл заттарды 10 метрден кем емсес жерге алыстату қажет; басыңды төмен қаратып, тізені құшақтап отыра қалу керек. Отырған же,рге және аяқтың астына құрғақ заттарды салу қажет (штормовка, ұйқы қабы, арқан т.с.с. Тік беткейде болсаң, өзін-өзі сақтандыру қолданады: тасқа ілгек қағып оған карабин қолданбай өзін өзі байлап қояды.

Тұман. Тұман болса жол мен бағдарларды табу қиын. Топ мүшелері бірін-бірі көре алмай қалады, және де тұман психикаға кері әсер тигізеді. Жолды көрмеген кезде топ қауіпті жерге жақындап кетуі мүмкін. Егер жүру керек боса, байламмен жүріп, бір-бірінен алыстамау қажет.

Жауын, қар. Киім су болып қатып қалса, дене суып кетеді. Жауын мен қар көктайғақ туғызады. Тас пен қар көшкінінің қауіпі шұғыл өседі. Нөсер жауын өзен суы деңгейін көтеріп өзеннен өтуді қиындатады. Турист, альпинист су өтпейтін киім алып жүру керек.

Қатты қар немесе жауын жауып тұрса, полиэтилен жамылып, сәл күте тұру қажет. Егер өте ұзаққа созылса, бивак ұйымдастырған дұрыс. Тура қар жауғаннан кейін жартастарға шықпау керек.

Қараңғыда туристер адасып кетуі ықтимал. Жол және жолдағы қауіпті жерлер көрінбей қалады. Қараңғы уақытта мүмкіндікше жүрмеу керек.

Белсенді туризммен айналысатын ұйымда бақылау-құтқару отряды болу қажет (КСО). КСО міндеттері:

1) осы ұйымның маршруттары өтетін аудандарды жете зерттеу және білу;

2) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізуге арналған барлық жабдықтау мәңгі дайын болу керек;

3) негізгі және көмекші отряд мүшелерін үнемі даярлау;

4) алдын алу шаралары(кеңес, инструктаж, нұсқаулар, маршруттарды белгілеу, топтарды тексеру, т.б.);

5) іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу, зардап шеккендерге жәрдем беру;

6) қажетті ақпаратты мемлекеттік апаттық-құтқару қызметіне беру.

Контрольдық пункттер мн мерзімдер.

Алдын алу шаралары:

1) медициналық байқау;

2) туристердің біліктілігін бақылау;

3) әрбір турист қауіпсіздік нұсқауларын тыңдағанына қол қойғаннан кейін топты маршрутқа шығару.

Дәріің негізгі алты тобы болу керек:

1) ауруды сездірмейтін дәрілер, қоздырушы заттар (анальгин, амидопирин, кофеин, кардиоми, т.б.);

2) қан тоқтатушы және дезинфекциялаушы дәрілер(сутек асқын тотығы, йод, т.б.);

3) антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин, эритромицин, т.б.);

4) сыртқы дәрілер (зеленка, синтомицин майы, марганцовка, нашатырь мен медициналық спирт, лейкопластырь);

5) орау материалы (бинт, марля, мақта, т.б.);

6) саймандар(термометр, қайшы, бұрау, шприцтер, т.б.).

Қар көшкіні болатын аудандарда радиолмаяктар болу керек.