Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация

Түтек (тау ауруы).

Белгілі биіктіктен бастап оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия) басталады.

Таулы аймақтар шартты түрде үш сатыға жіктеледі.

  1. Аласа таулар – 800-1000 м.

  2. Орта таулар – 100-3000 м.

  3. Биік таулар – 3000 м-ден жоғары.

Гипоксиядан басқа да факторлар әсер етеді. Биіктеген сайын ауа температурасы әрбір 100 метрге 0,6 С төмендейді, ағзаның алмасу үрдістері қарқынды өтеді, жүрек-тамыр мен тыныс жүйелеріне ауыр жүк түседі. Ауа ылғалдылығы да төмендейді: 2000 м биіктікте теңіз деңгейінен екі есе төмен , ал 6000 метрде ауа мүлдем құрғақ, сусыз болады. Мұндай жағдайда терінің, тыныс органдарының барлық ылғалдығы булануға ұшырайды. Тыныс аурулары болуы мүмкін. Дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады.

Жоғары биіктікте космос пен күн сәулеленуі өте жоғары. Бұл себептен әл құрып кетеді, дене қызады, бұлшық еттер қақсайды, бет терісі мен көз күйігі болады және т.б. Сондықтан мұздық, қарлы тауларда жүргенде арнайы мазь қолдану, марлямен оралу, арнайы қара көзілдірік кию керек. Түтекті алғашқы болып монах Хосе Акоста Перу Андыларында 4500 метр биіктікке көтеріліп сүреттеп беріп бұл ауруды тау ауруы деп атапты (1950 ж). Швейцарлық Г. де Соссюр 1788 ж алғашқы рет Монбланға шыққаннан кейін бұл ауру оттегігің жетіспеуіне байланысты деп болжаған. Бірақ толық дәлелдемені француз ғалымы Поль Бэр жасаған (1878 ж).Тау ауруын болдырмау немесе салдарын азайту үшін акклиматизация қолданылады. Акклиматизация деп ағзаның белгілі бір қиын жағдайларға, оның ішінде биіктікке лайықтануын айтамыз. Акклиматизация бірте-бірте, саты түрінде жүргізілуі қажет. Мұндай әдіс «ара тілдері» әдісі деп аталады. Оның мағынасы – биіктікке бірте-бірте көтерілу. Келесі түнеу орны кешегісінен жоғары орналасады, ал күндіз бұл түнеуден биік жерге көтеріліп түсу қажет. Солай күнде жететін, түнде түнейтін биіктікті жоғарылатады. Әртүрлі таулы аймақтарда кері әсерлер әртүрлі биіктіктерде басталады. Мысалы, Альпы тауында 2500 м, Кавказда 3000 м, Тянь-Шаньда 3500 м, Гималайда 4500 м. Түтектің ауыр формасы акклиматизация жасамаған адамдар өте жылдам биікке көтерілсе басталуы мүмкін. Бас ауырады, аузыкеуіп кетеді, құмға тастаған балық сияқты тынысы жетпей қалады, дұрыстап ұйықтай алмайды. Адам лоқсиды, құсады. Қысты күні түтек жаздан жиі кездеседі. Түтекті күшейтетін факторлар – психологиялық жайсыздық, ауыр жұмыс, дұрыс тамақтандырмау, су-тұз режимінің бұзылуы, киімді дұрыс таңдап алмау, хроникалық аурулар және т.б.

Жеңіл түтекті дұрыс емдесе бірнеше күнде жазылып кетеді. Ауыр түтек жеделжәрдем мен жылдам төмен қарай түсіруді қажет етеді.

Түтекті алдын алу үшін сатылы акклиматизация жасау керек. Сонымен қатар, топ құрамын дұрыс іріктеу және фармацевтикалық алдын алу да маңызды, оның ішінде витаминдерді қабылдау, әсіресе аскорбин қышқылын (тәулігіне 1,5 г-ға дейін).

Жеңіл түтек болса ауыртпалықты азайту, режимді өзгерту керек, лимон қосылған тәтті шайды жиірек ішу, қышқылданған су ішу, Сиротинин қоспасын (0,5 г аскорбин қышқылы, 0,5 г лимон қышқылы, 5 г глюкоза) ішу. Бкасты көтеріп ұстап ұйықтау керек. Қызушылық болса ландыш пен валериана ішеді. Витамин кешендері (декамевит, ундевит, ревит), анальгин, пиранал, седуксен көмек береді. Бірақ ең жылдам нәтиже беретін ем – дер кезінде төмен қарай түсіру.

Түтектің асқынулары өте қауіпті: өкпенің, мидың ісігі, тромбоз, қан құйылулар.

76. Адам ағзасына қауіп төндіретін табиғи құбылыстар: күн радиациясы, температура, ылғалдылық, жел т.б. Алдын алу және сақталу. Күн радияциясы – әр түрлі биологиялық белсенділіктегі күн сәулесінің ағымының көрінетін және көріебейтін спектрлары. Түрлері:

  1. Тура;

  2. Шашыранды;

  3. Шағылысатын;

Жоғарылаған сайынатмосфераның қалыңдығы азаяды. Сол себепті күн радияциясының күші артады. Ол әрбір 100 м-ге 1-2% көтеріледі. Оның салдарынан адам терісі күйеді. Ол 3 дәрежеде болады:

  1. Қызарады;

  2. Көпірішіктер;

  3. Үлкен жара;

Таулы аймақтарда көбінесе мойын, құлақ шеті, бет, қалдың білегі күйеді. Снежная слепота болу мүмкін – қар әсерінен көздің мүюі.