Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы

Валидол түймештері 0,06 жүрек тұсындағы шаншуларда қолданылады. Түймешті тілдің астына салады.

Цитрамон түймештері қабынуға қарсы, анальгезиялық қызу басатын дәрі-дәрмек. Бас ауырғанда, невралгияда, суық тигенде қолданылады.

Бекарбон түймештері ішек тарылғанда, ауырғанда, асқазан шырынының жоғары қышқылдылығында қолданылады. Күніне 2-3 рет бір түймештен қабылданады.

Ацетилсалицил қышқылы 0,5 г (аспирин) түймештері қабынуға қарсы дәрі-дәрмек, невралгияда, бас сақинасы болғанда, дірілдеп-қалтырағанда күніне 3-4 рет 1-2 түймештен қабылданады.

Анальгин 0,5 г түймештері әр түрлі сипаттағы бас ауруларда, невралгияларда, дірілдеп-қалтырағанда күніне 2-3 рет 1 түймештен қабылданады.

Активтенген көмір (карболен) ішекте газдар жиналғанда (метеоризм) күніне 3-4 рет 1-2 түймештен қабылданады.

Жөтелге қарсы түймештер жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларында қолданылады.

Калий перманганаты су ерітіндісі түрінде жараларды жуу, ауыз бен кеңірдекті шаю үшін қолданатын сыртқы дәрі.

Бор қышқылы ауызды, жұтқыншақты шаю үшін және көзді жуу үшін қолданады. Қышқылдың бір шай қасығын жылы су стаканына ерітеді.

5 % спиртті йод ерітіндісі антисептикалық сыртқы дәрі ретінде қолданады.

10 % аммиак ерітіндісі (мұсатырлы спирт) талып түскенде, түтінмен уланғанда, тітіретіп алаңдату дәрісі ретінде иіскеу үшін қолданады, ал мас болғанда ішке қабылдайды (1 рюмка суға 5-10 тамшы қосады).

Вазелин теріні жұмсарту үшін қолданылады.

Бактерицидті бұласыр тері жараларын, кесіктерін, трофикалық және үлкен емес ойық жараларды, күйіктерден қалған жараларды емдеу үшін қолданылады. Қолдану тәсілі: қорғайтын үлдірді алып тастап, жараға марля тампонын салып жабыстырып тастау керек.

Қан тоқтататын бұрау немесе рәзіңке түтік – қол-аяқ артерияларының уақытша қан тоқтату үшін қолданылады. Әдетте, жараланған жерден жоғары салынады, қол-аяқты бірнеше рет орап, бұраудың ұштарын бекітеді. Бұрау 1,5 сағаттан аспайтын уақытқа салынады.

Қобдишаны сақтау. Қобдиша қақпағы жоғарыға қаратылып сақталады. Соққыдан, өрттен және күн сәулелерінен тікелей түсуінен сақтау керек.

73-74. Қажалу - өте жиі кездесетін сырқат. Ең көп қажалатын жерлер – аяқ, бел, арқа. Аяқ қажалмау үшін аяқ киім мен шұлықтарды дұрыс таңдау керек. Аяқ киім сәл үлкендеу болғаны жақсы: онда жылы шұлық аяқ киімді тар қылмайды. Жорыққа судай жаңа аяқ киім киіп шықпау керек. Шұлықтарды тоқтаған сайын түзеп тұру керек, аяқ киімді шешіп демалдыру қажет. Оттың жанында аяқкиім мен шұлықтарды кептіруге болмайды. Аяқ пен шұлық таза болуы керек.

Арқа мен бел қажалмау үшін рюкзакты дұрыс арту керек: арқа жағы жұмсақ, ауыр жүк түбінде, рюкзак тығызданып тұру керек.

Қажалып қалса «Спасатель», «Құтқарушы» т.б. мазь, пластырь қолдану керек. Көпіршікті инемен тессе, әрі жүруге болмайды, сондықтан мұндай операцияны жатар алдында жасау керек.

Күн өтіп кету. Белгілері: әлсіздік, бетінің қызаруы, бастың ауруы, айналуы, қан соғуы мен тыныстың жиілеуі. Ауруды көлеңкеге апарып, киімін шешеді, басын суық сумен сулайды. Талып қалса 1-2 мл 20 % кофеин ертіндісін немесе 1-2 мл кордиамин терінің астына егеді. Жатқызып немесеотырғызып тасымалдау керек.

Күйік. 1 дәреже: күйген жері дененің 5 % аспайды. Тері қызарады, ісіңкірейді, күйік сезінеді. Дәреже: осылармен бірге көпіршіктер пайда болады. Күйік дененің үлкен бөлігін алса, шок боуы мүмкін. Арнайы күйікке қарсы зат жағады. Болмаса, спирт, калий перманганатын жағып асептикалық бума жасайды. Шокқа қарсы шаралар қолданылады.

Үсік. 4 дәрежесі бар. І дәреже: дененің көгеруі, одан кейін қызаруы, ісіңкіреуі. ІІ дәреже: эпидермистің қатпарлап түсуі, көпіршіктердің пайда болуы. ІІІ дәреже: терінің, еттің өлімсіреуі. ІV дәреже: ілімсіреу, оның ішінде сүйектің өлімсіреуі. Тауда дірілдеп-қалтырау, ұйқышылдық, апатия, есінен тану, қан соғуының әлсіз болуы байқалады. Усіп кеткен адамды палаткаға, үңгірге жеткізеді. Денесі мен үскен жерін спиртпен, жұмсақ жүн шүперекпен, алақанмен уқалайды. Қармен уқалауға болмайды. Одан кейін жылы киіндіреді (әсіресе қол-аяғын), ыстық тәтті шай мен аздап алкоголь береді. Уқалаған кезде инфекция кіргізіп алмау керек. Мазь жағып асептикалық орау жасау керек.

Көздің күйіп кетуі. Белгілері: көздің уақытша көрмей қалуы, көздің түйіліп ауруы, көз бен қабақтың қызаруы, ісінуі. Көзді калий перманганат ерітіндісімен немесе бор қышқылы ерітіндісімен немесе суық шаймен шайып асептикалық бума тағу керек.

Өкпенің қабынуы (пневмония). Тауда жиі кездеседі және өте жылдам асқынып кетеді. Қабыну факторлары: гипоксия, әлсіздеу, тоңу, түтек, аштық. Белгілері: дірілдеп қалшылдау,дененің қызуы (38-39 ), тотығу, әлсіздік, кеуденің қақсауы, қақырып жөтелу. Сульфаниламидтік дәрілерді беру, әсіресе антибиотиктерді: пенициллин, стрептомицин, тетрациклин. Жөтелге қарсы дәрілер , оның ішінде кодеин, дионин.

Тонзиллит (ангина). Әлсіздік, дененің қызуы, жұтқанда тамағы ауырады, жұтқыншақ пен көмекейі қызарады. Дезинфекциялайтын ерітіндімен шаю (калий перманганаты, натрий гидрокарбонаты, риванол, фурацилин), тамағын жылтатын компресс жасау, тәулігіне 4-6 рет 0,3 г стрептоцид ішу.

Гастрит. Лоқсу, құсу, кейде запыранымен құсу. Кейде қарынның үстіңгі жағының шаншуі, бастың ауруы, дірілдеп-қалшылдау, әлсіздік. Асқазанын таза суға шейін тазарту. Одан кейін диета сақтау.

Шиқан. Факторлары – суық, ағзаның тозуы мен әлсізденуі, тазалықты сақтамау. Ауру жерін спирт пен йодтың спирттік ерітіндісімен шаю. Асептикалық бума жасау, іріңді сығуға болмайды! Сульфаниламидтік дәрілерді ішу.

Сүйектердің мертігуі. Сүйегі тобығынан шығып кетсе, арнайы білімі жоқ адам оны орнына қоя алмайды, сондықтан қозғалтпайтын амал тауып ауруды дәрігерге жеткізу қажет. Барлық мертіккендерге осындай шара қолдану керек. Дене мүшелерін қозғалтпау үшін таяқ, шаңғы, арқан, ағаш, т.б. қол жетерлік құралдарды қолдануға болады.