Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы

Судан өту. Ең алдымен өткелдер, көпірлер орналасқан жерлерді анықтау қажет.

Судан өтудің үш негізгі әдісі болады: су үстімен өту, суды кешіп өту, жүзу құралдарын қолданып өту.

Су үстімен өту – ең сенімді әдіс. Тас үстімен, жағадан сақтандырып, ағаш діңінің үстімен немесе арқан қолданып өту керек.

Сүды кешіп өту. Бір бірден, топпен, тірекпен және тірексіз өтеді.

Арқан қолданып өтсе, карабин немесе сақтандыру белбеуіне келетін қысқа шалу қолданылады. Ұстап қалушы (схватывающий) бауды қолдануға болмайды. Өтетін адам өзен бойымен арқаннан төмен болуы керек.

Жағада екі жерден сақтандыру жасайды, қиын жағдайда өзеннің бойымен төмендеу жерде ұстап қалу постын ұйымдастыру қажет.

Тәжік әдісі. Қауіпті емес өзендерден өту үшін, сақтандырусыз қолданылады. Ең күштілері жан-жағында, бірін бірі иығынан, рюкзак бауларынан ұстап өтеді.

Қаүіпті өзеннен өткенде 3-4 адам негізгі арқанмен байланады, баулары арқасында.

Жүзіп өту. Жақсы жүзе білетін туристер, жүзуге келетін өзендерде осындай әдісті қолдана алады.

Қар көпірімен өту қаүіпті әрекет. Өткен кезде қар көпірі қирап суға құлап қалу қауіпі бар. Егер өту керек болса, алдымен қардың тығыздығын мұзшапқышпен байқау керек. Ұстап тұрса, сақтандыру қолданып бірте-бірте өтуге болады.

Тау өзендерінен өту ережелері.

  1. Жағалауды, арна бедерін, су ағысын, тереңдігін алдын ала қарап алу керек. Тіректерді, құрал-жабдықтардың бар-жоғын, оларды қолдану мүмкіншіліктерін анықтау.

  2. Топ қабілетіне байланысты судан өту әдісін таңдау.

  3. Өту орны мен уақытын анықтау.

  4. Өтуді бақылау мен басқаруға қолайлы орын табу.

  5. Өзен бойымен төменірек жерде ұстап қалу пунктін ұйымдастыру. Ол үшін ең күшті, тәжірибелі адамдарды қою керек.

  6. Қиын жағдайда тек қос сақтандыруды қолдану қажет.

  7. Топ жетекшісі арқан, карабиндер, байлаулардың дұрыс қолдануын тексеруі қажет.

  8. Судан өтудің алдында бекіту нүктелерін, арқан мен карабиндердің сау күйін тексеру қажет.

  9. Әрекет реті мен әдістерді дұрыс қолдану жөнінде инструктаж жасау керек.

  10. Бірінші болып ең тәжірибелі, білікті спортсмен жүреді.

  11. Өткен кезде ағысқа қарсы қиғаштап жүру, міндетті түрде екі жерден сақтандыру жасау қажет («усы»).

  12. Сырғауыл қолданып өткенде таяқты жоғары жақта тіреу қажет.

  13. Арқан (перила) қолданса, оны төмен жағынан ұстап өту керек.

  14. Ұстап қалу бауын қолдануға болмайды.

  15. Екі және одан көп адам қиын жағдайда бірге өтпейді.

  16. Жағалары алыс болса, тек қос арқан қолданылады.

  17. Ілме өткел болса карабин арқылы жіппен тек алдына қарап өтуге болады, басқа жағалауда басын соғыл алмау үшін.

  18. Ілме өткелде жүк бөлек, адамдар бөлек көшіріледі.

  19. Тәртіп сақтау қажет, өткелге шақырылу алдында спортсмен қаүіпсіз жерде тұру керек.

  20. Ұйымдасырушылар мен сақтандырушылар сенімді өзін өзі сақтандырып тұруы керек.

60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту

Су туризміндегі негізгі кедергілер.

Су туризміндегі кедергілерді табиғи және жасанды кедергілерге бөлуге болады. Табиғи кедергілердің ішінде табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, және туризмнің басқа түрлерінде кездесетін кедергілерді атауға болады.

Қатты ағыс (быстрина). Өзендердің ирек-ирек жерлері қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетіп, тоқтап немесе қирап қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді (кеменің судағы жолы) байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.

Табалдырықтарөзен арнасының құлауы тік жерлерде, өзен суы жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады. Түбі тазартылған табалдырықтар болса көрініп тұрған фарватермен өте береді. Көлденең тұрған тас қырқасын тасы жоқ жерлермен өту керек, қайықты су ағыстары үшбұрыштарды құрып бірге қосылатын жерлерге жіберу қажет. Тастар шашылып жатқан табалдырықтан дұрыс бағыт табу қиын болғандықтан оңай емес. Мұндай жағдайда жүк пен адамдардың бір бөлігін жағалауда қалдырып, қайықта тек қана ең епті ескекшілерді қалдырған жөн. Жүзгенде өз жүрісін сақтап тұру қажет, су толқыны қайықты аударып тастайтын болғандықтан қырынан бұрылуға болмайды. Қырымен немесе алдымен тасқа соғылса, зымырап қайықтан секіріп кетіп, қайықты қолмен ұстап ағыс бойымен қою қажет.

Табалдырықтардан өту ережелері:

  1. жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;

  2. қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;

  3. бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;

  4. таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;

  5. қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;

  6. бұйрықтар қысқа және анық болу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау керек;

  7. жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;

  8. егер тым қаүіпті болса, жағалаумен айналып өту керек.

Ағысқа қарсы өтілсе арқан, сырғауыл қолданады.

Қайраң суы терең жерлерге қарағанда сарғылт болып келеді. Қайраңнан өткенде түбіне отырып қалмау үшін өз қимылын сақтап тұру керек. Отырып қалса, түсіп, қайықты терең жеріне итеру керек. Егер отырып қалу жолды дұрыс таппаудан болса, қайықты шегіндіріп дұрыс фарватерге түсіру керек.

Батып кеткен ағаштар мен бөлек тастар судың астында болса, судағы шеңберлер мен кедергіден төмен орналасқан судың қайнап айналып тұруынан білуге болады.

Өзенге жақын құз (прижим) - өзеннің тік жартасты жағалауның жанындағы кесіндісі. Су осы жерге айдалып тұрғаннан деңгейінің жергілікті көтерілуі байқалады. Жағадан өзен ортасына бағытталған үстінгі ағыс қайықты жағаға жібермеуі мүмкін.

Үйінділерсуда жатқан, суға еңкейген ағаштар, тастар, қоқыс сияқты кедергілер. Үйінділер адамдарды соғып кетуі, қайықты қиратуы, т.б. зиян келтіруі мүмкін. Үйіндіні жағасымен айналып өтеді. Ондай мүмкіндік болмаса, ағаштарды шауып немесе кесіп өту керек.