Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы

Мореналар,тас шөгінділер

Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.

Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.

Тас көшкіні. Қар мен мұз жапқан жартастардың қауіпі төмен. Күн шыққаннан кейін жартастар жылынып, мұз болып жабысып тұрған тастар жібіп құлай бастайды. Тас құлауы таудың шығыс және оңтүстік беткейлерінен басталады. Тас түске таман ең көп құлайды. Түнге қарсы тастар тағы да қатып қалады да құлауын аяқтайды дерлік. Ең қауіпті жерлер – клуарлар, тар сайлар, басқа да арна тәрізді жерлер. Ең қауіпсіз жерлер – суайрықтар таудың жотасы, жоны.

Тас көшкінінен қорғану ережелері.

  1. Ең қауіпсіз мезгілде қауіпті жерден өту.

  2. Қауіпті кулуарды оның жоғарғы тұсынан өту.

  3. Қауіпті кулуарда бір-бірден, сақтандыру жасап қозғалу.

  4. Тас шөгінділерде жүргенде бір-біріне жақын жүру керек.

  5. Адамдар бірінің үстінде бірі болып қалмау керек.

  6. Үгілгіш жастарда жүргенде тастарды үнемі тексеріп жүру керек.

  7. Қауіпті жерде жауын, қар, найзағай, тұман, ымырт, қатты жел кезінде болмау керек.

  8. Қауіпті жерлерден өткенде қарауылшыны қою керек. Тас құлап бара жатса, ол басқаларға қатты айқайлап белгі береді.

Тастар құлаған кезде қабырғаға сүйеніп, кертпеш немесе жартастың шығып тұрған жерінің астына тығылу керек. Таса жер болмаса, тастың құлауын байқап, тап жанына жақындағанда секіріп кету керек.

Жартастар. Жартастарда жүру ережелері:

  1. Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.

  2. Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.

  3. Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.

  4. Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.

  5. Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.

  6. Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.

  7. Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет

  8. Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.

  9. Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.