Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы

Қар түрлері өте көп: дымқыл қар, үлпілдеген жұмсақ қар, біраз жатып тығыздалған қар және т.б. Бірнеше жыл жатқаннан кейін қар қатты тығыздалады, оның құрылымы өзгеріп ол фирнге айналады. Фирн – мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады. Фирн таудың биік жерлерінде, мұзды, өңірінде қалыптасады.

Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді

бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки»

деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары

үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып

тұру керек.

11. Көлбеуі 30 0 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі

ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін

топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер

мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға)

57.Мұз беткейлерімен жүру техникасы мен тактикасы .Мұздықтар. Мұз құлауы мүмкін болатын кулуарлар мен жыралардан аулақ болу керек. Жабық мұздық үстімен 3-4 адам қосылып арқанмен байланып байламмен, тізбекпен жүру керек. Бірінші келе жатқан мұзды тексеріп жүреді. Қалғандары оның ізімен жүруге міндетті. Мұз беткейінде жүру ережелері:

  1. Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.

  2. Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн

  3. Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.

  4. Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.

  5. Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.

  6. Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)

  7. Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.

  8. Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.

  9. Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.

  10. Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде – су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.

  11. Кошка кисең секірмеуге тырыс.

  12. Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.

  13. Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.

Жайпақ мұз беткейі (20-25 дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.

Тік емес өр (25-30 ). Кошкамен тура жүру керек. «Шырша» әдісін қолдануға болады.

Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.

Бұрылу.

Тік өр (40-60 ). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.

Тік өр (50-60 ). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.

Мұз қабырғасына өрлеу (80 дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу керек. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.

Тік бұрыш мұз қабырғасы (90 ). Сатымен, мұзбұрғыш (штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу керек.

Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.

Траверс (60 шейін). Қырынан, жақын аяқ ұшын беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын тұру керек.

Тік өрдің (60 шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.

55 дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта, түрегеп тұрып жүреді. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.

Өте тік (65 ) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу қажет.

Баспалдақтар жасап жүру

Мұзшапқышты екі қолымен сабынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі (темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға емес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.

Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50 қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.

Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін әдеттегідей жасайды.

Траверс үшін екі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары (сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.

Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.

Құлап бара жатса 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылады; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтереді; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басады.