
- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •23. Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26. Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28. Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29,30,31 Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Тамақтандыру функциялары. Азық-түліктің энергиялық құндылығы
- •32.Жорық ас мәзірін әзірлеу. Туристік топтың толық жүк салмағы мен шығындарын есептеу
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36. Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37. Маршрутты картада көрсету, маршрут схемасын жасау. Азимут және азимут түрлері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61.Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация
- •77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87. Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •88. Туристік топтың психологиялық жағдайы
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •93. Бұқаралық туристік шаралар
- •94. Туристік бұқаралық жилыстар мен жарыстар
- •95 Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97. Коммерциялық турға қажетті құжаттар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе
жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса,
алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе
тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды.
Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік
болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық
емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі – мұндай
жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.
Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен
құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады.
Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді
болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады,
кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк,
қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей
қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.
Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден
аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар
болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар
ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа
тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.
Қар Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы –
тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай
жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.
Жартастар.Мұз.
Асулар. Асу дегеніміз тау жотасындағы төмен жері, бір аңғарданекіншіге өту үшін ең қолайлы жер.
54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
Соқпақпен жүру ережелері. Жүрген кезде бір ырғақты сақтау керек. Тамыр соғуы тоқтағаннан кейін (5-6 мин) қалпына келуі тиіс, шынықпаған
адамдікі – 8-10 мин. Жазық жерде рюкзакпен жүргенде жылдамдық 3,5-4 км/сағ болады. Топ созылмау керек. Жүріс жылдамдығы ең артта қалатындардың жылдамдығынан аспаған жөн, сондықтан алда келе жатқан кісі қатты асықпауы қажет және де дәл жетекшінің соңында топтың ең
әлсіздерін қою керек. Топ қатты созылып кетсе, тоқтап, арттағыларды күту керек.
Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды. Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі – мұндай жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.
Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес. Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек
55.Мұздықтардың түрлері. Мұздық қалыптастыратын жер бедер формалары
Мұздық түрлері:
Мұз жамылғысы – мұз толығымен дерлік астындағы жер бедерін
жауып тастайды. Қоректену зонасы мұздықтың орталық тұсында орналасады, осы жерден басталып мұздық жан-жаққа тіл сияқты түрде ағып
тарай ды (мысалы, Эльбрус мұздықтары).
Кар мұздығы тау беткейіндегі кар немесе мульда түбінде жатады. Мұз тілі кар шетінен аспайды.
Аспалы мұздық (висячий) таудың жотаның тік беткейінде орналасады.
Жаңкартылған (возрождённый) мұздық аңғар мұздығының сынықтарынан пайда болады. Аңғар мұздығының сынықтары төмен қарай жырадан құлайды да түбінде жаңа мұздық қалыптастырып бірге қатып қалады.
Аңғар мұздығының ап-анық қоректеу зонасы мен аңғарға жылжитын тілі бар. Бірнеше саласы бар мұздық күрделі мұздық деп аталады.
Жан-жаққа ағатын (перемётный) мұздық екі жаққа бөлініп ағады, ал қоректену зонасы ортақ болады.
Мұз жер бедерінің формалары.
Қар кертпеші – жел бағыты жағына асылып тұрған қар кертпеші.
Қар көшкінінің науасында жиі-жиі көшкіндер болады.
Көшкін конусы – көшкін жиі ағатын сайдың төменгі тұсындағы конус тәрізді, тығыздалған қар.
Қар өрісі (снежник) – күннің көзі мен жел жетпейтін жерде орналасқан қимылсыз жатқан қар жинақталуы. Мұздықтың қоректеу зонасы болып табылады.
Қар үстірті – тау арасында орналасқан жайпақ, қарлы-фирнды өріс.
Мұздық тілі – қоректену зонасынан тыс аңғар мұздығының өзі.
Тау астындағы жарық (бергшрунд) мұздықтың қоректену зонасында болады. Жартасқа жабысып қатып қалған фирнның шетінде болады.
Көлденең жарықтар мұздық түбінің бүктелген жерлерінде пайда болады. Томпақ иірімдерде жоғары қарай кеңейеді, ал ойыс жерлерінде – төмен қарай.
Ұзынынан-ұзақ жарықтар мұздық тар жерден кең шатқалға шыққанда пайда болады.
Радиалдық жарықтар аңғардың шұғыл бұрылыстарында мұздықтың шеткі жағында сәуле тәрізді болып қалыптасады.
Крест тәрізді жарықтар аңғар түбінің томпақ жерлерінің үстінде пайда болады, осы жерден мұз жан-жаққа ағады.
Мұз құлауы – ірі бөлектерге бөлінген мұздан тұратын мұздық бөлшегі.
Серак – мұз құлауындағы ірі мұз кесектері.
Грот – мұздық тілінің шетіндегі шұңқыр. Гроттан еру сулары ағады.
Морена – мұздық тасымалдаған тастар үйінділері.
Рантклюфт – мұздық пен оның «төсегінің» арасындағы тар қуыс.
Нунатак – мұздық оны екі жақтан ағып өтетін жартас аралы.