Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

50. Аялдаулар және түнеу орындары

Түнеу орындарын көшкін қауіпі бар жерде орнатуға болмайды. Түнеу орнын биік жерлерде, суайрықтарда, тас құлауы мен сел болмайтын жерде жасау керек. Келесі түнеу орны кешегісінен жоғары орналасады, ал күндіз бұл түнеуден биік жерге көтеріліп түсу қажет. Солай күнде жететін, түнде түнейтін биіктікті жоғарылатады.Сағат сайынғы аялдама, түскі аялдама,кешкі түнеу орындары. Қысқа аялдаулар – жүрген кезде тоқтап, демалу, ұзақ аялдаулар – түнеу орындары, 1 күндік, минутқа,алғашқы демалыс 5-7мин., жолға шыққаннан кейін 15-20 мин. Өткен соң 5-7 мин тоқтайды, өйткені аяқ-кйімді жөндеу, түнеу орындарының қауіпсіздігі.

51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:

1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен

арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды.

2. Желден, өрттен, суықтан қорғану шараларын жасау.

3. Палатканы мықты бекіту.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен

жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу. Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді:

1 топ: табиғи қауіп-қатерлер;

2 топ: материалдық-техникалық қамтамасыз- данудың қателіктері мен жетіспеулігі;

3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау;

4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік.

Табиғи қауіп-қатерлері:

жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы,

мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері;

ауа райының қолайсыздығы – жел, найзағай, ауа температурасы мен

ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары

Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан

жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты

біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін

ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек.

Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек. Жақсы рюкзак болса

салмақ ортасы төмен орналасады, ауыртпалық иыққа емес, арқа мен белге

түседі. Жүрген кезде рюкзакты түзеп жүру мүмкіндігі болуы қажет. Жүкті

рюкзакқа дұрыстап арту керек: еш нәрсе арқаға батпау керек, ауыр жүк

түбінде, жеңілдері және жолда керек болатындары үстінде орнатылады.

Рюкзакқа жүк артқанда заттарды нығыздап салу керек; еш нәрсе салбырлап,

сылдырлап, шайқалып тұрмау керек, рюкзак қозғалыс кезінде былқ етпегені

дұрыс.

Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына

сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн.

Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін

жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты

пластик бәтіңке кию керек (мысалы, «кофла»), ұйқы қабына аяқ киім шешпей

жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру

керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге

болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажалады. Шұлықты

да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып

қалады да аяқты қажап жаралайды.

Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше

іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім,

жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын

күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б.

болуы керек. Альпеншток – жүрген кезде сүйенетін және

жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал

жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде

қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады.

Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға

арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін «кошки», мұз ілгектері,

мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер («айс-фифи») қолданылады. Мұз

бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері,

«сегіздік» сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау

үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін

ракетница болуы керек.