
- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •23. Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26. Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28. Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29,30,31 Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Тамақтандыру функциялары. Азық-түліктің энергиялық құндылығы
- •32.Жорық ас мәзірін әзірлеу. Туристік топтың толық жүк салмағы мен шығындарын есептеу
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36. Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37. Маршрутты картада көрсету, маршрут схемасын жасау. Азимут және азимут түрлері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61.Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация
- •77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87. Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •88. Туристік топтың психологиялық жағдайы
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •93. Бұқаралық туристік шаралар
- •94. Туристік бұқаралық жилыстар мен жарыстар
- •95 Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97. Коммерциялық турға қажетті құжаттар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
Тау, жаяу туризміндегі табиғи кедергілер. Асу, су кедергілері, шатқалдар, каньондар, ну орман, үйінділер, мұздықтар, қар, фирн, жартастар.
Техникалық табиғи кедергілер туризмнің әрбір түріне бөлек анықталады.
Жаяу туризмінің кедергілері: батпақтар, ну орман-тоғайлар, өзендерден өту, шөпті беткейлер.
Тау туризміндегі негізгі кедергілер – асулар мен мұздықтар. Сонымен қатар, қар, фирн, жартастар, су кедергілері және т.б.
Соқпақпен жүру ережелері. Жүрген кезде бір ырғақты сақтау керек. Тамыр соғуы тоқтағаннан кейін (5-6 мин) қалпына келуі тиіс, шынықпаған адамдікі – 8-10 мин. Жазық жерде рюкзакпен жүргенде жылдамдық 3,5-4 км/сағ болады. Топ созылмау керек. Жүріс жылдамдығы ең артта қалатындардың жылдамдығынан аспаған жөн, сондықтан алда келе жатқан кісі қатты асықпауы қажет және де дәл жетекшінің соңында топтың ең әлсіздерін қою керек. Топ қатты созылып кетсе, тоқтап, арттағыларды күту керек.
Шөпті беткей. Қаүіптер: тас құлауы, тайғанақ жол. Тар шатқалда келе жатқанда тас көшкіні болатын жерлерді анықтау керек. Өте қауіпті болса, алдында байқаушы тәжірибелі адамды қою керек. Көшкін басталса немесе тас домалап келе жатса, қатты дауыстап: «Тас!» – деп айқайлайды.
Жүрген кезде аяқтың өкшесін толық басып жүрген жөн. Беткей тік болса, қиғаштап жүру. Жүрісті жеңілдету үшін альпеншток қолданған артық емес. Жартас үстіндегі шөпті беткейге бармаған дұрыс, себебі – мұндай жерде аяқ тайғанап кетуі мүмкін.
Шөгінді үйінділер, мореналар. Шөгінді тас үйінділері жоғарыдан төмен құлаған тастардан тұрады. Олар бірте-бірте таудың етегінде жиналады. Морена дегеніміз мұздықтың сырғытып әкелген тастардан тұратын ірі үйінді болады. Жүрген кезде өте сақ болу керек: кейбір тастар шайқалып тұрады, кейбіреулері тайғанақ (әсіресе жаңбырдан кейін немесе үстінде қырау, мүк, қына болса) болады. Тасты қар басып тұрса, арасындағы қуыстар көрінбей қалады да, аяқты мертіктіріп алу ғажап емес.
Жүрген кезде, түнеуге тоқтаған жағдайда тас құлайтын жерлерден аулақ болу керек. Мықты жатқан тастар күңгірт, үстінде қына өскен тастар болады – бұл қауіпсіздіктің белгілері. Ал жаңадан құлап жатқан тастар ақшыл, кескінді болып көрінеді. Мұндай жерде түнеуге, тіпті ұзақ уақытқа тоқтауға да болмайды. Тас құлағанда қатты айғайлау керек.
Қар түрлері өте көп: дымқыл қар, үлпілдеген жұмсақ қар, біраз жатып тығыздалған қар және т.б. Бірнеше жыл жатқаннан кейін қар қатты тығыздалады, оның құрылымы өзгеріп ол фирнге айналады. Фирн – мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады. Фирн таудың биік жерлерінде, мұзды, өңірінде қалыптасады.
Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды
2. Беткейге еңкеймей тұру керек.
3. Тәңертең жүрген жөн.
4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.
5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.
6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.
7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.
8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.
9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)
10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.
11. Көлбеуі 30 аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.
12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.
Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады. Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.
Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.
Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек.
Тік жатқан мұзға мұзшапқыш қолданып өрмелейді. Табанды жалпағымен қою, «шырша» әдісін қолдану керек. Одан тік көлбеу ( 25-30 ) болса, қырындап, мұзшапқышқа сүйеніп шығу керек. Табанын қырынан қою, мұзшапқыштың үшкір ұшын қолданып қиғаштап жүру қажет.
Орташа көлбеу (35-45 ). Қар көшкіні қаүіпі болмаса, жартылай қырындап, қиғаштап (зигзагпен) өрмелеген жөн. Баспалдақты бәтіңке қырының сыздығымен (рант) ұрып жасау қажетті. Табанын горизоналды, бір біріне параллелді қою керек. Мұзшапқышты беткейге астыңғы ұшымен тіреліп жүреді.
Бұрылыста айқыш-ұйқыш бұрылу керек.
Қардың қабыршағы мықты болмаса (5-10 см), аяқ ішіне кіріп кетсе, қадам сайын қабыршақты сындырып отыру керек.
Көлбеуі тік беткейлер (50-65 ) тура, үш есепке, беткейге тура қарап, үнемі екі тіреу сақтап міну керек. Екі аяқта тұрып, мұз шапқышты ұшын ағаш тұтқасының жартысына дейін қадау керек (бірінші есеп). Одан кейін, сол аяқта тұрып, шапқыш басын екі қолдап ұстап, оң аяқ ұшымен сол тізе биіктігінде баспалдақ жасау, оған оң аяқты қойып тізені жазу (екінші такт). Оң аяқта тұрып, шапқышты ұстап, сол аяқ ұшымен екінші баспалдақ жасап, оған сол аяқты қою (үшінші такт( және одан әрі сол сияқты).
Траверстер. Беткейді траверс жасап өту дегеніміз – қойдың соқпағы сияқты жайпақ бағыттармен беткейге көлденең жүру: мұндай әдіс қолдансақ, беткейді тік, шұғыл кесіп өтпейміз, жүріс жеңілдейді. Төмен қарай үш есепке түскен жөн, беткейге қарап, үнемі екі жерде тіреліп түседі.
Жартастар. Жартастарда жүру ережелері:
Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.
Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.
Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.
Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.
Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.
Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.
Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет
Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.
Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.
Мұз. Мұз беткейінде жүру ережелері:Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.
Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн
Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.
Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.
Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.
Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)
Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.
Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.
Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.
Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде – су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.
Кошка кисең секірмеуге тырыс.
Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.
Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе– шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.
Жайпақ мұз беткейі (20-25 дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.
Тік емес өр (25-30 ). Кошкамен тура жүру керек. «Шырша» әдісін қолдануға болады.
Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.
Бұрылу.
Тік өр (40-60 ). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.
Тік өр (50-60 ). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.
Мұз қабырғасына өрлеу (80 дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу керек. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.
Тік бұрыш мұз қабырғасы (90 ). Сатымен, мұзбұрғыш (штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу керек.
Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.
Траверс (60 шейін). Қырынан, жақын аяқ ұшын беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын тұру керек.
Тік өрдің (60 шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту.
55 дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта, түрегеп тұрып жүреді. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.
Өте тік (65 ) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу қажет.
Баспалдақтар жасап жүру
Мұзшапқышты екі қолымен сабынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі (темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға емес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.
Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50 қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.
Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін әдеттегідей жасайды.
Траверс үшін екі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары (сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.
Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.
Құлап бара жатса 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылады; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтереді; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басады.