- •2. Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының негізгі анықтамалары.
- •6 Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.
- •8. Қазақстан аймақтарының туризмнің белсенді түрлерін дамыту мүмкіншіліктері
- •10. Жорық барысындағы туристердің қоғамға пайда болатын жұмысы
- •11. Туристік экспедицияларды ұйымдастыру
- •12. Іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
- •14. Туристік маршруттардың тактикалық схемалары
- •15.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •16. Маршруттың негізгі,қосымша және ақпараттық варианттары
- •17. Спорттық туризм түрлері.
- •18. Туристтік саяхат мақсаттары
- •23. Туристік құрал-жабдықтарға туристік саяхаттарда қажет болатын
- •25. Арқан түрлері. Баулар топтары және оларды қолдану
- •26. Жорықтағы тамақтандыру тәртібі, режим
- •28. Тамақтандырудың ғылыми негіздері
- •29,30,31 Азық-түлік құрамына кіретін заттар. Тамақтандыру функциялары. Азық-түліктің энергиялық құндылығы
- •32.Жорық ас мәзірін әзірлеу. Туристік топтың толық жүк салмағы мен шығындарын есептеу
- •33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері
- •36. Топографиялық карталардағы масштаб түрлері
- •37. Маршрутты картада көрсету, маршрут схемасын жасау. Азимут және азимут түрлері
- •39. Жорық кезінде ара қашықтықтарды өлшеу, бағдарлау әдістері
- •42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
- •43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
- •47. Тау туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту
- •48. Асулардың қиындық дәрежесіне қойылатын талаптар
- •50. Аялдаулар және түнеу орындары
- •51. Таудағы бивак орналастыру ережелері:
- •52. Тау туризмінің, альпинизмнің арнайы құрал-жабдықтары
- •53. Белсенді туристік жорықта кездесетін беткей түрлері
- •54. Топырақ, шөпті беткейлерден өту, жолмен, соқпақпен жүру техникасы мен тактикасы
- •56.Қар, фирн үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •58. Мореналар, тас шөгінділер, жартастар үстімен жүру техникасы мен тактикасы
- •59.Су кедергілерінен өту техникасы мен тактикасы
- •60.Су туризмінде кездесетін табиғи кедергілер және олардан өту
- •61.Су туризмінде кездесетін жасанды кедергілер және олардан өту
- •62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар
- •63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері
- •67 Әлемнің, Қазақстанның тау шаңғы орталықтары
- •68. Жер бедер формалары мен элементтері.
- •72. Жорықтағы медициналық қорапша құрамы
- •75. Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі. Алдын алу. Акклиматизация
- •77. Пайдалы, улы, қауіпті өсімдіктер мен жануарлар. Қауіпті жануарлар мен улы өсімдіктерден сақтану.
- •78. Қауіпті және апатты құбылыстар және олардан аман қалу.
- •79. Лагерь бивак ұйымдастыру қағидалары
- •Бивактарды ұйымдастыру ережелері
- •81. Жорықтың тактикалық схемасы мен график-жоспарын жасау
- •84. Жорық күнделігін жүргізу
- •86. Туристің жалпы және арнайы даярлығы
- •87. Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері
- •88. Туристік топтың психологиялық жағдайы
- •90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу
- •91. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарды ұйымдастыру ережелері
- •93. Бұқаралық туристік шаралар
- •94. Туристік бұқаралық жилыстар мен жарыстар
- •95 Дәрежесіз жорықтар және демалыс күндерінің жорықтары
- •97. Коммерциялық турға қажетті құжаттар
- •98. Қызметкерлер тобы мүшелерінің (гид, ассистент (сирдар), аспаз, жүк тасушы, атбегі, аудармашы) міндеттері
- •99. Спорттық туристік жилыстарды өткізу есептері мен калькуляциясы
42. Жорықтардың қиындық дәрежелеріне қойылатын талаптар
Жорық қиындығын бағалау.
Туристік жорықтың 6 қиындық дәрежесі болады (1-6)
Жорықтың қиындық дәрежесі кедергілердің техникалық қиындығымен анықталады
Туризмнің әр түрінде жорық қиындығын анықтайтын кедергілері болады
Спорттық дәреже жорықтардың қиындығына, санына және жорықтарда атқарған міндетіне байланысты беріледі
Туристік жорықтар қиындығы (күрделілігі) бойынша алты дәрежеге
бөлінеді. Жорықтың күрделілік дәрежесі (категория сложности похода) үш
классификациялық көрсеткіштер жиынтығымен анықталады: 1) ұзақтығы; 2)
қашықтығы; 3) маршруттың техникалық күрделілігі.
Маршрут ұзақтығы дегеніміз маршрутқа сәйкес дайындығы бар топқа,
демалыс күндері мен ауа райы әсеріне қалдырылған қосымша күндерін
есептемегенде ең кемінде алынған уақыт. Демалыс күндері (дневки)
нормативті ұзақтыққа кірмейді, және олардың саны жорықтың жалпы
ұзақтылығынан 20 % аспайды. Жорықтың ұзақтығын ережелер шектемейді,
бірақ, егер күндер саны нормативті минимумнан дәлелсіз, себепсіз (мысалы,
кедергілердің мөлшері мен санының көбеюінсіз) түрде 25-30% асып кетсе,
МКК жорық күрделілігін жүктеме қарқындылығы төмен болғандықтан бір
категорияға төмендетуге қақысы бар. Саяхат күрделілігі нормадан асып
тұрса, оны ұзартқан жөн.
Маршрут жолының арақашықтығы – саяхат күрделілінінің белгілі
дәрежесінің ең кіші мөлшеріндегі. арақашықтығын тек қана асқан
техникалық қиындығы болса ғана азайтуға болады, оның өзінде азайту
мөлшері 25% аспайды.
Күрделілік дәрежені анықтағанда белгілі нүктелерден өтетін жол
есептеледі, кейбір объектілерге радиалдық маршруттар арқылы жетуге
болады. Маршруттың негізгі бөлігі сызықтық немесе айналма, және ережеде
нұсқауланған қашықтықтың 75 % кем болмауы тиіс, тау маршруты болса,
осы күрделілікке нұсқауланған ең қиын екі асудан кем асулар саны болмауы
тиіс. Радиалдық маршрут дегеніміз маршруттық кітапшада белгіленген,
жолдың бастапқы нүктеге қайтатын кесіндісі. Айналмалы (басқа жолмен
қайту) радиалдық шығуларда өткен қашықтықтар мен кедергілер толығымен,
сызықтық радиалдық шығулардікі – жартылай есептеледі. Кедергілер
қиындығы өзгермесе, маршрут арақашықтығының ұзартылуы маршрут
күрделілігін көбейтпейді.
Күрделілігі 3-6 дәрежедегі саяхаттар үзіліссіз өткізілуі тиісті.
Маршруттың үзілуі дегеніміз – төтенше жағдай болмаған кезде елді мекенде
екі тәуліктен артық уақыт болуы және маршрут ішінде механикалық көлік қолдану болып табылады.
43, 44, 45. Қарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:
1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды
2. Беткейге еңкеймей тұру керек.
3. Тәңертең жүрген жөн.
4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.
5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.
6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.
7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.
8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.
9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)
10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.
11.
Көлбеуі 30
аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге
болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін.
Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады.
Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан
қолданып жүргшені дұрыс.
12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.
Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.
Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.
Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.
Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек.
Жартастарда жүру ережелері:
Алдын ала әбден қарап алып, тіреулерді байқап, жолды жоспарлау керек.
Дем алу мен одан арғы жолды табу үшін аялдау орындарын көздеп табу керек. Олар қаүіпсіз және де ыңғайлы болу керек. Қиын және қаүпті жерлерді жылдам өту қажет.
Тіреулерді алдын ала байқау керек: басып, шайқап немесе ұрып.
Тексерілген мықты тіреулерді көп рет пайдалануға болады.
Үнемі үш тіреу болу керек, жүогенде тек бір мүшені ғана жылжыту керек.
Көбінесе аяқтап жүрген жөн, ал қолды тірек ретінде қолдану керек. Аяқ тірегі мықты болмаса, қолға түсетін салмақ ауырға түседі. Кейде, қиын жерлерде, негізгі жүктеме қолға түседі.
Бұлшық еттердің әртүрлі топтарына түсетін жүктемелерді ауыстырып тұру қажет
Қолайсыз немесе мықты емес тіреулер болса, оларға қосымша дене мен мүшелердің жартасқа қажалуын, үйкелісін қолдану.
Бір қалыпты, жұлқынбай қозғалу керек.
Мұз беткейінде жүру ережелері:
Қажетті құралдар: мұзшапқыш, кошкалар, мұз ілгектері (крючья) болу керек.
Басты жүк сирақ пен табан-өкшелерге түседі. Егер олар шынықпаған болса, мұз маршрутына бармаған жөн
Вибраммен (тайғанамауға арналған протекторы бар аяқ киім) маршрутқа шықса да, кошкалар бірге болу қажет.
Алдымен мұздықты қарап, жолы мен жүру әдісін жоспарлау қажет.
Кошкалардың тістері үшкір болу керек, сондықтан оларды жолдың алдында қайрау қажет.
Кошка тістерінің барлығын мұзға бірден, қайталамай кіргізу керек, себебі – соққыны қайталаса, мұз үгіле бастайды. Үлкен қадам жасамау (екінші аяқты қағып кетпеу үшін)
Үнемі екі тіреуден кем болмау керек, үш есепке жүру қажет: мұзшапқыш – аяқ – аяқ..Жүрген кезде әрқашан мұзшапқышпен беткейге тіреліп жүру керек.
Кошкалармен жүрген кезде мүмкіндікше беткейдегі тегіссіздіктерді – жарықтарды, қуыстарды, дөңестерді қолдану қажет: аяқ пен сирақты аздап жеңілдетеді.
Әл біткенше жүруге болмайды, алда келе жатқан адамды, әсіресе баспалдақ жасап жүрсе, кезекпен ауыстырып тұру керек.
Қозғалыс бағытын жер бедеріне, тіректер мықтылығына орай және күш сақтау мақсатымен таңдау керек; өрге 45-60 диагональ арқылы көтеріліп, түскен кезде – су ағуы бағытымен тура жүрген дұрыс.
Кошка кисең секірмеуге тырыс.
Мұз беткеймен жүрудің негізгі әдісі – кошкалармен жүру, сондықтан баспалдақ жасауды өте сирек қолдануға тырысу керек.
Баспалдақ жасағанда ең маңызды нәрсе – шапқыш соққысы күшінің дәл болуы. Соққы күші қол күші емес, мұзшапқышқа берілген инерцияға байланысты.
Жайпақ мұз беткейі (20-25 дейін). Кошкасыз-ақ жүреді. Тайғанақ болса кошкаларды кию қажет.
Тік емес өр (25-30 ). Кошкамен тура жүру керек. «Шырша» әдісін қолдануға болады.
Орташа өр (30-40 ). Қиғаштап, айқыш-ұйқыш жүріп өрмелеу қажет.
Бұрылу.
Тік өр (40-60 ). Тура, кошканың алдыңғы төрт тістеріне салмақ түсіріп жүрген дұрыс. Тізені бүгіп, бақайын төмен ұстап, мұзшапқыш тұмсығынан тартылуға болмайды – аяқпен көтерілу керек.
Тік өр (50-60 ). Кәдімгі (тістері бірдей) кошкалар, қысқа кесінділерде беткейге арқасымен бұрылып жүреді. Тізе бүгілген, қадамдары шағын, мұзшапқыш ұшымен арт жағына тіреліп жүреді.
Мұз қабырғасына өрлеу (80 дейін). 12 тісті кошкалар, 2 алдыңғы тісі қалған 10 тісімен тік бұрыш құрады. 2 алдыңғы тіспенен ғана өрлеу керек. Мұзшапқыштың басы оң қолда, сол қолда – мұз ілгектері, оларды кезекпен мұзға қағады.
Тік бұрыш мұз қабырғасы (90 ). Сатымен, мұзбұрғыш (штопорлық) емесе якорлық ілгектер көмегімен өрлеу керек.
Үшкір мұз қырқасы. Аяқ қырқаның екі жағында, аяқ ұшы төмен қарайды.
Траверс (60 шейін). Қырынан, жақын аяқ ұшын беткейге қаратып алға, екіншісі – төменге, шапқыш дайын тұру керек.
Тік өрдің (60 шейін) траверсі. Аяқта тік тұрып, арқаң беткейге қарайды, аяқтың екі ұшы да төмен. Шапқыш ұшын артыңа қадап, аяқты бірінен соң бірін үш есепке жылжыту. 55 дейін мұз беткейімен түсу: арқасы беткей жақта, түрегеп тұрып жүреді. Аяқ ұшы төмен қарайды, шапқыш ұшын артында мұзға қадайды.
Өте тік (65 ) өрден түсу. Тістері бірдей емес кошкаларда бетімен беткейге қарап түсу қажет.
Баспалдақтар жасап жүру
Мұзшапқышты екі қолымен сабынан ұстайды, беткейге жақын қолы оның ұшына жақын болады. Бүлдіргесі (темляк) дұрыс келіп түрса шапқыш салмағы тұтқасын ұстап тұрған қолға емес, бүлдіргеге келіп түседі де саусақтарға жеңілдеу болады.
Баспалдақ жасау. Баспалдақ ені мен ұзындығы топтағы ең үлкен аяқ киімге сәйкес болу қажет. Баспалдақ арасы топтағы ең аласа бойлы спортсменнің қадамынан аспау керек. 50 деін: 45-50 қиғаш-жоғарылаумен болады. Беткей сол жақта болса, сол аяқ оң аяқтан жоғары және оның алдында болады. Әрбір цикл екі баспалдақ шабу мен солармен өтуден тұрады. Алдында төменгісін жасайды да одан кейін үстінгісін, ал содан соң төменгісін мұз сынықтарынан тазартады.
Бұрылыс. Бұрышында екі баспалдақ – төменгі бұрылыстық баспалдақ – екі аяқ сиятын орын және үстінгісін әдеттегідей жасайды.
Траверс үшін екі қатар шахмат ретімен жасалады. Баспалдақтың үстінгі қатары (сол аяқ үшін) төменгі қатардан 10-15 см биік жасайды.
Түскен кезде бір қолмен баспалдақ жасайды, ал басқа қолмен одан бұрын жасалған баспалдақты ұстап тұрады.
Құлап бара жатса 1 – екі қолынан шапқышты жібермей, бетін төмен қаратып аударылады; 2 – кошкамен жерге тіреліп қалмау үшін аяқ ұшын көтереді; 3 – шынтақ тұсында бүгілген қолмен шапқыш тұмсығын мұзға шаншып, дененің бар салмағымен оны басады.
Судан өту. Ең алдымен өткелдер, көпірлер орналасқан жерлерді анықтау қажет.
Судан өтудің үш негізгі әдісі болады: су үстімен өту, суды кешіп өту, жүзу құралдарын қолданып өту.
Су үстімен өту – ең сенімді әдіс. Тас үстімен, жағадан сақтандырып, ағаш діңінің үстімен немесе арқан қолданып өту керек.
Сүды кешіп өту. Бір бірден, топпен, тірекпен және тірексіз өтеді.
Арқан қолданып өтсе, карабин немесе сақтандыру белбеуіне келетін қысқа шалу қолданылады. Ұстап қалушы (схватывающий) бауды қолдануға болмайды. Өтетін адам өзен бойымен арқаннан төмен болуы керек.
Жағада екі жерден сақтандыру жасайды, қиын жағдайда өзеннің бойымен төмендеу жерде ұстап қалу постын ұйымдастыру қажет.
Тәжік әдісі. Қауіпті емес өзендерден өту үшін, сақтандырусыз қолданылады. Ең күштілері жан-жағында, бірін бірі иығынан, рюкзак бауларынан ұстап өтеді.
Қаүіпті өзеннен өткенде 3-4 адам негізгі арқанмен байланады, баулары арқасында.
Жүзіп өту. Жақсы жүзе білетін туристер, жүзуге келетін өзендерде осындай әдісті қолдана алады.
Қар көпірімен өту қаүіпті әрекет. Өткен кезде қар көпірі қирап суға құлап қалу қауіпі бар. Егер өту керек болса, алдымен қардың тығыздығын мұзшапқышпен байқау керек. Ұстап тұрса, сақтандыру қолданып бірте-бірте өтуге болады.
Тау өзендерінен өту ережелері.
Жағалауды, арна бедерін, су ағысын, тереңдігін алдын ала қарап алу керек. Тіректерді, құрал-жабдықтардың бар-жоғын, оларды қолдану мүмкіншіліктерін анықтау.
Топ қабілетіне байланысты судан өту әдісін таңдау.
Өту орны мен уақытын анықтау.
Өтуді бақылау мен басқаруға қолайлы орын табу.
Өзен бойымен төменірек жерде ұстап қалу пунктін ұйымдастыру. Ол үшін ең күшті, тәжірибелі адамдарды қою керек.
Қиын жағдайда тек қос сақтандыруды қолдану қажет.
Топ жетекшісі арқан, карабиндер, байлаулардың дұрыс қолдануын тексеруі қажет.
Судан өтудің алдында бекіту нүктелерін, арқан мен карабиндердің сау күйін тексеру қажет.
Әрекет реті мен әдістерді дұрыс қолдану жөнінде инструктаж жасау керек.
Бірінші болып ең тәжірибелі, білікті спортсмен жүреді.
Өткен кезде ағысқа қарсы қиғаштап жүру, міндетті түрде екі жерден сақтандыру жасау қажет («усы»).
Сырғауыл қолданып өткенде таяқты жоғары жақта тіреу қажет.
Арқан (перила) қолданса, оны төмен жағынан ұстап өту керек.
Ұстап қалу бауын қолдануға болмайды.
Екі және одан көп адам қиын жағдайда бірге өтпейді.
Жағалары алыс болса, тек қос арқан қолданылады.
Ілме өткел болса карабин арқылы жіппен тек алдына қарап өтуге болады, басқа жағалауда басын соғыл алмау үшін.
Ілме өткелде жүк бөлек, адамдар бөлек көшіріледі.
Тәртіп сақтау қажет, өткелге шақырылу алдында спортсмен қаүіпсіз жерде тұру керек.
Ұйымдасырушылар мен сақтандырушылар сенімді өзін өзі сақтандырып тұруы керек.
Батпақтар, ну орман. Ескі суаттарда пайда болған батпақтар ең қаүіпті. Сырғауыл ұстап, абайлап жүру қажет. Батпаққа батып бара жатса, оған жақындамай, ұзын таяқ немесе арқан ұшын беру керек.
Қалың орман ішінде жүргенде, адасып кетпеу үшін компас, басқа да бағыт анықтаушы әдістерді қолдану керек. Аю сияқты ірі жыртқыштар бар жерде шулап, дауыстап жүрген дұрыс. Орманның ішінде өртке қарсы шараларды мүлтіксіз орындау керек. Ұсақ жәндіктерден, жыланнан қорғану үшін сырты жабық киім кию, әртүрлі арнайы химиялық құралдарды қолдану керек. Кенеден сақтану өте маңызды: кене қауіпті энцефалит ауруын тарататын жәндік. Жорықтың алдында міндетті түрде энцефалитке қарсы егу жасау керек, ал жүрген кезде оқтын-оқтын дененің таса жерлерін тексеріп байқау қажет.
Су туризміндегі негізгі кедергілер.
Су туризміндегі кедергілерді табиғи және жасанды кедергілерге бөлуге болады. Табиғи кедергілердің ішінде табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, және туризмнің басқа түрлерінде кездесетін кедергілерді атауға болады.
Қатты ағыс (быстрина). Өзендердің ирек-ирек жерлері қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетіп, тоқтап немесе қирап қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді (кеменің судағы жолы) байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.
Табалдырықтар – өзен арнасының құлауы тік жерлерде, өзен суы жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады. Түбі тазартылған табалдырықтар болса көрініп тұрған фарватермен өте береді. Көлденең тұрған тас қырқасын тасы жоқ жерлермен өту керек, қайықты су ағыстары үшбұрыштарды құрып бірге қосылатын жерлерге жіберу қажет. Тастар шашылып жатқан табалдырықтан дұрыс бағыт табу қиын болғандықтан оңай емес. Мұндай жағдайда жүк пен адамдардың бір бөлігін жағалауда қалдырып, қайықта тек қана ең епті ескекшілерді қалдырған жөн. Жүзгенде өз жүрісін сақтап тұру қажет, су толқыны қайықты аударып тастайтын болғандықтан қырынан бұрылуға болмайды. Қырымен немесе алдымен тасқа соғылса, зымырап қайықтан секіріп кетіп, қайықты қолмен ұстап ағыс бойымен қою қажет.
Табалдырықтардан өту ережелері:
жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;
қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;
бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;
таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;
қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;
бұйрықтар қысқа және анық болу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау керек;
жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;
егер тым қаүіпті болса, жағалаумен айналып өту керек.
Ағысқа қарсы өтілсе арқан, сырғауыл қолданады.
Қайраң суы терең жерлерге қарағанда сарғылт болып келеді. Қайраңнан өткенде түбіне отырып қалмау үшін өз қимылын сақтап тұру керек. Отырып қалса, түсіп, қайықты терең жеріне итеру керек. Егер отырып қалу жолды дұрыс таппаудан болса, қайықты шегіндіріп дұрыс фарватерге түсіру керек.
Батып кеткен ағаштар мен бөлек тастар судың астында болса, судағы шеңберлер мен кедергіден төмен орналасқан судың қайнап айналып тұруынан білуге болады.
Өзенге жақын құз (прижим) - өзеннің тік жартасты жағалауның жанындағы кесіндісі. Су осы жерге айдалып тұрғаннан деңгейінің жергілікті көтерілуі байқалады. Жағадан өзен ортасына бағытталған үстінгі ағыс қайықты жағаға жібермеуі мүмкін.
Үйінділер – суда жатқан, суға еңкейген ағаштар, тастар, қоқыс сияқты кедергілер. Үйінділер адамдарды соғып кетуі, қайықты қиратуы, т.б. зиян келтіруі мүмкін. Үйіндіні жағасымен айналып өтеді. Ондай мүмкіндік болмаса, ағаштарды шауып немесе кесіп өту керек.
