Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
белсенди.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

33.Жорықтың тактикалық әзірлену кезеңдері

Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау; 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру; 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау; 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін іріктеп алу.

Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерінен өту графигін үнемі реттеп, түзетіп отыру; 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу; 3) әрбір кесіндіден өтуде топтың қимыл тәсілдерін нақты жоспарлау мен іске асыру; 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.

Тактикалық әзірлену кезеңдері: Саяхат ауданын таңдау, топ құрамын анықтау, маршрутты әзірлеу, маршрут ауданын зерттеу, маршрутты рәсімдеу мен жасақтау, саяхат қорытындысын жасау

Саяхат ауданын таңдау

Саяхат ауданын таңдау саяхат мақсатына, қатысушылар мүдделері мен қызығатындығына байланысты..

Саяхат ауданын таңдаған кезде жолдарды, жолға қажетті уақытты, саяхат шығындарын, көптеген басқа да факторларды ескеру қажет. Көмекші, кеңес беруші ретінде әртүрлі ақпарат көздері: кітап, БАҚ, карталар, Интернет, осы өңірді аралаған тәжірибелі адамдар болуы мүмкін

Топ құрамын анықтау

Жас мөлшері, мүдделері, көзқарастары, техникалық, физикалық дайындық дәрежесі жақын болғаны жақсы.

Спорттық топ болса, жорықтың күрделілігіне орай қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптарға, ережеге сәйкес топ құрамы анықталады.

Ереже бойынша, 1-2 күрделілік дәрежесіндегі жаяу, тау, су, велосипед жорықтарының топ құрамы 4 адамнан кем болмауы керек. Шаңғы туризмінің 2 дәрежелік, жаяу, тау, су, велосипед 3 дәрежелік жорықтарының топ құрамы 6 адамнан кем болмауы керек.

Топ тым үлкен болса да жорық қиындап кетеді.

Саяхатқа қатысушылар мен жетекшісіне қойылатын талаптар

Топ жетекшісі бұрын осы күрделілік дәрежедегі саяхатқа қатысып, одан бір дәреже төмен жорықты бұрын басқарған болуы тиіс.

Қатысушылардың тәжірибесі жорық күрделілігіне сәйкес болуы керек.

Топ ішіндегі міндеттер

Алдымен міндеттерді тағайындау қажет.

Топ жетекшісі топтың дайындығы мен спорттық шынығуын басқарады, маршрут әзірлеу мен оның құжаттары үшін жауап береді, саяхатқа ресми рұқсат алады. Жорықта ол басшы, бұйрықтары екі қайталанбай орындалуы міндет.

Жетекшінің орынбасары тәжірибесі бар туристердің арасынан таңдалады. Жетекші шешімдеріне сәйес әрекет орындағандықтан, оның да бұйрықтары орындалу қажет.

Шаруашылық меңгерушісі (завхоз) тамақ пен жабдықталуға жауап береді, олардың есебін жүргізеді, жүктерді (тамақ пен құралдарды) рюкзактар бойынша таратады, ас мәзірін (меню) жасайды, жолда ас қорын толтыру мәселесін шешеді.

Қазынашы жорық алдында ақша жинайды, оны өзі сақтайды немесе сақтау үшін туристердің арасында таратады. Барлық қаржы есебін жасайды.

Санинструктор (фельдшер) дәрі қобдишасын қалыптастырады, оны алып жүреді. Санитарлық-гигиеналық ережелер орындалуын қадағалайды, қажет болса, ағашқы медициналық жәрдем береді.

Күнделік жүргізуші барлық оқиғаларды, жолдағы мәліметтердің барлығын жазып отырады. Топ күнделігіне топтың басқа мүшелері де өздерінің жазуларын қосады.

Фотограф немесе сүретші жорықты толығымен фото немесе сүретпен көрсетеді.

Жөндеуш (ремонтник) сайман мен материалдарға жауап береді, құрал-жабдықтарды жөндейді.

Жорықта бивак жұмыстарын, отын жинау, тамақ пісіру, басқа жұмыстарын кезекшілер орындайды.

Қажет болса, түнгі кезек болады.

Жорыққа дайындалған кезде де туристер әртүрлі міндеттер орындайды. Апта сайын олар кездесіп, жасалған жұмыс, мәселелер туралы ақпаратпен алмасуы керек.

Маршрутты әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық (линейная);

- айналмалы (кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- құрамалы (комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Маршрут ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиет көздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Маршрутты рәсімдеу мен жасақтау

МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Бұған жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б. кіреді.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, бір күнгі демалыс, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 25км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне үйлестіру қажет болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақытқоры болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізіміне топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман кіреді. Құрал-жабдықтар тізімі жорықтың түріне, мақсатына, қиындығына сәйкес болуы қажет.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен бір күнгі демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Шығын есебі. Барлық шығындар: тамақ, көлік, экскурсиялар, туған күндер, кіру төлемдері, пара және т.б. есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау (контроль) нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі..

Қаүіпсіздік мәселелері арнайы тарауда қарастырылады.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұқсат алу керек. Рұқсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.

Топтың маршрутқа шығуына дайындығы

Оның алдында аталған шаралармен бірге топ тренинг (шынығу) жасау керек. Шынығу кезеңдері мен тәртібі арнайы тарауда қарастырылады.

Жорықтың алдында міндетті түрде медициналық байқаудан өту керек, сонымен қатар, топтың мүшелері қажетті егулерді жасауы қажет, және де тіс дәрігеріне барып, тісін емдеуі міндетті.

Топ мүшелері мен жетекшісі қажетті құрал-жабдықтарды, киімді, қажетті құжаттарды тегістеп, тексеруі міндет. Маршрутқа қажетті азықты сатып алғаннан кейін оны реттеп, тізімін жасап, жорыққа ыңғайлы түрде тыстап, ыдыс-қаптарға салып жинақтау керек.

Саяхат қорытындысын жасау

Жорықтан кейін есеп беріледі.

Есеп тараулары мынадай болуы мүмкін.

«Жорық ауданының жалпы сипаттамасы». Тарауға географиялық ерекшеліктері, жер бедері, климат, температураның амплитудалары, жауын-шашын мөлшері мен түсу мерзімдері, жел күші мен негізгі бағыттары, қар шекарасы, орман шекарасы, гидрография, өзен ағысы, тереңдігі, қайраңдары, табалдырықтары, сарқырамалары, көлбеуі, топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі, жеуге келетін және шипалы өсімдіктер, аң мен балық аулау мүмкіншіліктері, пайдалы қазбалар, жолдар, елді мекендер туралы мәліметтер кіреді.

Тарау соңында әдебиет тізімі мен кеңес берушілер аттары келтіріледі.

«Жорыққа дайындық» тарауында қатысушылар тізімі, тәжірибесі, олар өткен жорықтары, жорықтағы міндеттері, ауданды таңдау себебі, маршрут әзірлеу тәртібі, мақсаттар мен міндеттер келтіріледі.

Тамақ рационы, азық-түлік қоры, сатып алған жері, дәрілер тізімі.

Жоспарланған және шын мәнінде жұмсалған қаржы шығыны салыстырылады.

Құрал-жабдықтар тізімі.

Топ жүгі мен топ мүшелеріне бөлінуі.

Бақылау нүктелері мен уақыт.

«Жорық күнделігі» тарауында күн тәртібі, оқиғалар, туристердің хал-күйі, ауа райы, ауа температурасы, жел күші мен бағыты, жауын-шашын, қар қалыңдығы, қозғалыс туралы мәліметтер, бивактар, өткен жолы, километраж, уақыт, тұрмыс, экскурсиялар, т.б. көрсетіледі.

«Маршруттың техникалық сипаттамасы» тарауында қозғалыс тәртібі, бағдарлар, асулар, өткелдер, қаүіпті жерлер және олардан өту әдістері, қаүіпсіздік шаралары туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар, отын, ауыз су, бивактарға қолайлы орындарының бар-жоғы туралы мәліметтер кіреді.

«Жорық қорытындылары» тарауында өткен жорық қиындықтары, оның танымдық маңызы, құрал-жабдықтардың сипаттамалары, басқа топтарға берілетін кеңестер беріледі.

Есепке қосымша масштабы 1: 1000000-дан ірі масштабтағы маршрут схемасы болады. Ерекше қиын жерлерді ірі масштабтағы схемалар, фотографиялар, сызбалар арқылы көрсеткен жөн. Схемада түнеу мен демалыс орындарын, баспана мен отынның бар-жоғын көрсету керек.

Есепте фотографиялық есеп болу керек. Онда барлық маңызды жерлердің сүреті болу керек, белгілі жерлерде рюкзактарды алдына қойып топ толық құрамында түсу қажет. Фотографиялар ақпарат болуымен бірге маршруттан өту дәлелі, кепілі болады.

34-35 Топографиялық карталар

Карта жасау үшін әртүрлі математикалық проекциялар қолданылады. Жерді ңформасы шар, элипс. Проекцтялардың негізгі 3 түрі бар:

целиндрлік, конустық, азимуттық.

Ал карталардың негізгі түрлері: жалпыгеографиялық карталар, арнайы карталар.

Топографиялық карталар жалпыгеографиялық карталар қатарына жатады. Онда жер бедерң, өсімдік жамылғысы, гидрография, елді-мекендер және де т.б. әртүрлі жасанды объектілер көрсетіледі. ОЛбъектілер масштабты және масштабтан тыс шартты белгілдермен бейнеленеді. Топографиялық карталардың белгілі бір масштабтық қатары бар:

1 :1000000

1:500000

1:200000

1:100000 Топографиялық карталар

1:50000

1:25000

1:10000

План:

1:5000

1:2500

Картаның бір бетін номенклатурамен белгілейді.

λ - бойлық

φендік

у – шартты түрде батысқа 500 км-ге ығыстырылған әрбір зонаның орталық меридианнан алынған арақашықтығы.

Топографиялық картада жасанды жер бедері қара түспен, табиғи қоңыр түспен белгіленеді.