Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
23.01.2020
Размер:
236.68 Кб
Скачать

10. Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары

омпьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:

•мәліметтерді енгізу кұрылғылары; пернетақта джойстик цифрлы фотокамералар сканерлер

• мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары; принтер

•мәліметтерді сақтау құрылғылары; Магниттік дискілер мен лазерлік дискілер, құрылғыларына

• мәліметтермен алмасу кұрылғылары.Модемдер

11. Енгізу қурылгылары

Мәліметгерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тышқан, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тышқаннан айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналган құрылгылар

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар колданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

12.Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару кұралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүркіш және термографиктік деп бөледі.

Матрицалық принтерде кескін бояғыш таспа бойынша (по красящей ленте) ине соғатын нүктеден пайда болады. Электр магнитке келіп түскен басқару сигналының ықпалымен инелер қағазға із қалдыра отырып, таспадан бояуды «қағьш шығарады».

Бүріккіш принтерде кескін пысылдақтың (сопел) көмегімен қағазға үрленген (бүріктірілген) арнайы сияның микротамшыларымен (микрокаплями специальных чернил) беріледі. Басудың бұл əдісі матрицалық принтермен салыстырғанда ең жоғары сапада басылуды қамтамасыз етеді əрі түрлі -түсті етіп басуға өте қолайлы болады.

Лазерлік принтерлер казіргі уақытта жақсы сапамен басуды (баспаханаға жуық) қамтамасыз етіп отыр, Бұл принтерде басу үшін ксерография принципі пайдаланылады: кескін бояу түйіршіктері электр тартылатын арнайы барабаннан қағазға кешіріледі.Əдетгегі ксерокөшірмелі аппараттан айырмашылығы – басушы барабан компьютердің командасы бойынша лазердің көмегімен электрленеді. Лазерлік принтерлер өте қымбат болса да құжаттарды саналы басатын ең қолайлы құрылғы болып табылады

13.Есептеу техникасын қолдану салалары

Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын.

Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды.

Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады.

Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]