Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.68 Кб
Скачать

72.Интернет.Интернетке қосылу.Интернет қызметтері.

Internet- əлемдегі ең үлкен компьютерлік байланыс желілерінің бірі. Алғаш АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін жасалған бұл жүйеніңқолданушыларысанысанаулығанаболған,қазірсаныкүннен-күнгекөбеюде.Internetсөзіқазақшахалықаралықжелідегенмағынаныбілдіреді(International

–халықаралық, network - желі). Мұнда пайдаланушы өзін қызықтыратын мəселелерібойыншажелідегі дүниежүзікомпьютерлеріменбайланысжасайалады

Компьютерді іске қосу үшін оны тұрақты IP бар басқа компьютермен байланыстыру қажет осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис провайдерлер деп аталады. Мысалы Алматы қаласында Интернет трейнинг орталығы Қазақтелеком Астел Арна Спринт т.б. сервис провайдерлер жұмыс істейді.Ірі мекемелер Интернетке жергілікті желілерін тұрақты түрде қосып өдері интернеттің бір бөлігі бола алады.Кішігірім мекемелер мен жеке адамдар Интернетке провайдер мекемелер арқылы, мысалы телефон желісі бойынша қосыла алады. Модем компьютерді телефон желісі арқылы Интернет желісіне қосуға арналған арнайы құрылғы.

Интернет көрсететін қызметтер

Интернеттегі жұмыс туралы немесе интернетті қолдану туралы сөз болғанда шындығында əңгіме жалпы интернет жайлы емес, тек оның көптеген қызметтерінің біреу немесе бірнешеуі жайлы айтылады.

Желі клиенттері нақты мақсаттары мен мүдделеріне байланысты өздеріне қажетті қызметтерді ғана пайдаланадыОлардың ережеге сай орындалуын арнайы программалар қадағалап, қамтамасыз етіп отырады. Интернеттің қайсыбір қызметті пайдалану үшін компьютерге осы қызмет хаттамасы бойынша жұмыс істей алатын программаны орнату керек. Олар клиенттік программалар немесе жай клиенттер деп аталады. Мысалы, Интернетте файл тасымалдау үшін арнайы қолданбалы хаттама FTP (File Transfer Protocol) қолданылады. Осыған сəйкес, интернеттен файл алу үшін: Компьютерде FTP клиенті болып табылатын (FTP- клиент) программа болуы; FTP қызметін көрсететін сервермен (FTP – сервер) байланыс орнатылуы керек. Электрондық поштаны пайдалану үшін жолдамаларды жолдау жəне қабылдау хаттамаларын бұлжытпай орындалуы керек. Ол үшін программа (пошта клиентін) мен пошта серверімен байланыс орнату керек. Қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызметі – World Wide Web (WWW) қызметі.

World Wide Web – Web-серверлерде сақталған, өзара байланысқан миллиондаған электрондық құжаттардан тұратын біртұтас ақпараттық кеңістік. Web кеңістігін құрайтын жеке құжаттарды Web-беттер деп атайды. Тақырыптың біріктірілген Web-беттер топтарын Web-тараптар (Web-сайт) деп атайды.

Web-беттердің қарапайым мəтіндік құжаттардан айырмашылығы,олар нақты тасығышқа байланбай өрнектелген. Бейнелеу олардың клиенттің компьютерінде шақырғанда , шолушы программаның баптауларына сəйкес орындалады .

Web- беттерді қарауға арналған программаларды броузерлер (толушылар ) деп атайды . Броузер құжатты экранға құжаттың авторы оның мəтініне енгізген бұйрықтарды басшылыққа алып шығарады . Ол бұйрықтар тегтер деп аттайды. Тегтерді жазу ережелері гипермəтіндерді теру тілі – HTML (Hyper Text Markup Language) –нұсқауларында қарастырылған .

HTML тегтері көмегімен жүзеге асырылатын Web-беттердің ең маңызды бөлігі – гипермəтіндік сілтемелер . Мəтіннің кез-келген фрагментімен немесе, мысалы, суретпен, тегтер көмегімен басқа Web-құжатты байланыстыруға, яғни гиперсілтеме орнатуға болады. Бұл жағдайда гиперсілтеме болып табылатын мəтінді немесе суретті тышқанның сол жақ бастырмасымен шерткенде жаңа құжатты жеткізуге (бейнелеуге) сұраныс жіберіледі. Бұл құжат құрамында да өз кезегінде , басқа құжаттарға нұсқайтын гиперсілтемелер болуы мүмкін.

Жүз миллиондаған құжаттар арасындағы гипермəтіндік байланыс əрбір құжаттың өз жеке-дара адресі болуына негізделген . Кезкелген файлдың адресі дүниежүзілік маштабта ресуртардың біріңғайланған адресі –URL-арқылы анықталады.

URL- адресі үш бөліктен тұрады:

1. Аталған ресурсқа қол жеткізетін қызметті көрсету (əдетте осы қызметке сəйкес қолданбалы хаттаманың атымен белгілемелері. Мысалы www қызметі ұйым жасалған қолданбалы хаттама HTTP (Hyper Text Transter Protocol-гипермəтінді тасымалдау хаттамасы). Хаттаманың атынан кейін қоснүкте (:) мен екі «/» (қисық сызық) белгісі қойылады:

http://...

2. Аталған ресурс сақталған компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету:

http://www.abcde.com…

3. Сол компьютердегі файлға қол жеткізетін толық жолды көрсету. Ажыратқыш ретінде «/» (қисық сызық) символы қолданылады:

http://www.abcde.com/Files/New/abcdefg.zip

URL-адресті тергенде символдардың регистрін сақтаған жөн. Интернетте Бас əріптер мен жай əріптер əр түрлі деп саналады.

Броузерлердің негізгі қызметі мыналар:

  1. құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату жəне қысқа құжаттардың барлық компоненттерін жүктеу;

  2. HTML тілі тегтерін талдау, Web-бетті браузер жұмыс істейтін компьютердің мүмкіндіктеріне сəйкес пішімдеп, бейнелеу;

  3. Web-беттер құрамындағы мультимедиалық жəне басқа нысандарды бейнелеу жабдықтарын, сондай-ақ, программаны жаңа түрпаттарға нысандармен жұмыс жасауға баптау мүмкіндіктерін беретін кеңейту механизмдерін ұсыну;

  4. Web-беттерді іздеуді автоматтандыруды қамтамасыз ету жəне бұрын қаралған Web-беттерге қол жеткізуді жеңілдету;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]