Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
akparat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
236.68 Кб
Скачать

30.Ож.Сыныптамасы. Ms dos

Операциялық жүйелер (ОЖ) жүйелі программалы етудің негізі болып табылады. Операциялық жүйесіз осы заманғы компьютердің аппараты мен программасына қатынау (яғни компьютердің аппараты мен программасына еніп, жұмыс істеу) мүлдем мүмкін емес. Барлық аппарат, сондай-ақ программа құралдарына пайдаланушы операциялық жүйе деп аталатын делдал арқылы ғана қол жеткізе алады.

Операциялық жүйе – барлық программаның, ЭЕМ аппараты құралдарының жəне желілердің жұмысын жүргізуді қамтамасыз ететін программалар кешені.

Компьютерді қоректендіруге қосқанда ең алдымен ОЖҚ-ға ЭЕМ-ның жұмысқа жарамдылығын тексеруді жəне одан кейінгі жұмысын басқаратын операциялық жүйе жүктеледі (загружаются). Операциялық жүйе компьютердің қосылған сəтінен бастап жұмыс істейді, ал компьютер ажыратылған сəттен бастап ол жұмыс істеуін тоқтатады. Егер компьютер жергілікті желіден ажыратылған болса, онда оны қызмет көрсетуші персонал қосып береді.

Дербес жұмыс істейтін компьютерді қосудың рет-тəртібі өте қарапайым:

1. Модем, дыбыс колонкасы, принтер, сканер жəне т.б. аса қажетті сыртқы құрылғылардың электрлік қоректендіргіші ерікті рет-тəртібімен қосылады2. Дисплейдің электр қоректендіргіші қосылады (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Соңғы сəтте Роwer кнопкасын басу арқылы компьютердің жүйелік блогын қосады.

Компьютерді ажырату (сөндіру) керісінше рет-тəртіппен жүзеге асады:

1. Алдымен Роwer кнопкасын басу арқылы жүйелік блогы қосылады.

2. Содан кейін дисплейдің электр қоректендіргіші сөндіріледі (егер дисплейдің қоректендіргіш жеке кнопкасы болса ғана).

3. Ерікті рет-тəртіппен бұрын қосылып қойылған барлық сыртқы құрылғылардың электр қоректендіргіші сөндіріледі.

Əрбір үлгідегі компьютердің жеке операциялық жүйесі болады. Біріктірілген дербес компьютер ІВМ үшін бірнеше əр түрлі операциялық жүйелер əзірленеді: MS DOS, Windows, OS/2, Unix жəне тағы басқалар. Операциялық жүйелердің ішінде бір жолғы пайдаланылатын əрі бір программалы MS DOS операциялық жүйесі ең қарапайым деп саналады.

MS DOS операциялық жүйесінің алғашқы нұсқасы 1981-1982 жж. əзірленген болатын. MS DOS пайда болғалы бері осы жүйенің көптеген нұсқалары мен үлгілері əзірленді. MS DOS 6.22. ең соңғы нұсқасы. MS DOS – командалық (текстік) ОЖ. Бұл мынаны білдіреді: қажетті операцияларды орындау үшін пернетақтаның көмегімен тиісті команданы теру қажет. Мұндай енгізу (ввод) қолайсыз жəне көптеген қателіктердің пайда болуына əкеп соғады.

Дискілік операциялық жүйенің көмегімен жұмысты қамтамасыз ету үшін операциялық қоршам деп аталатын графикалық қондырма жасалды. Қоршамдар тəуелсіз программа болып табылмайды, олар тек операциялық жүйелермен бірігіп қана жұмыс істей алады. Олар (қоршамдар) сол үшін де (операциялық жүйелер) жасалынған. MS DOS үшін бірнеше əр түрлі қоршамдар жасалды -QDos, Dos Shell, Norton Commander, Volkov Commaner, Windows 3x осылардың ішіндегі ең əйгілі қоршамдар – Norton Commander (NС), Volkov Commaner (VС).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]